Аудиттің ілеспе қызметтері презентация

Содержание

Слайд 2

Экологиялық аудит қоршаған ортаның ластануын және радиацияның стандарттарына сәйкес келетін дәрежені анықтайтын тексерулерді

жорамалдайды.
Экологиялық аудит - бұл қоршаған ортаның нақты жағдайының ішкі және сыртқы экологиялық стандарттарының алғашқы берілгенінен ауытқуларын бағалаудың тәсілі. Бұл тәсіл бойынша кәсіпорынға қауіп төндіріп тұрған өмірдебар және болашақ экологиялық тәуекелдіктерді анықтауға болады.
Қазіргі кезде экологиялық аудит ұйымдастыру бойынша нормативті-әдістемелік құжаттардың жобалары жасап шығарылған. Осы құжаттарға сәйкес экологиялық аудит міндетті және бастамашылық болып бөлінеді.

Слайд 3

Бастамашылық экологиялық аудит жетекшілердің, сонымен қатар аудиттеліп отырған субъектінің шешімдерді қабылдайтын басқа да

тұлғаларының шешімі бойынша жүргізіледі.

Слайд 4

Міндетті экологиялық аудит келесі жағдайларда жүргізіледі:
- қоршаған ортаны қорғау саласында халықаралық міндеттемелерді іске

асыруда;
- банкротқа ұшырау процедураларын іске асыруда;
- міндетті экологиялық сақтандыру жүргізу мақсатымен;
- инвестициялаудың шарттары бойынша қарастырылғанда инвестициялық жобалар мен бағдарламаларды дайындау мен негіздеу кезінде және т.б.

Слайд 5

ІШКІ АУДИТ

Ішкі аудиттің ең негізгі мақсаты — ол, кәсіпорын шаруашылығы туралы құралған мәліметтің

дұрыстығына, шындығына бақылау жасау, сөйтіп басқару барысында қолданылатын мәліметтің шындығын, дұрыстығын қамтамасыз ету.

Слайд 6

Операциялық аудит - жүйенің жұмысын жетілдіру мақсатымен басқарудың әртүрлі кезеңдеріндегі ұйымдастыру қызметінің тәуелсіз

және жүйелі түрдебағалау.
Операциялық аудит тек бухгалтерлік ақпаратты пайдаланумен ғана шектелмейді, өйткені оның шеңберінде кәсіпорынның өндірістік, қаржылық, сатып-өткізу қызметіне, ұйымдық құрылымына, ішкі бақылау жағдайының бағалануы жүзеге асырылады.

Слайд 7

ОПЕРАЦИЯЛЫҚ АУДИТТІҢ ТҮРЛЕРІ

Функционалды операциялық аудит
Ұйымдастырушылық операциялық аудит
Арнайы операциялық аудит

Слайд 8

ФУНКЦИОНАЛДЫ ОПЕРАЦИЯЛЫҚ АУДИТ

Функционалды операциялық аудит - шаруашылық жүйесінің атқаратын қызметтерінің бір немесе бірнешеуіне

қатысты болады. Мысалы, дебиторлық борыштардың қозғалысы кәсіпорынның үш атқаратынқызметін: қамтамасыз етушілік, өндірістік және сатып-өткізу қызметін қамтиды. Осы арқылы аудитор дебиторлық борыш жөніндегі ақпараттың дәлдігін, дебиторлық борыштың өтімділігін, жоғарыда айтылған қызметтердің әрбір кезеңде күмәнді талаптар бойынша резервтердің қалыптасуын анықтай алады.

Слайд 9

Ұйымдастырушылық аудитті жүргізу компанияның функционалдық және линиялық бөлімдері қызметінің реттелуі мен үйлестірілуін, жоспарлануын

анықтауға мүмкіндік береді. Бұл оның активтері мен капиталының тиімді түрде қалыптасуы мен пайдалануына жағдай жасайды.
Имя файла: Аудиттің-ілеспе-қызметтері.pptx
Количество просмотров: 108
Количество скачиваний: 0