Шығыс Қазақстан облысы презентация

Слайд 2

Тарихы

Шығыс Қазақстан облысының аумағы ежелгі заманнан қоныстанған. Оның куәгері есебінде Алтайда, Зайсан қазаншұңқырында, Тарбағатай мен Сауыр жоталарында ежелгі кеніштердің,

суландыру жүйелерінің, бекіністер мен қоныстардың іздері сақталған. 15 ғасырдың бас кезінде Ертіс өзені алабының жоғарғы бөлігін ойраттар басып алғаннан кейін бұл жер Жоңғар хандығының құрамында болды. 1758 ж. Қытай әскерлері Жоңғар хандығын жойып жібергеннен кейін, қалмақтар Еділ өзенінің арғы бетіне кетті. Ал қалмақтардан ығысып, негізінде Сарыарқаны мекендеген қазақ рулары өздерінің ежелгі қоныстарына қайтып оралды. 18 ғасырдың бас кезінде патшалық Ресей қазақ жерін тереңдей отарлау мақсатымен қазақтарды ата қонысынан тықсыра отырып, қазіргі облыс аумағында Ертіс бекіністер желісін салды.

Слайд 3

Пайдалы қазбалары

Шығыс Қазақстан облысының жер қойнауы кен байлықтарына бай. Мұнда мырыш, қорғасын, мыс, күміс, алтын, кадмий, сүрме, күшәла, темір, күкірт, висмут, индий, галий, селен, теллур, сынап, қалайы, жанғыш тақтатас, сондай-ақ әр

түрлі химиялық шикізаттар мен құрылыс материалдарының кен орындары бар.

Слайд 4

Шығыс Қазақстан облысының өнеркәсібтері

Кен өндіру өнеркәсібі
Электр энергетикалық кешені
Машина жасау және металл өңдеу өнеркәсіп
Ағаш

өңдеу өнеркәсібі
Жеңіл өнеркәсібі
Тамақ өнеркәсібі
Құрылыс материалдары өнеркәсібі
Ауыл шаруашылығы
Транспорт

Слайд 5

Өсімдіктері

Алтайдың баурайын шымды-астық тұқымдас шөптер даласы, одан төменірек бетегелі-селеулі, ал жоғарырақта қайыңды-теректі шоқтоғай

аралас шөпті-селеулі дала алып жатыр. 700 м және одан биіктеу жерлерде астық дақылды аралас шөпті шалғын алмасқан қылқан жапырақты орман белдеуі басталады. Кенді Алтайда самырсынды-шыршалы-қара самырсынды ормандар басым келеді, ал Оңтүстік Алтайда олармен сібір қара самырсыны аралас өседі. Сауыр жотасының жапырақты ормандарында Тянь-Шань шыршасы өседі.
Имя файла: Шығыс-Қазақстан-облысы.pptx
Количество просмотров: 199
Количество скачиваний: 0