Алматы облысының киелі орындары презентация

Содержание

Слайд 2

Жуандығы 4 адамның құшағы жетеді. Аумағы 500 кв метр. 1990 жылы Белоруссиядан ғалымдар

келіп 3-4 күн зерттеген. Бірақ жас мөлшерін анықтай алмаған. Ағаштың қаншама жылдар тұрғандығы жайлы нақты дерек жоқ Бұл жерге Қазақстанның түпкір-түпкірінен туристер тоқтамай келеді. Айына жоқ дегенде 4-5 автобус.

ӘУЛИЕ АҒАШ

Слайд 3

НАЙЗАТАПҚАН ҚАСИЕТТІ КИЕЛІ ЖЕРІ

Бұл жерде суы шипалы, талай адам баласын аурудан айықтырғыш Құдайдың

берген құдіреті бар екен. Халық емдік мақсатта суын қолданады. Туристер тек жаз уақытында ғана келеді.

Слайд 4

ҚҰРТҚА ТӘУІП КЕСЕНЕСІ

Абыз, әулие, көріпкел, қасиетті емші Құртқа Тәуіп Сұлтанқожаұлы 1770 жылы туып,

1906 жылы қайтыс болды. Ол 136 жыл өмір сүрген адам. Құртқа Тәуіп Алматы облысы, Күрті ауданына қарасты Шилібастау деген жерде жерленген. Осы өңірді аттары аңызға айналған тәуіп, емші Құртқа атамызға ұрпақтары бабаларының басына 1972 жылы қоршау жасатып, белгі қойған. Кейін елім деп, жерім деп тарихымызды қайта жаңғыртқан ұлтжанды азаматтар ұлы бабамызға үлкен қызыл тастан кесене тұрғызды. Кесененің биіктігі – 13,6 метр

Слайд 5

«ТАҢБАЛЫ» МЕМЛЕКЕТТІК ТАРИХИ-МӘДЕНИ ЖӘНЕ ТАБИҒИ ҚОРЫҚ

Таңбалы шатқалының аумағында жүзден астам әр түрлі уақыттағы

ескерткіштер — қола дәуірінен біздің заманымызға дейінгі 14—13 ғасырдың ортасынан 19—20 ғасырлардың дейінгі аралықты қамтыған қоныстар, молалар, ертедегі тас қашалған орындар, петроглифтер және табыну ғимараттары (құрбан шалынатын жерлер) орналасқан.

Слайд 6

СУЫҚТӨБЕ ТАУЫ

Алтынайұлы Қарасай батыр 1598 жылы Суықтөбе етегіндегі Қарасазда туған. «Суықтөбе» тауына туын

тігіп атын қойған деген аңыз әңгіме бар.

Слайд 7

ОМАРБЕКТІҢ ҮҢГІРІ

Жантайұлы Омарбек 1880 жылы Суықтөбе етегінде дүниеге келген. Руы Өтеп. Кеңес үкіметінің

халыққа 1929 жылдың өзінде ақшалай, еттей, астықтай бірнеше қайтар салық салған. Содан елдің зығырданы қайнап, тек байлар ғана емес орта шаруаларға дейін төзбес халге жеткен. Сонда Омарбек батыр 2 жарым жылдай тығылып, қызыл үкіметке қарсы әрекет жасаған. Оның қол астында 300-400 астам көтерілісшілер болған. 1932 жылы Кеңсай шатқалындағы Жетімсай қойнауындағы үңгірде жау қолынан қаза болған.

Слайд 8

ҚАРАҚАСТЕК АУЫЛЫ

Жамбыл ауданының Қаракестек ауылының оңтүстік беткейінде орналасқан кесене 1996 жылы «Сүйінбай» қой

совхозының қаражатына тұрғызылған. 2000 жылыҚазақстанРеспубликасыПрезиденті Н. Назарбаевтыңбастамасыменкесенежаңартылып, қайтасалынды. ҰйымдастырушыҚазақстанатспортыфедерациясыныңпрезидентіҚайратСатыбалды, бас құрылысмердігері «Тиграхаут» фирмасы, бас директоры Ә. Жаужүрек. ЖобаныңавторларысәулетшілерАқжайықСәуменов пен СәдуақасАғытаев.Ақынның 200 жылдық мерейтойына орай 2015 жылы «Строй Сервис Алматы» компаниясы кесенеге қайтадан күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізді.

Слайд 9

“ҚАРАСАЙ БАТЫР” КЕСЕНЕСІ

Слайд 10

«ЖЕР КІНДІГІ»

Слайд 11

“КӨТЕН ТӘУІП” КЕСЕНЕСІ

Слайд 12

«ДАРАБОЗ АНА» КЕСЕНЕСІ

Слайд 13

НҰРМОЛДА АЛДАБЕРГЕНОВТІҢ ЕСКЕРТКІШІ

Слайд 14

БАЛПЫҚ БИ КЕСЕНЕСІ

Балпық би кесенесі-1994 жылы Қаратал ауданындағы Оян ауылының шығыс жағындағы темір

жолға таяу дөңдегі қорымға салынды. Ескерткіштің авторы: Қаби Баулықов, Көксу ауданының сәулетшісі. Құрылысшысы: кесене халықтық құрылыс үлгісінде салынды. Құрылыс жұмысының ұйымдастырушылары көпес Ақылбаев пен Серғазы Сағатбеков. Жетісу жерінің түкпір-түкпірінен келетін көпшілік әулие-бидің рухына тағзым етіп, аруағына құран бағыштайды.Кесене төртбұрышты үлгіде салынған. Қабырғасы күйдірілген кірпіштен қаланып, іші-сырты мәрмәр плиталарымен қапталған. Сыртқы пішіні күмбез тәріздес.
Имя файла: Алматы-облысының-киелі-орындары.pptx
Количество просмотров: 183
Количество скачиваний: 1