Медициналық ғылымның негізгі терминдері мен ұғымдары презентация

Содержание

Слайд 2

Жоспар

Ғылыми терминология туралы түсінік
Ғылыми терминология фактілер мен қағидалары (постулаттары,аксиомалары).
Ғылым терминологиядағы ғылыми

Жоспар Ғылыми терминология туралы түсінік Ғылыми терминология фактілер мен қағидалары (постулаттары,аксиомалары). Ғылым терминологиядағы
заңдар (тұжырымдама, парадигма,теория).
Ғылыми-зерттеу пәні және объектісі.
Ғылыми мансап және ғылыми дәреже .
Медициналық ғылымның негізгі терминдері мен ұғымдары (Ғылым туралы заң).
Медициналық ғылымның негізгі терминдері мен ұғымдары (Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі).

Слайд 3

Терминдер - ғылым, техника, өндіріс т.б. салаларындағы ұғымдар мен жеке

Терминдер - ғылым, техника, өндіріс т.б. салаларындағы ұғымдар мен жеке сөздердің атаулары. Терминдер
сөздердің атаулары. Терминдер тек тура мағынада қолданылатындығымен ерекшеленеді, мағына үнемі тұрақты болады. Терминдерді арнаулы сөздер деп те атайды.
Терминология - өндіріс пен техниканың, ғылым мен өнердің әр саласына тән терминдердің жиынтығы.
Ғылыми терминологияның дамуына тікелей әсер ететін сыртқы факторлардың қатарына ғылым мен техниканың даму деңгейін, ұлт тілінің қоғамдағы алатын орны мен елдің тіл саясатын жатқызуға негіз бар.

Ғылыми терминология туралы түсінік

Слайд 4

Ғылыми терминология фактілер мен қағидалары (постулаттары,аксиомалары)

Ғылыми терминология фактілер мен қағидалары (постулаттары,аксиомалары)

Слайд 5

Тұжырымдама (көзқарастар жүйесі) - белгілі бір тәсілді түсіну, қандай да

Тұжырымдама (көзқарастар жүйесі) - белгілі бір тәсілді түсіну, қандай да бір құбылыстардың түсіндірілуі,
бір құбылыстардың түсіндірілуі, негізгі көзқарас, әлемде, табиғатта, қоғамдағы бір-бірімен өзара байланысын анықтайды.
Парадигма (гр. үлгі деген сөз)
зерттелетін мәселені шешу үшін үлгі ретінде алынған теория;
теориялық көз-қарастардың, методологиялық принциптердің, әдістемелік қабылдаудың және эмпиризмдік нәтижелердің бірігу жүйесі;
ғылымның белгілі бір даму кезеңінде ғылыми қауымдастықпен қабылданған және болжамдарды ғылыми ұғыну үшін, ғылыми таным процесінде туатын міндеттерді шешу үшін үлгі, модель, стандарт ретінде пайдаланылатын теориялық және әдістемелік ережелер жиыны.

Ғылым терминологиядағы ғылыми заңдар

Слайд 6

Теория (гр. theorіa – пайымдау, анықтау)– белгілі бір құбылыстың, шындықтың заңдылықтары мен байланыстары

Теория (гр. theorіa – пайымдау, анықтау)– белгілі бір құбылыстың, шындықтың заңдылықтары мен байланыстары
жайлы жан-жақты, толық мағлұмат беретін тұжырым.
Гипотеза (гр. ὑπόθεσις — негізгі, жорамал) — белгілі бір құбылысты түсіндіру үшін алға тартылатын және тәжірибе түрінде тексеруді және сенімді ғылыми теория болып қалыптасу үшін теориялық негізді талап ететін ғылыми болжам, дәлелденбеген тұжырымдама, жорамал.

Слайд 7

Объектісі — өзіндік қасиеттері бар, белгілі бір ғылым саласы зерттейтін объективті

Объектісі — өзіндік қасиеттері бар, белгілі бір ғылым саласы зерттейтін объективті және субъективті
және субъективті шындықтың бөлігі.
Пәні — бұл шекаралар аясында орналасқан объект.

Ғылыми-зерттеу пәні және объектісі

Слайд 9

Медициналық ғылымның негізгі терминдері мен ұғымдары

Ғылым туралы заң

(Қазақстан Республикасының 2011

Медициналық ғылымның негізгі терминдері мен ұғымдары Ғылым туралы заң (Қазақстан Республикасының 2011 жылғы
жылғы 18 ақпандағы N 407-IV Заңы)

Слайд 15

Этика мәселелері жөніндегі комиссиял­ар­- денсаулық сақтау ұйымдарының базасында жүргізілетін зерттеулерді тәуелсіз

Этика мәселелері жөніндегі комиссиял­ар­- денсаулық сақтау ұйымдарының базасында жүргізілетін зерттеулерді тәуелсіз бағалау үшін
бағалау үшін осы ұйымдарынан құрылады, құрамына денсаулық сақтау, ғылым, құқық саласындағы мамандар, діни конфессиялар мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері кіре алады.

Слайд 16

Патенттік зерттеулер - техника нысаны дамуының техникалық деңгейі мен бағыт-бағдарын, оның патенттік қабілеті мен патенттік тазалығын

Патенттік зерттеулер - техника нысаны дамуының техникалық деңгейі мен бағыт-бағдарын, оның патенттік қабілеті
патенттік және басқа ғылыми-техникалық ақпараттың негізінде зерттеу.
Патенттік-ақпараттық зерттеулер – (патенттік іздеу) жүргізу ғылыми зерттеу немесе тәжірибелік-конструторлық жұмыстар не дипломдық жоба тақырыбы бойынша патенттік-ақпараттық зерттеулер жүргізугетапсырмалар құрастыру.

Слайд 17

Медициналық ғылымның негізгі терминдері мен ұғымдары

Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі

Медициналық ғылымның негізгі терминдері мен ұғымдары Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі (Қазақстан

(Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі N 193-IV Кодексі)

Слайд 18

Медицина ғылымының сөздік қорының негізгі бөлігі грек, латын тіліндегі лексикадан тұрады.

Медицина ғылымының сөздік қорының негізгі бөлігі грек, латын тіліндегі лексикадан тұрады. Дүниежүзілік тілдік
Дүниежүзілік тілдік айналымда жүрген бірнеше жүз мыңдаған медицинаға қатысты терминдер бар. Соңғы ғылыми жаңалықтармен байланысты терминдер жыл сайын медициналық лексикамызға қосылып отырады.

Медицина ғылымының негізгі терминдері

Слайд 19

1.Медицина (лат. medicina: medicus — дәрігерлік, емдік) — адамдардың денсаулығын сақтау мен нығайту, сырқаттарды

1.Медицина (лат. medicina: medicus — дәрігерлік, емдік) — адамдардың денсаулығын сақтау мен нығайту,
емдеу мен аурудың алдын алу, денсаулық және жұмысқа қабілеттілік жағдайында, адамзат қоғамында ұзақ өмір сүруге жетуді көздейтін тәжірибелік іс-әрекеттің және ғылыми білімдердің жүйесі.
3.Халықтық медицина (емшiлiк)  - халық жинақтаған емшiлiк құралдар туралы тәжiрибелiк мәлiметтердiң, сондай-ақ емшiлiк және гигиеналық тәсiлдер мен дағдылардың жиынтығы және оларды денсаулық сақтау, аурулардың алдын алу мен емдеу үшiн iс жүзiнде қолдану; 
2.Медициналық генетика  — тұқым қуалайтын аурулар, олардан сақтану, оларды анықтау және емдеу туралы ғылым.

Медицина ғылымының негізгі терминдері

Слайд 20

4. Медициналық қызмет - жоғары немесе орта кәсіптік медициналық білім алған

4. Медициналық қызмет - жоғары немесе орта кәсіптік медициналық білім алған жеке тұлғалардың,
жеке тұлғалардың, сондай-ақ заңды тұлғалардың азаматтардың денсаулығын сақтауға бағытталған кәсіптік қызметі
5. Медицина қызметкерлері - кәсіптік медициналық білімі бар және медициналық қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар.
6. Пациент - көрсетiлетiн медициналық қызметтердiң тұтынушысы болып табылатын (болып табылған) жеке адам; 
7.  Емдеу - ауыруды жоюға, оның бетін қайтаруға және (немесе) барысын жеңілдетуге, сондай-ақ оның асқынуының алдын алуға бағытталған медициналық қызметтер көрсету кешені;

Медицина ғылымының негізгі терминдері

Слайд 21

8. Денсаулық - аурулар мен дене кемістіктерінің болмауы ғана емес, тұтастай

8. Денсаулық - аурулар мен дене кемістіктерінің болмауы ғана емес, тұтастай тәни, рухани
тәни, рухани (психикалық) және әлеуметтік саламаттылық жағдайы;
9. Денсаулық сақтау - аурулардың алдын алуға және оларды емдеуге, қоғамдық гигиена мен санитарияны қолдауға, әрбір адамның тәни және психикалық саулығын сақтап, нығайтуға, оның ұзақ жыл белсенді өмір сүруін қолдауға, денсаулығынан айырылған жағдайда оған медициналық көмек ұсынуға бағытталған саяси медициналық сипаттағы шаралар жүйесі;
10. Диагностика - аурудың болу немесе болмау фактісін белгілеуге бағытталған медициналық қызметтер көрсету кешені;
11. Дәрілік препарат - белгілі бір дәрілік нысандағы дәрілік зат;

Медицина ғылымының негізгі терминдері

Слайд 22

12. Эвтаназия - аурудың бетi берi қарамайтын жағдайда, науқастың қандай да

12. Эвтаназия - аурудың бетi берi қарамайтын жағдайда, науқастың қандай да бiр iс-әрекетпен
бiр iс-әрекетпен немесе құралдармен, соның iшiнде дәрiлiк немесе өзге де заттарды енгiзу арқылы, сондай-ақ өмiрiне дем берiп тұрған жасанды шараларды тоқтату арқылы өз өлiмiн жеделдету туралы өтiнiшiн қанағаттандыру.
13. Профилактика - аурулардың пайда болуының, олардың ерте сатыда өршуінің алдын алуға және орын алған асқынуларды, ағзалар мен тіндердің бүлінулерін бақылауға бағытталған медициналық және медициналық емес іс-шаралар кешені;
14. Эпидемия - инфекциялық аурулардың әдетте тіркелетін науқастану деңгейінен айтарлықтай жоғары деңгейде жаппай таралуы;

Медицина ғылымының негізгі терминдері

Слайд 23

http://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z010000225
http://adilet.zan.kz/kaz/docs/K090000193_

Пайдаланылған әдебиеттер

http://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z010000225 http://adilet.zan.kz/kaz/docs/K090000193_ Пайдаланылған әдебиеттер
Имя файла: Медициналық-ғылымның-негізгі-терминдері-мен-ұғымдары.pptx
Количество просмотров: 76
Количество скачиваний: 0