Австралия презентация

Содержание

Слайд 2

Австралия

Слайд 3

АВСТРАЛИЯ

Елдің ресми атауы-Австралия Одағы.
Жалпы жер аумағы-7682.2 км2.
Халұының саны-20.3млн адам.
Жағалау сызығы-25760.
Елді басқару формасы-федеративтік

монархия.
Мемлекет басшысы-Ұлыбритания ханшайымы.
Жоғарғы заңнамалық билік-қоспалаталы парламент.
Ресми тілі-ағылшын.
Дүние жүзінде бүкіл құрлықты алып жатқан жалғыз мемлекет –Аустралия.

Слайд 4

австралия

Астанасы - Канберра

Слайд 5

Австралия туралы мәлімет

Австралия, ресми атауы Австралия Одағы (ағылш. Commonwealth of Aвstralia; лат. aвstralis

– оңтүстік деген сөзінен шыққан) — Австралия материгі мен Тасмания аралында және көптеген кішігірім аралдарында орналасқан мемлекет.

Слайд 6

Мемлекеттік құрылымы

Австралия Одағы Достастық Корольдігіне кіретін мемлекет. 1931 жылы қабылданған Вестминстерлік статутқа сәйкес

Австралияның басшысы ретінде Ұлыбританияның монархы болуда. Алайда іс-жүзінде Австралия тәуелсіз мемлекет ретінде есептелуде.
Австралияда өкіметтің үш тарауы әрекет етуде:
заңшығарушы тарау: Австралия Парламенті;
атқарушы тарау: Федералдық Атқарушы Кеңес;
соттық тарау: Австралияның Жоғарғы Соты.

Слайд 7

Әкімшілік-территориялық құрылымы

Слайд 8

Штаттар:
Виктория штаты - жер аумағы: 237 629 км² (Австралия штаттары мен территориялары

бойынша 6-шы орын), халқы: 5 012 000 (2-ші орын), астанасы: Мельбурн қаласы;
Батыс Австралия штаты - жер аумағы: 2 645 615 км² (1-ші орын), халқы: 2 003 000 (7-ші орын), астанасы: Перт қаласы;
Квинсленд штаты - жер аумағы: 1 852 642 км² (2-ші орын), халқы: 4 020 000 (3-ші орын), астанасы: Брисбен қаласы;
Жаңа Оңтүстік Уэльс штаты - жер аумағы: 809,444 км² (5-ші орын), халқы: 7 099 700 (1-ші орын), астанасы: Сидней қаласы;
Тасмания штаты - жер аумағы: 90 758 км² (7-ші орын), халқы: 502 600 (6-шы орын), астанасы: Хобарт қаласы;
Оңтүстік Аустралия штаты - жер аумағы: 1 043 514 км² (4-ші орын), халқы: 1 584 500 (5-ші орын), астанасы: Аделаида қаласы;

Слайд 9

Халқы

2007 жылдың 1 шілдесіне сәйкес Австралия халқының саны 20 001 546 адам болған.

Австралияның негізгі хал­қы Еуропадан, Америкадан қоныс аударған ағыл­шын тілділер, оларды австралиялықтар деп то­лық айтуға болады, өздеріне тән құн­ды­лықтары, өмір салты, мінез-құлқы, мәдениеті қа­лыптасқан. XX ғасырдың 70-жыл­дары демографиялық дағдарыс және эко­но­миканың дамуы шетелдің жұмыс күшін пай­далануды талап етті.

Слайд 10

Халқының нәсілдік және ұлттық құрамы
Халыќтың - көпшілігі христиан дініндегі адамдар , католиктар және

протесанттар .
мемлекеттік тіл - мемлекеттік ағылшын , итальян , грек , ќытай тілдері ќолданылып жатыр және тұрғын халыќ диалектілері .

Слайд 11

Климаты
Құрлықтың басым бөлігін тропиктік (18°—30° оңтүстік ендік), ал солтүстігі мен оңтүстігін субтропиктік белдеу

алып жатыр. Шығыс жағалауының климаты — тропиктік теңіздік, Күн радиациясы үнемі жоғары, ашық күндер басым. Сондықтан Құрлықның барлық аймағында темп-pa жоғары және тұрақгы (20 -28 °C ға дейін), тек қыс айларында (шілде - тамызда 12 -20°С температуpa төмендейді. Қаңтардың орташа температурасы 40 °C болатын аудан құрлықтың солтүстік-батысында, абс. максимум — Клонкарриде (53,1 °C). Тұрақты аяз тек оңтүстік-шығыстағы Құрлық Альпісінде (-22°С-қа дейін) байқалады. Үлкен суайрық жотасының Тынық мұхиттан соғатын ылғалға бөгет жасауы, құрлықтың бүкіл орталық аймағының климатының кұрғақ болуына әсерін тигізеді. Құрлық жерінің 40%-ке жуығында жауын-шашын мөлшері 250 мм-ден аспайды. Құрлықтың солтүстігі мен шығысындағы тауларда жауын-шашын мөлшері 500 мм-ден 2000 мм-ге дейін жетеді. Бұл аймаққа экватордан келетін ылғалды муссонның әсері бар.

Слайд 16

Тарихы

Бірінші адамдар Австралияға 42−48 мың жыл бұрын келген. Олар Оңтүстік Шығыс Азия жерлерінен

келген қазіргі Австралия аборигендердің бабалары. Соңғы зерттеулерге сәйкес Австралия жергілікті тайпалары африка тайпаларымен туыстық байланыстары болуы әбден мүмкін;
1606 жылы – Голландиялық Duyfken атты кемесінің капитаны Биллем Янсзон Австралияны ашады. XVII ғасырда голландиялықтар дүниежүзінің картасына Австралияның батыс және солтүстік жағалауларын Жаңа Голландия деп енгізеді.
1770 жылы Джеймс Кук (ингл. James Cook) Австралияның шығыс жағалауын ашады. Ол оны Жаңа Оңтүстік Уэльс (англ. New South Wales) деп атайды және оны Ұлыбритания жері деп жария етті.

Слайд 17

Ұлыбритания американдық колонияларынан айырылып қалған соң, олар Австралияны айдалып келген қылмаскерлердің колониясы ретінде

пайдалана бастайды. Австралияның қазіргі кездегі көптеген ірі қалалары (Сидней, Порт Филипп, Брисбен) осы айдалып келген қылмыскерлердің колониялары ретінде қаланған. 1828 жылғы халық санауы бойынша Жаңа Оңтүстік Уэльс штаты халқының тең жартысы қылмыскерлер болған.

Слайд 18

Австралияға ағылып араб­т­ар, вьетнамдықтар, қытайлықтар, басқалар қоныс аудара бастады. Оларға қойылатын басты талап

– Конс­титуцияны мойындау, ағылшын тілінде сөйлеу. Қоныс аударушылардың мәсе­ле­леріне бай­ланысты мемлекет қыруар қаржы бөлді: ұлттық тілдерде кітапхана, мектеп, БАҚ жұмыс істеді.

Слайд 19

Экономикасы

Австралия индустриялы-аграрлы ел.АҚШ, Ұлыбритания, Жапония, ГФР сияқты елдермен экономикалық қатынасы жақсы дамыған.Пайдалы қазбаларға

бай.Көмір, қорғасын, темір, мырыш, мыс, боксит, алтын, күміс өндіріледі.Қара және түсті металлургия өндірістері, мұнай айыру өнеркәсібі дамыған.

Слайд 20

Географиясы

Австралия - құрлықтың ішіндегі ең кішісі. Аустралия 10°41′ оңтүстік ендіктегі Йорк мүйісінен 39°11′

оңтүстік ендіктегі Оңтүстік-Шығыс мүйіске дейін және 113°05′ шығыс бойлықтағы Стип-Пойнт мүйісі мен 153°34′ шығыс бойлықтағы Байрон мүйісі аралығында орналасқан. Батысы мен оңтүстігін Үнді мұхиты, шығысы мен солтүстігін Тынық мұхиттың Тасман, Маржан, Тимор және Арафур теңіздері қоршайды. Жағасының су жырған жерлері аз кездеседі; ірі шығанақтары : солтүстігінде - Карпентария, оңтүстігінде Австралияның Үлкен шығанағы; үлкен түбегі - Кейн-Йорк. Оңтүстігінде Басс бұғазы (ені 224 км) бөліп жатқан Тасмания аралы бар. Шығыс жағалауын бойлай 2300 км-ге созылып, Үлкен Тосқауыл Рифі жатыр.
Имя файла: Австралия.pptx
Количество просмотров: 118
Количество скачиваний: 0