Слайд 23Қазақстандағы партия ұйымдарында тазарту жұмыстарын жүргізіп, жазықсыз жандарды ату жазасына кескен сталиндік жүйе
бұл қанды қырғынмен толастамайды. 1938 жылы 15 мамырда республика басшысы Л.Мирзоянға И.Сталиннен «жұмысты Скворцовқа тапсырып, жаңа қызметке тағайындалу үшін Кремльге келіңіз», — деген жеделхат келеді. Жеделхатты алысымен жолға шыққан Л.Мирзоянды 23 мамырда Мəскеуге бара жатқан жолда Коломнада қамауға алынып, 1939 жылы 26 ақпанда Лефортов түрмесінде атады [10, 11–12]. 1938 жылы 16 мамырда Б (б) КП ОК өкімі бойынша шыққан Қ (б) КП ОК № 123 шешімінде Л.И.Мирзоянды қызметінен босату туралы шешім қабылданады. 1938 жылы 17 мамырда өткен ҚазПИ партия ұйымдарының жиналысында қазақ халқына адал қызмет еткен Л.Мирзоянның атына қатаң сын айтылып, оны Қазақстанға «өз адамдарын», «өз артелін» əкеліп, оның көпшілігі нəтижесінде «халық жаулары» болып шыққандығын, оның сын-пікір айтуға əрқашан тосқауыл болғандығы туралы айыптар тағады [10; 240–241].
Осы тұста «мыңдаған жазықсыз жанның өмірін қиған «қанды қырғын» Кеңес мемлекетіне не үшін қажет болды?» деген орынды сауал туындайды. Мемлекеттің түрме, лагерлердегі бірнеше миллиондаған адамдарды ұстауға артық қаражаты болды ма? Əрине, жоқ. Қамаудағы адамдар ең алдымен, кеңес экономикасын көтеретін «өзін-өзі ақтайтын» құрал болды. Шын мəнісінде, өте қысқа мерзім ішінде орасан зор өнеркəсіптік жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік бергендіктен, репрессия индустрияландыру саясатының тиімді бөлігі болып табылды. Мəселен, зерттеуші М.Əбдікəрімов:
«ГУЛАГ экономикалық субъект ретінде ХХ ғасырдың ең тиімді жобасы болды. Асырауға шамалы шығын ғана кететін қамаудағылардың, ақшаға емес, өлім қауіпінен қорқып жұмыс істейтін жұмыскерлердің еңбектері ГУЛАГ ресурстарымен өркениетті экономикалық тəсілдермен он шақты жылды қажет ететін жұмыстарды 5–6 жылда жасауға мүмкіндік берді», — деп жазады. Осылайша, бүгінде репрессияның экономикалық жасырын сыры айқын бо
Қазақ даласын атақты жəне адал азаматтарынан айырған сталиндік геноцид Ақпан жəне Қазан төңкерісітер кезеңінде 2-ге бөлінген қазақ интеллигенциясын жойып жібергендігі тарихи ақиқат. Сондықтан, бүгінгі күнде саяси репрессия тақырыбын əлі де болса тереңірек зерттеп, жаңа ғылыми- зерттеу жұмыстарын жүргізу қажет. Қазақстан Республикасы тəуелсіздік алғаннан кейін, 1997 жылы «31 мамыр — Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні» болып ресми түрде жарияланды. Бұл жас ұрпақ бойына отаншылдық сезімін ұялатуға, тарихтың «ақтаңдақ беттерін» зерделей отырып, өшкенді жаңғырту, қоғамдық жүйені парасаттылық тұрғысынан пайымдау үлгілерін танытуға мүмкіндік береді.