Әлемнің ең керемет әуежайлары презентация

Содержание

Слайд 2

Схипхол Амстердам әуежайы

Схипхол Амстердам әуежайы Нидерланд астанасы Амстердамда орналасқан еӊ басты әуежай.Жылына 49,8

млн. жолаушы қабылдайды. Схипхол әуежайы 1916 жылы ашылған. Алғашында әскери әуежай болған. Кейіннен халықаралық әуежайға айналып, әлемде жолаушылар көп қабылдайтын әуежайлардың бірі атанды.

Слайд 3

Схипхол әуежайының ерекшелігі әрбір жолаушыға өзінің ұшағын күту барысында әуежай ішінде покер ойнауына,

массаж қабылдауына не болмаса әуежай кітапханасында кітап оқуына жағдай жасалған. Схипхол өзінің атақты мейрамханаларымен әлемге танымал.

Слайд 4

Абдул-Азиз патшаның «Қажылық» («Хадж») әуежайы (Сауд Арабиясы)

Әуежайдың ерекшелігі – оның жылына алты апта

ғана жұмыс жасайтындығында жатыр. Әуежай мұсылмандар қауымы Меккеге қажылық жасауға сапар шегетін мезгілде ғана өз қызметіне кіріседі. Басқа уақыттары әуежай іші бос тұратындығымен, қажылық уақытында мұнда келетін халық санында шек болмайды.
Сондай-ақ, мұнда әйнек талшығынан жасалған 210 ақ шатыр бар. Осы шатырлардың арқасында аңызақ далада орналасқан терминал іші ешқандай кондиционердің көмегінсіз салқын болып тұрады.

Слайд 5

Испаниядағы Бильбао әуежайы Испаниядағы ең үлкен әуежай терминалының жобасын атақты сәулетші Сантьяго Калатрав жасаған. Frommer’s

жолкөрсеткіші шабылған қисық бұрыштар кейпінде тұрғызылған ғимаратқа "әуежайдың ең көрікті бұрыштарының бірі" деген баға берді.

Слайд 6

Испаниядағы Мадрид-Барахас әуежайы

Толқын кейіптес шатыры бар аса үлкен емес және жарық бұл терминалдың

жобасын жасаушылар Ричард Роджерс және Антонио Ламела атты сәулетшілер. Олар 2006 жылы әлемдік деңгейдегі сәулетшілер байқауында RIBA Stirling сыйлығын жеңіп алды. Мұнда ат басын тіреген жолаушылардың сөзіне сенсек, әуежайдың тиімділігі соншалықты, адам ығы-жығы болған күннің өзінде, көпшіліктің жағымсыз әсерін сезінбей, әуежайда өзіңіз ғана жүргендей сезімде боласыз.

Слайд 7

Сеулдегі Инчхон әуежайы

Мұнда жүріп түрлі воркшоптарға қатысып, ұлттық киімдерді киіп суретке түсуге болады.

Жолаушыларға арналған интернет-кафелерге, мұражайларға бас сұғып, арнайы орындарда бір сағаттай мызғып алуға болады.

Бұл әуежай «Ең керемет» деген тізімге өзінің ойын-сауық кешендерінің арқасында енді. Көптеген адамдар әуеге көтерілу алдында қобалжып жатады. Осындай ыңғайсыздықтың алдын алу мақсатында ұйымдастырылған мұндай бұрыштар бүгінде көпшіліктің көзайымына айналып үлгерген.

Слайд 8

Веллингтон әуежайы (Жаңа Зеландия)

Әуежайды ең ұсқынсыз ғимарат деп атауға болады. Бұл әрине әуежайға

қатысты пікір. Майысқан ғимараттар бір-бірімен тығылмақ ойнап жүргендей көрінеді. Ерекше әрі күлкілі терминал жобасын Studio Pacific Architecture» және «Warren & Mahoney» атты дизайнерлік фирмалары жасаған.

Слайд 9

Чанги әуежайы

Сингапур әуежайының ерекшелігі, бұл әуежайда жолаушылыр үшін ашық бассейн, үлкен табиғи бақ,

кинотеатр, балаларға арналған ойын орталығы және т.б. көптеген мүмкіндіктер жасалған.
Чанги әуежайы қатарынан екінші жыл әлемнің ең үздік әуежайы атағына ие болды. Жолаушылар қауіпсіздігі, иммиграциялық бақылау, тазалығы және т.б тұрғылардан үздік деп танылды.

Слайд 10

Мюнхен әуежайы

Германияның жолаушы көп қабылдайтын әуежайларының бірі. Мюнхен әуежайынан әлемдегі ең әдемі терминалдарды

кездестіре аласыз.

Европанын үздік поезі арқылы әуежайдан қала орталығына дейін 45 минутта жетуге болады.  
Өзінің атақты мейрамханалары мен сауда орталығы арқылы жоғарғы балл жинаған.

Слайд 11

Цюрих әуежайы

Цюрих әуежайы Швейцарияның ең үлкен және ең көп жолаушы қабылдайтын әуежайы атағына ие. Әуежай

2003 жылы аумағы жағынан кеңейтіліп, жаңа терминалдар қойылды. Сонымен қатар, жолаушыларды қалаға жеткізетін Skymetro атты жерасты поезі іске қосылған.
Цюрих әуежайы қауіпсіздігі жағынан және иммиграциялық бақылау тұрғысынан жоғарғы көрсеткішке ие болды.

Слайд 12

Ванкувер әуежайы 

Үздік он әуежайдың ішінде ең аз жолаушы қабылдайтын Ванкувер әуежайы, өзінің атақты

өнер мұражайымен әлемге танымал. Төрт жыл қатарынан Солтүстік Американың үздік әуежайы атағына ие болып келе жатқан бұл орын, аумағын үлкейту үшін жұмсалған 1,4 миллиард доллар ақшаны толықтай ақтап отыр. Сапалы қызмет көрсету жағынанан жоғары бағаланған. Ерекшелігі сол, әуежайда жасыл түсті киім киген ерікті адамдар келген жолаушыларға көмек көрсету арқылы қызмет сапасын артырады.
Имя файла: Әлемнің-ең-керемет-әуежайлары.pptx
Количество просмотров: 66
Количество скачиваний: 0