Орта ғасырдағы саяси ілімдер презентация

Содержание

Слайд 2

Батыс Еуропаның феодалдық қоғамының саяси-құқықтық ой-пікірлері. Батыс Еуропада феодалдық құрылыс 1 мың жылдан

астам уақыт дамыды. Үш тарихи кезеңнен өтті. Біріншісі Y ғасырдың соңы мен ХI ғасырдың ортасына дейінгі уақытты қамтыған ерте феодалдық кезең. Екінші кезең гүлдану дәуірі ХI ғасырдың ортасынан ХY ғасырдың аяғына дейін созылды. Ал Феодализмнің құлдырау дәуірі ХY ғасырдың соңынан ХYI ғасырдың аяғына дейінгі уақытты алды.

Батыс Еуропаның феодалдық қоғамының саяси-құқықтық ой-пікірлері. Батыс Еуропада феодалдық құрылыс 1 мың жылдан

Слайд 3

Орта ғасырлық саяси ой-пікірдің көрнекті өкілдерінің бірі орта ғасырлық діндар-философ, ғалым Фома Аквинский

болды. (1225-1274 жылдар). «Билеушілердің басқаруы туралы», «Теологияның қосындылары» деген еңбектерінде мемлекет, заң, құқық туралы мәселелерді қарастырады. Аквинский Аристотельден адам табиғаты жағынан «қарым-қатынас жасайтын және саяси жануар» деген қағиданы алды. Ол мемлекеттік биліктің үш мынандай элементін енгізді:
1) мәні.
2) формасы (шығу тегі).
3) қолданылуы.

Орта ғасырлық саяси ой-пікірдің көрнекті өкілдерінің бірі орта ғасырлық діндар-философ, ғалым Фома Аквинский

Слайд 4

Аквинский саяси биліктің: аристократиялық, олигархиялық және демократиялық түрлерін атап көрсетеді. Сонымен қатар монархиялық

құрылымның абсолюттік және саяси түрлерін ажыратады. Ол заңның ерекше теориясын жасап та шығарды. Барлық заңдардың негізі алла-тәңірден деген пікір айтады. Ал табиғи заңдар болса, содан негіз алады. Адамдық заңдар да содан шығады. Адамдық заңдар туралы түсінікті енгізгенде Аквинский феодалдық заңдар туралы айтады. Оның ілімінде Інжілден негіз алатын құдайшылдық заңдары да бар. Өйткені заңдар зұлымдықтың атаулының баршасын бірдей жоя алмайды екен.

Аквинский саяси биліктің: аристократиялық, олигархиялық және демократиялық түрлерін атап көрсетеді. Сонымен қатар монархиялық

Слайд 5

Бюгерлік еретиктердің көрнекті өкілдері қатарына Оксфорд университетінің дін профессоры Джон Уиклиф (1324-1384), чех

теологы Ян Гус (1371-1415) жатады. Олар басшылық еткен діни қозғалыстар ұлт-азаттық күреспен қабаттасып жатты. Аталған ойшылдар «мыңжылдық патшалық» пен теңдік орнап, ортақ істер халықтың араласуымен шешіледі деп ойлады. Бірақ олардың іс-әрекеттерін феодализмнің рухани және зиялы өкілдері жоққа шығарып отырды

Бюгерлік еретиктердің көрнекті өкілдері қатарына Оксфорд университетінің дін профессоры Джон Уиклиф (1324-1384), чех

Слайд 6

Араб Шығысы мен Орта Азиядағы және Закавказьедегі саяси ой-пікірлер. Бұл жерлерде феодалдық қанаудың

кесірінен азаттық ой-пікірлер қалыптаса бастады. Өзекті мәселесі адам теңдігі мен бостандығы болды. «Құдайға құлшылық ету» түрінде ислам пайда болды. Алайда исламда қайшылықтар да жоқ емес. Құран жекеменшікті қорғаудың қажеттігін айтады. Құранның идеологиясы — құдайға бас ию мен бағыну.

Араб Шығысы мен Орта Азиядағы және Закавказьедегі саяси ой-пікірлер. Бұл жерлерде феодалдық қанаудың

Слайд 7

Ислам сунит пен шийт ағымына бөлінеді. Ислам саясатын дәріптеушілердің бірі Ибн Рушд (1126-1198)

Аристотельдің материалистік бағытын дамытты. Ғылыми ілімдер негізінде қоғамдық өмірді құруға болады, биліктен діншілерді, құдайшылдарды аластатуға болады дейді.

Ислам сунит пен шийт ағымына бөлінеді. Ислам саясатын дәріптеушілердің бірі Ибн Рушд (1126-1198)

Слайд 8

Саяси ойшыл Ибн Халдун (1332-1406) өзінің «Өсиеттер кітабында» қоғамдық өмір заңдылықтарын зерттеу ерекше

ғылым саласы деп көрсетті. Ол діни көзқарастарға бейім болса да ғылымдық негіздерге де жол берген. Қоғамның дамуын екі фазаға бөлген: жер мен мал шаруашылығы дамитын «ауылдық тұрмыс», қолөнері мен сауда дамитын «қала тұрмысы». Әр фазаның өзіне тән билеушісі бар. Біріншісінде көсемдер мен билігі шектеулі старейшиндер, екіншісінде мемлекет басында шексіз билігі бар патша отырады. Мемлекеттің мәні жекеменшікті қорғауда деп тұжырымдады. Мемлекеттің құрылу, ыдырау және күйреу процесінде географиялық факторларға, әсіресе ауа райы жағдайларына көп назар аударды.

Саяси ойшыл Ибн Халдун (1332-1406) өзінің «Өсиеттер кітабында» қоғамдық өмір заңдылықтарын зерттеу ерекше

Слайд 9

Орта Азиялық саяси ой-пікірлер тіпті III-Y ғасырларда алғашқы феодалдық қатынастардың дамуымен қатар қалыптаса

бастады. Y ғасырдың соңы мен YI ғасырдың басында халықтық маздакизм қозғалысы өрістеп, зұлымдық пен мешеулікке қарсы игілік пен азаттықтың күресі басталды. Қозғалыс көсемі Маздак жекеменшікті зұлымдықты тудыратын фактор деп түсіндірді. Маздакизмнің басты әлеуметтік-саяси идеясы — әлеуметтік теңдікті орнату. Орта Азиядағы барлық антифеодалдық қозғалыс маздакизм туы астында өтті.

Орта Азиялық саяси ой-пікірлер тіпті III-Y ғасырларда алғашқы феодалдық қатынастардың дамуымен қатар қалыптаса

Имя файла: Орта-ғасырдағы-саяси-ілімдер.pptx
Количество просмотров: 194
Количество скачиваний: 0