Слайд 2Семей — Шығыс Қазақстан облысының батыс өңіріндегі екінші орындағы ірі қала болып табылады.
Ол Ертіс өзенінің екі жағасына орналасқан. Аумағы – селолық округтерді қосқанда 27,5 мың шаршы метр.
Слайд 3Бір мұнаралы мешіт - Шебер Ғабулла Эфенди, XIX ғ. 2-ші жарт. – қала
құрылысы және сәулет ескерткіші. Мешіт жұмыс істеп тұр.
Слайд 4Невзоровтар отбасы атындағы мұражай - Қала құрылыс және сәулет ескерткіші (көпес Степановтың бұрынғы
үйі), 1827 жыл. Революциядан кейін ғимаратқа жеке мемлекеттік мекемелер орналасқан.
Слайд 5«Өлімнен де күшті» мемориалы - 1991 жылдың 29 тамызында ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев Семей
ядролық полигонын жабу туралы Жарлыққа қол қойды. 2001 ж. 29 тамызында Семейдің «Полковничий» аралында Семей ядролық полигонның құрбандарына арналған «өлімнен де күшті» ескерткіш қойылды. Ескерткіш жобаның авторы Шота Уәлиханов.
Слайд 6Ертіс өзені арқылы өтетін аспалы көпір 2000 ж. 17 қазанда ашылды. Ертіс өзені
арқылы өтетін аспалы көпір құрылысының жобасын ұсынған жапондық Исакавадзима Харима Хеви Индастриз Компания ЛТД компаниясы және ШҚО Әкім аппараты.
Слайд 7Республикалық әдеби-мемориальдық Абай мұражайының ғимараты – 1860 жыл. Мемлекттік әдеби-мемориальдық Абай мұражайы Семей
қаласында 1940 ж. Абайдың туғанына 95 жылдығына салынды.
Слайд 8Достоевскийдің әдеби-мемориалдық мұражай-үйінің ғимараты (бұрынғы почтальон Липухиннің үйі, 1857-1859 жж. жазушы Ф.М. Достоевский
тұрған) 1838 ж. қала құрылысы және сәулет ескерткіші. Музей кешені 1,5 ќабаттық ағаш үйден тұрады. Мещан үлгісінде салынған. Көне Семейге тән үйлердің бірі. Жартылай жертөледе 3 бөлме, жоғарғы қабатта 4 бөлме, ХІХ ғ. тән үлгі бойынша: асхана, қонақ бөлме, кабинет және жатын бөлмелерден тұрады. Бөлмелер аласа- 2,45 м. бірінші қабат терезелері қақпақтармен жабылады.
Слайд 9Жеңіс мемориалы - Фашистік Германияны кеңес халқы жеңгеніне 40 жыл толуына орай 1985ж
9 мамырында қаламыздағы Орталық саябақта Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан семейліктерге арнап ескерткіш монумент тұрғызылды. Монументальдық ескерткіш авторлары: Клюшкин О.С., Семченко А.В., Тихомолов В.Ф.
Слайд 10Ямыш қақпасы - Бекіністің үш қақпасынан сақталған батыс Ямыш қақпасы 1773ж. қақпа және
оның қабырғалары инженер капитан И.Г.Андреевтыњ басшылығымен салынды. Ямыш қақпасы - XVIII ғ. (1776 ж.). Қала құрылысы және сәулет ескерткіші.