Жұмыр құрттар презентация

Содержание

Слайд 2

Жоспары
Кіріспе
1.Жұмыр құрттардың систематикасы, жалпы сипаттамасы
Негізгі бөлім
а)Нағыз жұмыр құрттар класы-NEMATODA
ә)Құрылыс ерекшеліктері
б)Аскарида. Аскаридалардың

өмір циклі
Қорытынды
Жұмыр құрттар типінің филогениясы

Слайд 3

Жұмыр құрттар – денесі буылтықтарға бөлінбеген, шұбалыңқы, цилиндр пішінді немесе ұршыққа ұқсас

жәндіктер. Денесінде қуыс алғаш пайда болғандықтан, олар алғашқы қуыстылар типі деп те аталған.

Слайд 5

Жұмыр құрттар типі 5 класқа бөлінеді:

1.Нағыз Жұмыр Құрттар Класы – Nematoda

2.Құрсақ Кірпікшелілер Класы – Gastrotricha

3.Киноринхалар Класы –
Kinorhyncha

Слайд 6


4.Түкті Құрттар Класы – Nematomorpha
5.Коловраткалар Класы —    Rotatoria

Слайд 7

Нематодология -жұмыр құрттарды зерттейтінғылым.
Нағыз жұмыр құрттардың басқа құрттардан айырмашылығы, ішкі мүшелерінің арасында дене

қуысының болуы. Бұл қуыстың өзіндік қабырғасы болмағандақтан оны алғашқы қуыс немесе схизоцель деп атайды.
Грек тілінде “nematos” –жіп деген мағына білдіреді.Денесі жіп тәрізді созылыңқы келген, цилиндр немесе ұршық тәрңзді

Слайд 9

Жұмыр құрттар – денесі буылтықтарға бөлінбеген, шұбалыңқы, цилиндр пішінді немесе ұршыққа ұқсас жәндіктер.

Денесінде қуыс алғаш пайда болғандықтан, олар алғашқы қуыстылар типі деп те аталған.
Жұмыр құрт денесі 3 қабаттан тұрады:
1.Бірінші ең сыртқы қабат- сірқабық.
2.Екінші ортаңғы қабат- гиподерма (тері астындағы қабат)
3. Үшінші ең астыңғы қабат- бірыңғай салалы бұлшықет қабаты.

Аналық нематодтың көлденең кесіндісі
(құрылысы)

бастапқы дене қуысы

жатыр

Жүйке жасушасы

бұлшықет

жұмыртқа

кутикула

гиподерма

Бөліну өзегі

ішек

Слайд 10

Сецерненттер класс тармағы-SECERNENTEA
отрядтарға бөлінеді, солардың ішінде маңызды отрядтары: 

Слайд 11

Ascaridida отряды.
 Адамның және сүтқоректілердің ішегінде паразиттік тіршілік ететін түрлер жатады:
1.Адам аскаридасы –

Ascaris lumbricoides,
2.Жылқы аскаридасы — Parascaris equorum,
3.Шошқа аскаридасы -  Ascaris suum т.б.
Туғызатын аурулары – аскаридоз.

Слайд 12

Адам аскаридасы бүкіл әлемде кең тараған және ең зиянды құрттардың бірі. Аналығының ұзындығы 20-40

см, аталығы – 15-25 см. Ересек түрлері адамның ащы ішегінде паразиттік тіршілік етеді. Ұрықтанған жұмыртқалары нәжіс арқылы ішектен сыртқа шығарылып, суға, топыраққа түседі. Жұмыртқалар тығыз қабықшамен қапталынған, сондықтан ортаның әр түрлі қолайсыз жағдайларына өте берік, төзімді. Тіпті олар 2-4% улы калий немесе натрий ерітіндісіне бір ай уақыт, ал формалиннің ерітіндісінде 4-5 жылға дейін тірі болған.

Слайд 13

Балалар острицасы - Enterobius vermicularis ересек личинка

Балалар острицасы - Enterobius vermicularis - көбінесе балалардың тоқ және ащы

ішегінде тіршілік етеді. Аталығының ұзындығы 2-5 мм, денесінің артқы ұшы спираль тәрізді оратылған, аналығының – 9-12 мм, артқы ұшы  біз тәрізді сүйірленген. Ұрықтанған аналық острица иесінің аналь тесігіне өтіп, оның қыртыс аралығына жұмыртқаларын салады. Осы уақытта құрттар белсенді қозғалып, аналь тесігін жыбырлатып қышытады.. Жұмыртқалар сыртқа шығарылып адамға су арқылы, қолын жумай тамақ ішкенде жұғады. Ішекке түскен инвазиялық жұмыртқадан личичнка шығып, осы жерде өсіп, ересек түріне айналады.
Острицадан болған ауру энтеробиоз деп аталады.

Слайд 15

Жылқы аскаридасы 
Ересек құрттары тұрақты иелерінің ащы шегінде паразитгік тіршілік етеді, ал личинкалары өсу

кезеңдерінде бауыр және өкпеде кездеседі. Параскаридозға негізінен құлын, жабағылар шалдығады. Олар параскаридозбен қатты ауырады, кейде өліп қалады. Ащы ішекке түскен личинкалардың 2-2,5 айда жыныс мүшелері толық жетіліп, ересек құртқа айналады. Жылқьща параскарис қүрты бір жылдан астам уақыт паразиттік (тоғышарлық) тіршілік ете алады. Морфологиялық жағынан ол шошқа және адам аскаридаларына үқсайды.

Слайд 16

Жылқы аскаридасының өмір циклы

Слайд 17

ШОШҚА АСКАРИДОЗЫ – шошқаның ащы ішегінде Ascarіs suum паразитті нематодасы тудыратын ауру. Шошқа аскаридозының жұмыртқасын жемшөп, сумен бірге жұтып

жұқтырады. Көбіне Шошқа аскаридозымен 2 – 3 айлық торайлар ауырады

Ascaris suum.Шошқаның ішегінде қабығы жарылып личинка шығып тез дами бастайды. 30-40 сағаттың ішінде жыныстық жағынан жетіліп, ересек құртқа айналады, еркегі үрғашысын үрықтандырады да, озі өледі (еркегі). Үрықтанған аналықтар ішектің шырышты қабатының астына және лимфалық бездерге личинкаларьш салады (1500-ге дейін). Олар алдымен лимфа тамырларына, одан кейін қан тамырларына өтіп, қанмен бірге бүкіл денеге тарайды

Имя файла: Жұмыр-құрттар.pptx
Количество просмотров: 88
Количество скачиваний: 1