1 деңгей Чад мемлекеті
Орналасқан жері Орта Африка елі болып саналатын Чад солтүстігінде Ливиямен, шығысында Суданмен, оңтүстігінде Орталық Африка Республикасымен, Батысында Камерун, Нигерия және Нигермен шектеседі.Ең басты ағын сулары:елдің оңтүстігіндегі тығыз ағашты аймақта орналасқан Шари мен Логуна өзендері.Шари өзені Бахри,Селамет,Ухам және Ергинг өзендерінің бірігуінен құралған.Бұлардан басқа ешбір теңіз не көлге барып құйылмайтын,соңы топыраққа сіңіп жоқ болатын кішігірім өзендерде бар.Батыстағы Чад көлінде жағалауы бар,Лагона өзені Нджаменада Шари өзенімен қосылып,осы көлге барып құяды.Чад көлінде мал шаруашылығына ыңғайлы кішкене аралдар бар. Халқы Халық саны — 10,5 млн (2010 жыл шілде). Ташадтық кішкентай қыз Жылдық өсім — 2 %. Туылу — 1000-ға 40; Өлім — 1000-ға 16 (бала өлімі — 1000-ға 97); Эмиграция — 1000-ға 4; Орташа өміп сүру ұзақтығы — ерлер 47 жас, әйелдер 49 жас; Ірі халықтары: сара (28 %) және арабтар (12 %), жалпы 200-ден астам этникалық топтар бар (1993 жылдың санағы бойынша). Тілдері — француз және араб тілдері ресми, оңтүстікте сара тілі таралған, елде жалпы 120 тіл мен диалект бар. Діні - мұсылмандар 53,1 %, католиктер 20,1 %, протестанттар 14,2 %, анимисттер 7,3 %, басқалары 2,2 %, атеистері 3,1 % (1993 жылдың санағы бойынша). Сауаттылығы — ерлерде 40 % және әйелдерде 12 % (2000 жылғы көрсеткіш). Қала халқы — 27 % (2008 жылы).