Қазақ ғарышкері презентация

Содержание

Слайд 2

- Тоқтар Әубәкіров пен Талғат Мұсабаев туралы мәтінде көтерілген мәселелерді салыстырып, баға беру.


8. О6. Тақырып бойынша бірнеше мәтінде көтерілген мәселелерді салыстыра отырып, баға беру.

8. А4. Идеялық жағынан ұқсас мәтіндердегі оқиғалар желісіне бақылау жасай отырып, мазмұнның дамуын салыстыру және талдау.

- Тоқтар Әубәкіров пен Талғат Мұсабаев туралы мәтін мазмұнының дамуын салыстырып, талдау жасау.
- Мәтіндердегі мәселелерді айқындайды;
- Мәселелерге баға береді.

Мәтін мазмұнының дамуын салыстырып, талдау жасайды.
Оқу мақсаттары:
Сабақ мақсаттары:

Бағалау критерийі:

Слайд 3

- Қазақтың ғарышкерлері туралы тағы қандай қызықты оқиғалар, ақпараттар білесіңдер?

Қазақ ғарышкерлері туралы өздеріңіз

білетін мәліметтерден мына ақпараттардың дұрыс/бұрыстығын анықтаңыздар.

Слайд 4

Халық қаһарманы - народный герой
Әуестену - проявлять интерес; увлекаться
Бетін қақпау - не отказывать
Анық

білу – знать точно
Мансап – должность, положение

Жаңа сөздермен жұмыс

Слайд 5

Дескриптор:
Мәтіндердің мазмұнын анықтайды;
Мәтіндердегі көтерілген мәселелерді анықтайды;
Мәтіндердің ортақ мәселесін табады;
Пікірге өз көзқарасын білдіріп,

баға береді.

Тыңдалым. Оқылым. 1-тапсырма. Тоқтар Әубәкіров пен Талғат Мұсабаев туралы төменде берілген мәтінді оқыңыздар. Мәтіндерде көтерілген мәселелерді салыстырып, пікірге өз көзқарасыңызды білдіріп, баға беріңіздер.

Слайд 6

Құдайдың белгісі: ана түсіндегі "әппақ көбелек"
Халық қаһарманының ұшқыш болатыны, негізінен, әу бастан, болжанған.

Оған анасының көрген түсі түрткі болыпты. Түсінде анасына әлдеқайдан шыққан бір дауыс «Ұста қолыңа, мынаны" дептi. Ал қолын ашып қараса, аппақ бiр әдемi көбелек отыр екен. Сондықтан анасы баласын «Аппақ көбелегiм" деп еркелетiп кетіпті. Өзі де жиі еститін бұл сөздерден соң ұшуды қатты армандапты. Содан кейін де кішкене күнінде бос уақытында ол аэроклуб үйірмесіне қатысып, парашюттен секіруге әуестенеді.
Кейін орта мектепті бітірген соң, Армавирдегі ұшқыштар училищесіне оқуға түседі. Бастапқыда анасы бұдан хабардар болмайды. Оны туыстары арқылы анасына жеткізеді. Жалғыз ұлының қасында болмайтынын білген ана қатты қамығып, ақырында батасын берген. "Сен туғанда-ақ ұшқыш болатыныңды сезген ем. Қайтейiн, қимасам да бетiңнен қақпаймын. Дегенiңе жет, балам!" деген екен анасы.
https://sputniknews.kz/spravka/20190404/9742534/garyshker-Toktar-Aubakirov.html

Мәтін. Тоқтар Әубәкіров пен Талғат Мұсабаев туралы мәтінді тыңдап, оқыңыздар.

«Бүгінгі жылдар белесінен кейінге көз салып ойланып отырсам, ғарышкер болу туралы мен көк аспанға қарап айтыппын. 1961 жылы сәуірдің 12-сі болатын, мен 10 жаста едім. Алматыдағы №58 мектептің оқушыларын аяқ асты линейкаға жинап, тамаша жаңалық айтты: ғарышқа алғашқы адам - Юрий Алексеевич Гагарин ұшты! Сонда не болғанын көрсеңіз, қуана секіріп «Ура!», «Мен-ғарышкермін!» деп айқайлаған балаларға мұғалімдер ие бола алмай қалып еді. Мен де көк аспанға қарап, «Ғарышта - Талғат Мұсабаев!» деп айқайладым. Достарымның естіген-естімегенін білмеймін, бірақ ғарышкер болу туралы арман жүрегіме дәл сол сәтте ұялап еді. Мен ұшқыш болатынымды анық білетінмін, себебі ата-анам мені ұшқыш Талғат Бигелдиновтың құрметіне атаған ғой. Міне сөйтіп, ата-анам: әкем - Амангелді, журналист, анам - Салиха, дәрігер, соғыс ардагері, екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Талғат Бигелдинов және Юрий Гагарин менің тағдырымда және ғарышкер ретіндегі мансабымда басты роль ойнады», дейді ғарышкер.
https://www.inform.kz/kz/garyshka-yntyk-adam-arkashan-zhasampazdyk-zholynda-enbek-etedi-halyk-kaharmany-talgat-musabaev_a2207961

Слайд 7

2-тапсырма. Айтылым. Екі мәтіндегі оқиғалар мазмұнының дамуын салыстырып, талдау жасап айт. Балық қаңқасын

пайдалан.

Дескриптор: - Балықтың басы – мәтін кімдер туралы екенін жазады;
Балықтың қаңқасы – мәтіндердің мазмұнының дамуын салыстырып жазады;
Балықтың құйрығы – салыстыру қорытындысын жазады;
Бір-бірінің жұмыстарына талдау жасайды.

.

1-мәтін

2-мәтін

Слайд 8

1. Сонымен, оқушылар, қазақтың тұңғыш ғарышкері – Тоқтар Әубәкіров туралы қандай қызық

мәлімет білдіңдер? 2. Талғат Мұсабаевтың есімін ата-анасы неге «Талғат» деп қойған?

Сұрақтарға жауап беріңіздер

Имя файла: Қазақ-ғарышкері.pptx
Количество просмотров: 119
Количество скачиваний: 1