Қазақ газеті презентация

Содержание

Слайд 2

Қазақ газеті

Жоспар :
1. Қазақ газеті ;
2. «Қазақ» газетін шығаруды ұйымдастырушы, редакторы ;
3.

«Қазақ» газеті тілшілері ;
4. Қазақ газетінің мақсаты ;
5. Қорытынды.

Слайд 3

Қазақ газеті

Қазақ газеті — 1913—1918 жылдары Орынбор қаласында жарияланып тұрған қоғамдық-саяси және әдеби-мәдени басылым.

№ 1 номері 1913 жылы 2 ақпанда шыққан.

Слайд 4

Қазақ газеті

1915 жылға дейін аптасына бір рет, одан кейін екі рет шыққан. Бастырушысы

— «Азамат» серіктігі. Газетке қаржылай көмектескендердің көшбасында Мұстафа Оразайұлы бар. Жалпы 265 нөмірі жарық көрген. Газет рәміздік-бейне ретінде киіз үйді ұсынды. Бұл — қазақ ұлты деген ұғымды берді. Оның түндігі батыстан ашылып, есігіне «Қазақ» деп жазылды. Мұны түсіндірген ұлт зиялылары «қазақ ішіне Еуропа ғылым-өнері таралсын, Қазақ газеті қазақ жұртына әрі мәдениет есігі, әрі сырт жұрт жағынан күзетшісі болсын» деп жазды.

Слайд 5

Қазақ газеті

«Қазақ» газетін шығаруды ұйымдастырушы, редакторы — Ахмет Байтұрсынұлы, оның өкілетті өкілі М. Дулатұлы болды. 1918 жылы

газетті Жанұзақ Жәнібекұлы басқарды. Басылымда А. Байтұрсынұлы, Ә. Бөкейхан, М. Дулатұлы, М. Шоқай, М. Тынышбайұлы, Ш. Құдайбердіұлы, Ғ. Қараш, Р. Мәрсеков, Ж. Тілеулин, Ғ. Мұсағалиев, М. Жұмабаев, Х. Болғанбаев, Х. Ғаббасов, Ж. Ақпаев, Ж. Сейдалин, С. Торайғыров, А. Мәметов, С. Дөнентайұлы, Х. Досмұхамедұлы т.б. авторлардың мақалалары жарияланып тұрды.

Слайд 6

Қазақ газеті

XX ғасыр басында аталған газет оқығандардың, діндарлардың, шәкірттердің, қарапайым сауаты бар

адамдардың, тұтастай жалпы ұлттың ықыласпен оқитын басылымына айналды. Бұдан кейін пайда болған барша елшіл газет-журналдар осы «Қазақтың» шекпенінен шықты.

Слайд 7

Қазақ газеті

Осы газетке Қазақстанның әр өлкесінен хат жазып, мақалаларын бастырып тұрған басқа

да зиялы азаматтар көп болды. Солардың ішінде Солтүстік өңірден (бұрынғы Ақмола облысы Петропавл уезі) жазып тұрғандар да бірқатар еді. Солардың біразын келтіре кетейін. Қазақтың ұлы ақыны Мағжан Жұмабаев 1913-1917 жылдары Омбы қаласында мұғалімдер семинариясында оқыды, оны бітіргесін сол қалада өзі ашқан қазақ мұғалімдерін дайындайтын курстың меңгерушісі әрі оқытушысы болып қызмет атқарды. Сол жылдары ол «Қазақ» газетіне өзінің өлеңдерін жариялап тұрды. Оның өлеңдері сезімді селт еткізер жан дауысы, сұлулықтың мөлдір суретіндей болатын. Оның өлеңдері көркемдіктің шырқау биік көрінісіндей болып, өлеңге ғашық оқырманның құныға оқитын жырына, сөзден сурет салар үлгісіне айналды. Ақынның «Қазақ» газетінде басыл­ған өлеңдерінің тақырыбы әр алуан. «Орал тауы», «Есімде, тек таң атсын», «Жарыма» сияқты өлеңдері азаматтық лириканың озық үлгілері ретінде ақын­ның азаматтық рухын танытса, «Туған жер», «Көңіл», «Зар» атты өлеңдері оның туа біткен табиғатына тән, сезімнің нәзік қырларын шерткен сыршыл жырлар. 

Слайд 8

Қазақ газеті

«Қазақтың» белсенді тілшілерінің бірі – Ахмет Жанталин. Троицк қала­сын­дағы «Расулия» медресесін

бітіргесін зиялы азамат 1908 жылы өз ауылында қазақ балаларына арнап орысша-қазақша мектеп ашқан. Оның біраз түлектері кейін Алашқа адал қызмет еткен. Ақпан революциясынан кейін Ахмет Жанталин Петропавл уездік Алаш Орда бөлімінің белсенді мүшелерінің бірі болды. 1918 жылы Петропавлда шығып тұрған «Жас Азамат» газетіне мақалалар жазып тұрды. Кеңес үкіметі кезінде әуелі ауылда мұғалім болады да, 1920-1923 жылдары Петропавл уезіндегі Преснов ауданында судья болып істейді. Бұл тұралы Сәбит Мұқанов «Өмір мектебінің» 2-ші кітабында жазған-ды. 

Слайд 9

Қазақ газеті

Ахмет бұл кезде де жергілікті газеттерге мақалалар жазып, проблемалық мәселелерге жұрт

назарын аударып отырған. Ахмет Жанталин «Қазақ» газетіне қазақ ұлтының жанашыры ретінде бірнеше мақа­лаларын жариялады. Мәселен, газеттің 1913 жылғы 10 ақпанда шыққан №2 санында оның «Медреседе оқып шыққан шәкірттеріміз не болмақ?» деген проблемалық мақаласы жарық көрсе, сол жылғы 23 маусымда шыққан «Емтихан» атты мақаласында қазақ арасындағы оқу-ағарту ісінің жайына жұрттың назарын аударады.

Слайд 10

Қазақ газеті

 1914 жылғы 31 қантарда жарық көрген «Государственная Думада» атты мақаласында Мемлекеттік

Думада қазақ елінен делегаттардың жоқтығына назаланады. Сол жылғы 15-ші маусымдағы мақаласында орыс тіліндегі оқу орындары мен татар тіліндегі оқу орындары туралы айта келіп, қазақ арасындағы оқу-ағарту проблемасын көтереді. Газеттің сол жылғы 9 шілдедегі санындағы «Жер мұңы» атты мақаласында Патша үкіметінің қоныс аудару саясаты қазақ жеріне салына бастаған қалалар, жер бөлу ісіндегі озбырлыққа наразылық жайы сөз болады. Бұлардан басқа да бірталай проб­лема­лық мақалалары осы газетте жарияланды.

Слайд 11

Қазақ газеті

20-шы жылдардың екінші жартысында оның басына да қара бұлт үйіріле бастады.

Мұны сезген Ахмет Ресейдің Түмен облысына барып паналайды. Сол жақта 1950 жылы 75 жасында қайтыс болады. Жұмағали Тілеулин (1889-1937) – Міржақып пен Мағжанның досы, дәрігер әрі педагог, Алаш Орданың Петропавл уезіндегі бөлімшесінің белсенді мүшесі, Омбы қаласында құрылған Ақмола облыстық қазақ комитетінің мүшесі, «Қазақ» газетінің жергілікті белсенді тілшілерінің бірі. «Қазақ» газетінде ол көбінесе дәрігер ретінде денсаулық сақтау туралы проблемалық мақалалар жазды.

Слайд 12

Қазақ газеті

1913 жылы газеттің бірнеше санында «Денсаулық сақтау жайында» атты мақаласы, 1914

жылы қантар-шілде айларында «Денсаулық мәселесі, түрлі аурулардан сақтану, емделу жолдары» атты көлемді мақаласы жарық көрді. 1915 жылы 28 ақпанда оның Ахмет Жанталин туралы «Ұлтшыл жігіт» атты мақаласы жарияланды. 1917 жылы 3 шілдеде «Жалпы мұсылмандар съезі» атты мақаласы басылып шықты. Мақалада ол сол 1917 жылғы 1-12 мамырда Мәскеуде өткен Ресей мұсылмандарының съезі туралы өз ойымен бөліседі. 

Слайд 13

Қазақ газеті

Әбуһайра Жұсыпов (1887-1967) кезінде Уфа қаласындағы «Ғалия» медресесін бітірген. Алаш партиясының

мүшесі болған. Кеңес үкіметі тұсында мектепте бала оқытқан, болыстық атқару комитетін (волисполком) басқарған. Бірақ 1929 жылы бай адам ретінде тәркіленіп, Қарақалпақстанға жер аударылған. Тек 1956 жылы ақталып елге оралған. Алайда оны «Алаш партиясының белсенді мүшесі болды» деп, ­ауылдастары жылы қабылдамаған. Сондықтан ол Оңтүстік Қазақстандағы Шәуілдір деген елді мекенге қоныс аударған. 

Слайд 14

Қазақ газеті

Сол жерде шығармашылықпен айналысып, естеліктер жазған. Сонда 1967 жылы 80 жасында

қайтыс болған. Шығармалары жоғалған. Ол кезінде «Айқап» журналына және «Қазақ» газетіне халықтың ауыр тұрмысы туралы мақалалар жазған. Газетке берген өлеңдерінде ауылдағы қелеңсіз жайларды сынайды. Байбатыр Ержанов-Құлақбаев туралы жазушы Сәбит Мұқанов өз естелігінде: «Жас жазушылардың Қызылжарда тұратындары 1925 жылдың күзінен бастарын қосып әдебиет үйірмесін жасады. 

Слайд 15

Қазақ газеті

«Қазақ» газетінде Байбатыр Ержанов-Құлақбаевтың «Жұмбақтар», «Жаңбырлы дауыл», «Нәзік көңіл», т.б. өлеңдері,

«Бозбалаларымыздың түрі», «Көкшетауда көргендерім», «Қазақ халқынан бір-екі сөз», т.б. қара сөзбен жазған мақалалары жарық көрді. Ибрагимов Хамза «Ғалия» медресесін бітірген. Біраз жыл елде мұғалім болып бала оқытқан. Бірақ 1929-30 жылдары бай ретінде қуғындала бастағанда Ресейдің Түмен облысына қоныс аударған. Сонда жүріп «Әубәкір молда», т.б. әңгімелер жазып, шығармашылықпен айналысқан. «Қазақ» газетінде оның «Мұғалім қуу» атты мақаласы 1915 жылы 20 мамырда шығыпты.

Слайд 16

Қазақ газеті

«Қазақ» газетінің 1917 жылғы 4-ші шіл­дедегі санында Қызылжарлық мұғалім А.Жолмұхамбетовтың дәрігер

Жұмағали Тілеулин туралы мақаласы жарияланды. Сол жылғы 27 мамырда оның «Учительдер съезінің қаулылары» атты мақаласы жарық көрді. Мақалада сол жылғы 7-8 мамырда Қызылжарда өткен Қызылжар уезінің мұғалімдерінің съезі туралы айтылған. 

Слайд 17

Қазақ газеті

“Қазақ  газеті”  туралы  Қ. Аллаберген , Ж. Нұсқабай , Ф. Оразай 

“Қазақ  журналистикасының  тарихында (1870-1995 жылдар)”:  “Қазақ”  газетінің  материалдарынан  байқалғанындай , ол “солшыл  бағыттағы  органдардың  тактикасын”, яғни  революцияшыл    бағытты  қолдады . Ондағы  мақсаты — самодержавиені  құлату ,  буржуазиялық-демократиялық өзгерістер мен  бостандық  үшін  үгіт-насихат  жүргізу  болды ” —  деп  тұжырым  жасаған . 

Слайд 18

Қазақ газеті

Әрине , мұндай  шындыққа  сай  келмейтін , ғылыми  негізі  жоқ  тұжырыммен 

келісу  қиын . Өйткені , бір  ғана  нөмірі  шығып  жабылып  қалған “Қазақ  газеті”  түгіл  6  жыл  бойы  дерлік  шығып  тұрған , 265  нөмірі  жарық  көрген  “Қазақ”  та  өзінің  алдына  “самодержавиені  құлату , буржуазиялық-демократиялық  өзгерістер  мен  бостандық үшін  үгіт  насихат  жүргізу”  мақсатын  қойған жоқ.

Слайд 19

Қазақ газеті

 “Қазақ” газеті шын мәнісінде туған халқының оқу-өнерге сусап, шөлдеп қалған мейірін

қандырып, білім дариясына армансыз шомылып, еркін жүзуіне бар пейілін салды. Редакторы Ахаңның өзі бас боп, газет бетінде исі қазаққа арнап білім жарысын ұйымдастырып, ата салт-дәстүрдің жоралғысымен бәйгі жариялап, пікірін оздырған шын жүйрікке де, ақ-адал көңілімен қосылған талапкерге де сәт сапар тілеп, оң батасын берді. 

Слайд 20

Айқап журналы

"Айқап« журналы ;
Журналды шығару жұмыстарына қызмет атқарған белгілі жазушылар ;
Айқап

журналының ашылу тарихы ;
Айқап журналынды қозғалған мәселелер ;
Айқап журналының тоқтау себебі ;
Қорытынды.

Слайд 21

Айқап журналы

"Айқап" - қоғамдық-саяси және әдеби журнал.
1911-1915 жылы Троицк қаласында басында айына бір рет,

кейіннен айына екі рет шығып тұрған. 1-2 мың данамен 88 нөмірі жарық көрген. Алғашқы редакторы - М.Сералин.

Слайд 22

Айқап журналы

"Айқап" қазақтың қоғамдық санасының оянуына және ұлттық мәдениеттің дамуына үлкен үлес

қосқан. Журналда қазақ ауылдарындағы оқу-ағарту жұмыстары, әйел теңдігі, отырықшылық өмір салтына көшу, сонымен қатар Мемлекеттік Думаға қатысу жөніндегі саяси мәселелер көтерілді. Журналды шығару жұмыстарына Ә .Ғалимов, С.Торайғыров қатысқан. Журналда А.Байтұрсынұлы, Ш.Құдайбердіұлы, Б.Майлин, Б.Өтетілеуов, С.Көбеев, Н.Құлжанов, т.б. сияқты белгілі жазушылар белсенді қызмет атқарған. Абай, Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин өлеңдерімен қатар халық ауыз әдебиетінің шығармалары, шығыс, орыс және еуропа әдебиетінің туындылары жарияланған.

Слайд 23

Ұзақ уақыт күш-жігер жұмсап, аянбай еңбектенуінің арқасында М. Сералин 1910 жылдың аяғында

журнал шығаруға рұқсат алды. “Қостанай уезінің Шұбар болысы № 5 ауылының қазағы М. Сералинге, – делінген құжатта,- Троицк қаласында оның жауапкершілігімен мынадай бағдарлама бойынша: бас мақалалар, шетелдік хабарлар, мұсылмандар өмірінің мәселелері, хроника, фельетондар мен өлеңдер, библиография және ғылыми мақалалар, аралас дүниелер және редакцияға хаттар бағдарламасымен ай сайын “Эй-кафь” журналын шығаруға рұқсат берілді”. Прогресшіл демократияшыл зиялылардың сан жылдар бойы аңсаған армандары орындалды:1911 жылғы 10 қаңтарда Троицкіде қазақ халқының тарихындағы тұңғыш “Айқап” ұлттық журналының бірінші нөмірі шықты.

Слайд 24

Ұйымдастырушы және баспагер, идеялық басшысы және редакторы М. Сералин (1872-1929) бұрын педагоктік

және журналистік қызметпен айналысқан, сол кезге қарай белгілі ақын, әдебиетші, қоғам қайраткері болған. Кеңестік тарихнаманың дегені жүріп тұрған кезеңде көптеген зерттеушілер идеологияға жағынып, М. Сералинді XX ғасырдың басында Оңтүстік Оралдың революцияшыл социалдемократтардың шеңберіне кезігуге тырысты. Мұның бәрі “Айқап” журналын кеңес өкіметі контрреволюциялық ұлтшыл деп айыптаған “Қазақ” газетіне қарсы қою мақсатымен жасалған еді. М. Сералиннің өз айтуына қарағанда, журнал “еңбекші таптың органы болған жоқ. Халықтық болған ол белгілі бір таптық, саяси және экономикалықбағдар ұстанбады ”.“Оренбургский край” газетінің журналды “жергілікті халықтық басылым” деп атағаны кездейсоқ емес.

Слайд 25

М. Сералиннің сіңірген еңбегін атап өте келіп, зерттеушілер ол “Қазақстанда демократиялық бағыттағы

ұлттық журнал шығаруды бірінші болып жолға қойды. “Айқап” журналы білім әлеміне ашылған бір терезе болды”деп атап көрсетеді. М. Дулатов “Оян ” деп қазаққа дабыл қаққаннан кейін М. Сералиннің демократияшыл зиялыларды, либерал-революциялық ниеттегі студент жастарды іс жүзінде топтастырып, олардың назары мен жігерін жалпы ұлттық проблемаларды шешуге шоғырландыра білгенін айту керек. “Айқап” патша өкіметінің реакциясынан кейін қазақ қоғамын оятты, “Қазақ” газеті оның жақсы дәстүрлерін жалғастырып, жаңа биікке көтерілді.

Слайд 26

Айқап журналы

М.Сералинмен қатар, Б. Қаратаев, Ж. Сейдалин, С. Торайғыров журналдың рухани жетекшілеріне

айналды. “Айқап” төңірегіне әртекті қазақ демократияшыл зиялыларының, талантты студент жастардың өкілдері топтасты.  Журналға А. Ғалымов, М. Жолдыбаев, Т. Жомартбаев, М. Кашимов, Қ. Кемеңгеров, М.Ж. Көпеев, А. Мұсағалиев, Б. Сыртанов, С. Лапин, Н. Манаев және тағы басқалар белсене қатысып тұрды.

Слайд 27

Журнал беделінің өсуіне бастапқы кезеңде оның жұмысына А. Байтұрсыновтың, М. Дулатовтың қатысуы

себепші болды. Дала өлкесінің демократияшыл қалың жұртшылығы кейіннен қазақ мәдениетінің, әдебиетінің аса көрнекті қайраткерлеріне айналған дарынды тұлғалар: С. Сейфуллин, Ш. Құдайбердиев, Б. Майлин, С. Дөнентаев, С. Торайғыров, М. Жұмабаевтардың шығармашылығымен танысуға мүмкіндік алды. Журнал беттерінен қырғыз И. Арабаев, ноғай С. Ғаббасов, түрікмен Ш. Назари және басқалар көрінді. Қазақ әйелдері Сақыпжамал Тілеубайқызы, Мариям Сейдалина, Гүлайым Өтегенқызы, Нәзипа Құлжанова журнал беттерінде әйелдердің тең құқықтығы, қазақ әйелдерін азат ету, балалар мен аналарды қорғау проблемасын көтерді.

Слайд 28

Айқап журналы

“Бізге не істеу керек?” деп аталған мақаласында “Айқап” өз бағдарламасын былай

деп белгілеген:
1. Отырықшылыққа көшу, қалалар тұрғызу, жерден қол үзбеу ;
2. Мектептер мен медреселер ашу, білімді әрі мәдениетті болу ;
3. Дін істерін өз қолына алу, өз мүфтиін сайлау ;
4. Мемлекеттік Думаның мінберінен халық мүдделерін қорғау және оларды үкіметке жеткізе алатын депутаттардың болуы ;
5. Петербургте тұрақты өкілдік болуы .

Слайд 29

“Айқап” нөмірден-нөмірге жер мәселесіне зор көңіл бөліп отырды. Бұл түсінікті де. Патша

өкіметі орыс және украин шаруаларын қоныс аудару қозғалысының қарқынын ұлғайту мақсатына қазақтардың құнарлы жерлерін күштеп тартып алу жолымен “қоныс аудару қорын” құрды. “Айқап” жетекшілері мұндай жағдайда көшпелілер мен жартылай көшпелілердің отырықшылануы, “тұрғылықты ауылдық елді мекендер” салу, егіншілік негізінде қазақ шаруаларының тұрмыс-салтын өзгерту қажет деп саналды. “Қазақ” газетінің жетекшілері, ең алдымен Ә. Бөкейханов басқаша көзқараста болды. Журнал мен газет арасындағы жер мәселесі жөніндегі пікірсайыс екі жақтың да көп күшін алды.

Слайд 30

Айқап журналы

“Айқап” журналы ағарту ісі мен мәдениеттің жаршысы болды. М. Сералин “біздің

ғасырымыз-ғылымның ғасыры” деп санады. Ол Ш. Марджанидің, Ы.Алтынсариннің ізбасары болды. Жәдидшілдіктің, жаңа әдіспен дауыстап оқытудың атасы И. Гаспринскийді өзінің ұстазы және тәләмгері деп білді.

Слайд 31

Айқап журналы

Сонымен бірге М. Сералин “Айқап” беттерінде мұсылмандардың қасиетті кітабының мазмұнын ыңғайлы,

түсінікті нысанда баяндауға тырысқан авторлардың мақалаларын жариялап отырды.
“Айқап” журналының қазақ фольклорын зерттеудегі, абайтануды қалыптастырудағы, орыс және дүниежүзі классикалық әдебиетінің рухани мұрасын насихаттауда атқарған рөлі зор.

Слайд 32

Айқап журналы

Бірінші дүние жүзілік соғыстың басталуы жағдайында едәуір шиеленіскен зор қаржы қиындықтары,

зиялылардың бір бөлігінің сол кезге қарай өзінің көркемдік толысқандығымен, қазақ әдеби тілін түлетуімен, стилінің сындарлылығымен және ең бастысы-толғағы жеткен жалпы ұлттық проблемаларды қоюымен әйгілі болған “Қазақ” газеті жағына шығуы 1915 жылдың тамызында“Айқап” журналы шығуының тоқтауына себеп болды.

Слайд 33

Айқап журналы

«Айқап» журналы ХХ ғасыр басындағы қазақ зиялыларының ұлты үшін атқарған ұлы еңбектерінің

куәсі. Журнал 1911 жылдың қаңтары мен 1915 жылдың қыркүйегі аралығында Троицк қаласынан кейде айына бір рет, кейде екі рет шығып тұрған қазақтың алғашқы қоғамдық саяси және әдеби-мәдени журналы. Редакторы – көрнекті көсемсөзші, ақын, зерттеуші Мұхамеджан Сералин. Журналды шығару ісіне татар ұлтының зиялылары біршама қаржылай-рухани көмек көрсеткен. Басылымның 88 саны жарық көрген.

Слайд 34

Алаш зиялылары

Жоспар :
Алаш туралы түсінік ;
Алаш зиялылары ;
Алаш партиясы ;
Алаш

Орда үкіметі ;
«Алаш» партиясының өмірге келуі ;
Қорытынды.

Слайд 35

Алаш зиялылары

Алаш қозғалысы – тарихи – саяси , айрықша құбылыс ретінде ұлтымыздың

мәдени – рухани даму жолын жаңа арнаға бұрғаны сөзсіз. Өйткені ол Қазақ баласының саясат , мәдениет сатысына көтерілгендігін айғақтай отырып , ендігі жерде ұлт ретінде дербес өмір сүруге , өзге елдермен терезесі тең халық ретінде азат күн кешуге болатындығына әлеуметті сендіре алған жаңашыл қозғалыс еді. Алаш қозғалысының ең ұлы мақсаты – ұлттық тәуелсіз мемлекет құру .
Алаш – халқымызды бесігінде тербеп , есейіп ат жалын тартып мінгенде бойына күш – қуат және сенім берген ұлттық идея.
Алаш – ұлттың өзін бөлінбес тұтас жер , яғни территория ретінде сезінуі.

Слайд 36

Алаш зиялылары

Слайд 37

Алаш зиялылары

Слайд 38

Алаш зиялылары

«Алаш» партиясы (1917—1920) — Тұңғыш жалпықазақ съезін шақыру туралы шешім 1917 жылғы сәуір

айында өткен Торғай облыстық қазақ съезінде қабылданып, съезд оны даярлауды Ә.Бөкейханов пен А.Байтұрсынов бастаған бір топ қазақ зиялыларынан құрылған айрықша бюроға тапсырды. XX ғасырдың бас кезіндегі ұлт-азаттық қозғалыс тарихының өзекті мәселелерінің бірі – Алаш партиясының құрылуы, оның тарихи негіздері, саяси әлеуметтік сипаты және тарихта алатын орны. Қазақ зиялылары саяси партия құру әрекетін бірінші орыс революциясы жылдарында-ақ қолға алған болатын. Төрағасы — Әлихан Бөкейханов. 

Слайд 39

Алаш зиялылары

XX ғасырдың басындағы елдегі аласапыран қиын кезеңде халықтың қамын ойлаған саяси

күш – Алаш қозғалысы болатын. Осы қозғалыстың басында – саяси мәдениеті әлемдік деңгейге көтерілген, оқыған, сауатты, кәсіби даярлығы заманына сай адамгершілік-имандылық қасиеттері ата-бабамыздың сан ғасырлық қастерлі құндылықтарымен сусындаған Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Тынышбаев, Ж.Ақбаев, Б.Қаратаев сияқты дүлдүлдер тұрса, солардың ізін басқан болашақтың нарқасқа ұлдары – Ж.Досмұхамедов, М.Жұмабаев, С.Сейфуллин, М.Шоқай, Т.Рысқұлов, С.Сәдуақасов, Ж.Аймауытов, М.Әуезов тағы басқалар одан әрі дамытты.

Слайд 40

Алаш зиялылары

Бірінші жалпықазақ съезіне қатысқан М.Шоқаев өзінің естеліктерінде бұл жиынға өзбек және

татар елдері өкілдерінің де қатынасып, өздерінің ыстық ықыласын білдіргендігін айтып: «Сөйтіп құрылтай ұлы түркі халықтарының бас қосқан үшеуінің мызғымас бірлігін көрсететін сахнаға айналды» - дейді. Бірінші жалпықазақ съезін ұйымдастыру бюросы «Қазақ» газетінің 24-маусым күнгі санында съездің тәртібіне қойылатын мәселелерге байланысты ел талқысына өз тұжырымдарын ұсынды. Тезистер түрінде баяндалған бұл мәселелердің бәрі дерлік кейін бірінші жалпықазақ съезінің күн тәртібіне енді.

Слайд 41

Алаш зиялылары

Алаш партиясы мүшелері Алаш Орда үкіметінің құрамында барынша көпшілігі болған. Тарихты халық жасағанымен, қоғамның

тарихи даму заңдылықтарын реттеп отыратын заңдар мен құқықтық құжаттарды, саяси-құқықтық доктриналарды нақты тұлғалар жүзеге асыратыны белгілі, осы салада мемлекеттік тілдің де атқарар қызметі зор. Қазақ жері екі ғасырдан астам Ресей самодержавасының қол астында болған жылдарда, қазақ халқының өз тағдырын өзі билеу құқығынан айырғаны, көк түрік дәуірінен бастау алған бірегей саяси тарихы бар халық, түгелдей империялық заңдардың бұғауына түскені, біздерге тарихтан белгілі.

Слайд 42

Қазақ қоғамының осы қасіретін халықтың озық ойлы, көзі ашық өкілдері аңғара бастады.

Олар халықты саяси күрес додасына бастап шықты. Бұған себеп болған 1917 жылғы Ресейдегі қос төңкеріс еді. Патша үкіметінің тақтан құлауы саяси күресті одан әрі қыздыра түсті. Қазақ зиялылары саяси қызметтің қатерлі жолына жалтақтамай, жанқиярлықпен күрескен көрнекті тұлғалар шықты. Олар: Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Жақып Ақбаев, Әлімхан Ермеков, Халел Досмұхамедов, Жаһанша Досмұхамедов және т.б. болатын. Олар патша самодержавасының қазақ халқының саяси-сезімінің қалыптасып, оның саяси күреске ұласуына, барынша кедергі келтіріп отырғанын бірден түсінген еді.

Слайд 43

Алаш зиялылары

1917 жылдың 21 қараша күні «Қазақ» газетінде Алаш партиясы бағдарламасының жобасы және

съез материалдары жарияланды. «Алаш» партиясының өмірге келуі үлкен саяси мәселе еді. Сол кездегі қазақ зияларының ғылыми жұмыстарымен де, оқу-ағарту ісімен де, алғашқы қазақ тілінде басылымдар шығару әрекетімен де, көркем әдебиетімен де айналысқанын көруге болады. 

Слайд 44

«Алаш» партиясы бағдарламасының жобасындағы тоғызыншы тарауда «Ғылым-білім үйрету» жөнінде
- Оқу ордаларының есігі

кімге де болса ашық, ақысыз болуы;
Жұртқа жалпы оқу жайлы; бастауыш мектептер ана тілінде оқылады;
Қазақ өз тілінде орта мектеп, университет ашуға;
Оқу жолы өз алдына автономия түрінде болуы;
Үкімет оқу ісіне кіріспеуі;
Мұғалімдер-профессорлар өзара сайлаумен қойылуы;
Ел ішінде кітапханалар ашылу туралы айтылады;
Газет шығаруға, кітап бастыруға еркіншілік - деп көрсетілген.

Слайд 45

1917 жылғы 5-13 желтоқсанда Орынбор қаласында Екінші жалпықазақ съезі өтеді. Съездегі қаралған

аса маңызды мәселелер: қазақ-қырғыз автономиясы; милиция құру; ұлт кеңесі; оқу мәселесі т.б..
Бұл сиезде автономияны жариялау мерзімі туралы қызу тартыстар бірнеше күнге созылды. Осы съезде Алаштың аяулы азаматы Міржақып Дулатов баяндама жасады: қазақ даласында медресе мен мектептердің аздығын, қазақ тілінде оқулықтардың жетіспейтінін, сондықтан міндетті түрде ұлттық мектептерді құру керектігін тілге тиек етті. Осы мәселе бойынша құрамы 5 адамнан тұратын бастауыш және орта мектептерге арналған қазақ тілінде оқулық жазатын комиссия құрылды. 

Слайд 46

 Комиссия орталық ұлттық кеңеспен бірге болу керек. Комиссияға оқулықтан басқа да жұмыстар

жүктелді. Атап айтсақ: ұлттық мектептерге арналған бағдарламалар; мұғалімдерге арналған нұсқаулар; бала тәрбиесі жөніндегі кітаптар; барлық қырғыз-қазақ мектептерінде халықтық білім беру іс-шараларының ережелерін жасау; қазақ тілінде жазу үлгілерін енгізу; қазақ тіліне пайдалы кітаптарды, брошюраларды аудару т.с.с. Комиссия 1918 жылдың басынан жұмысқа кірісу керек. Өздері құрастырған кітаптарын, бағдарламаларын баспаға жариялап отыру қажет. Комиссия құптамаған окулықтар басылымға шығарылмайды. Комиссия жұмысына қаражатты облыстық земстволар ұлттық қордан бөлуге тиіс делінген.

Слайд 47

Алаш зиялылары

 Жаңадан құрылып жатқан «Алашорда» үкіметі алғашқы сағатынан бастап ұрпақ тәрбиесіне, ұрпақ

болашағына зор көңіл бөлген. Жас ұрпақтың туған тіліне деген сауаттылығын арттыру үшін, ана тіліндегі оқулықтарды жасауға кіріскен. Бала тәрбиесіне, оқуына осындай қиын заманда жаңаша бетбұрыс, бұл болашаққа деген сенім еді. Білімді жастар, еліне салауатты да сауатты қызмет етеріне деген үміт болатынды .

Слайд 48

Алаш зиялылары

Алаш зиялыларының саяси және рухани күресіндегі негізгі мақсат, орасан міндет, ол

ұлтымызды ұйыстыру, сол арқылы елдігімізді айқындау десек, онда осындай ұланғайыр сауапты істің аясында ана тілімізді сақтау мәселесі тұрды. Алаш қайраткерлерінің қай-қайсы да тілдің саяси, қоғамдық һәм рухани үлкен күш, ұлтты біріктіруші қуатты құбылыс екендігін жақсы сезінді. Сондықтан да Алаш сияқты аса ірі қозғалыстың рухани тінінде қазақ тілі мәселесі ерекше орынға ие болды.
Имя файла: Қазақ-газеті.pptx
Количество просмотров: 102
Количество скачиваний: 3