Испания соғысаралық кезеңде презентация

Содержание

Слайд 2

§24. ИСПАНИЯ СОҒЫСАРАЛЫҚ КЕЗЕҢДЕ

Слайд 3

1.Испанияның Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жағдайы.
2. Буржуазиялық-демократиялық революция.
3. Халықтық майданның жеңісі
4.

Азамат соғысы және фашистік басқыншылық.
5. Ф.Франко диктатурасының орнауы.

Жоспар

Слайд 4

Испания Еуропадағы даму жағынан артта қалған мемлекеттердің бірі болды. Испан-Америка соғысында жеңіліс тапқаннан

кейін, бүл мемлекет үлкен дағдарысқа үшырады. Бүрынғы күшті испан монархиясының дәурені өтті. Жер дауы мен үлттық мәселелердің шешілмеуі дағдарысты шиеленістірді.

Бірінші дүниежүзілік соғыста Испания бейтарап ұстанымда болды. Соғыс Испанияның тауарларына сұранысты көбейтіп, сәйкесінше бұл ел экономикасын көтеруге ықпал етті. Бірақ ол ұзаққа бармады. Соғыс- тың аяқталуы экономикалық дағдарыска соқтырып, испан қоғамының мәселелері шиеленісіп кетті.

Слайд 5

1921 жылдың жазында Испанияда үлкен дағдарыс басталды. Бұл дағдарыс испан әскерлерінің Мороккада Риф

Республикасының бүлік шығарушы тайпаларынан тапқан жеңілісінен кейін туындады. Басқарушы партия мен патша халықтың сенімінен айырылды. Бұл жағдайда мемлекеттік төңкерісті жасауға ешкім кедергі бола алмады. Төңкерісті 1923 жылы 13 қыркүйекте генерал Мигель Примо де Ривера жасады.

Примо де Ривера үкіметті алмастырған әскери диктатураны (хунта) орнатты, кортестерді (парламенті) таратты, төтенше жағдайды енгізді, конституцияның әрекетін тоқтатты. Жер-жерде билік әскери губернаторларға берілді. Диктатура өз мақсатын Испанияны «жаңарту» деп жариялады. Бірақ бұл жаңарту Италия үлгісі бойынша қоғамның фашистенуіне әкеп соқты. Аймақ халқын күштеп испандандыру жүргізілді. Сыртқы саясатта «Ұлы Испания» құру бағыты қолға алынды.

Слайд 6

1930 жылы 28 қантарда Примо де Ривера отставкаға кетуге мәжбүр болды. Елде жаппай

республиканы қалпына келтіру қозғалыстары жүрді. 1930 жылы 12 желтоқсанда монархияны құлатуға арналған сәтсіз әрекет жасалып, бүлікшілер тұтқындалды.

Сұрақ ?

Примо де Ривера Испанияны қалай өзгертті?

Слайд 7

Сұрақ?

Буржуазиялық – демократиялық революция дегенімізді қалай түсінесіңдер?

Слайд 8

1931 жылы 12 сәуірде Испанияда республиканы жақтаушылар жеңіске жеткен сайлау өтті. 14 сәуірде

XIII Альфонс патша елден қашып, сол күні Испания республика болып жарияланды. Бұл бейбіт демократиялық революция болды. Билік уақытша А.Самораға өтті.

Жаңа биліктің алдында:
елде аграрлық реформа өткізу (себебі жер иеленушілерге 67 пайыз жер тиесілі еді);
ұлттық мәселелерді шешу;
жұмысқа жарамды түрғындардың 40 пайызын қамтыған жұмыссыздықты жою мәселелері тұрады.

Слайд 9

Бұл уақытта Испанияда төрт ұлт дамыды

испандық

каталондық

басктік

галисийлік

Слайд 10

А.Самора президент болып сайланды. Жаңа демократиялық Конституция қабылданды. Дін мемлекеттен бөлініп, монахтық діни

ордендер жойылды. Каталония автономия алды. Аграрлық реформаның өткізілетіндігі: жер иелерінен жерді сатып алып, қарапайым халыққа үлестірілетіндігі жарияланды.

Бірақ

Бірақ үкіметтің реформаларды өткізудегі батылсыздығы, қарапайым халыққа зор ықпал етуші католиктік шіркеудің билікке араласуы 1933 жылғы сайлауда оң жақ блоктың жеңісіне әкеп соқты. Олар реформа жүргізуді тоқтатты. Басктерге автономияны қамтамасыз етуден бас тартты. Қарсыластарға үкімет әскери күш қолданды.

Слайд 11

1933 жылы Хосе Антонио Примо де Ривера Испандық фаланга партиясын құрды (испандық фашистер).

Ол республиканы жоюды, билігі күшті унитарлық мемлекет құруды, католиктік шіркеудің құқықтарын кеңейтуді ұсынды.

1934 жылы үкіметтің саясатына қарсы жаппай халықтық наразылықтар туды. Каталония өз тәуелсіздігін жариялады, Астурияда қарулы көтеріліс болды. Сол жақ күштердің бірлігінің жоқтығы бұл наразылықтарды басып тастауға әкеп соқты.

Слайд 12

Жеңілісті мойындамаған сол жақ күштер 1936 жылы біршама реформалық бағдарламаларын үсынған «Халықтық майдан»

құрды:
Саяси түтқындарға кешірім
демократиялық қүқық пен бостандық,
Каталонияның автономиясын қамтамасыз ету,
табысты көбейту, салықты азайту
аграрлық реформа жүргізу қарастырылды.
Бағдарлама 1936 жылы ақпан айында қолдау тауып, Халықтық майдан билікке келді.

Қорытынды

Слайд 13

Ойланыңдар!
Испанияда Халықтық майданды құруға не себеп болды?

Слайд 14

Көтеріліс 1936 жылы 17 шілдеде Мароккода басталды. Келесі күні соғыс Испанияның басқа да

аймақтарына таралған. Көтерілісшілерге испан әскерлерінің 80 пайызы жақтасты. Нәтижесінде 20 мың офицерден республиканы жақтаушы 500 офицер қалды, бірақ авиация мен флот республиканы жақтаушылар қатарында қалды. Елде азамат соғысы басталды.

Азамат соғысы дегеніміз не?

Слайд 15

• Анықтаңдар!
Ірі мемлекеттер Испаниядағы азамат соғысына қатысты қандай ұстанымда болды?

27 мемлекет арасында Испанияның

мәселесіне араласпау туралы келісімге қол қойылды. Бірақ Италия мен Германия бүл келісімді орындамай, франкистерге қару-жарақ тасымалдады. 1936 жылы КСРО келісімді сақтамайтынын, республикалықтарды әскери кеңес- шілер мен қару-жарақпен қамтамасыз ететінін мәлімдеді.Республиканы қорғау мақсатында Испанияга фашизмге қарсы күресуге 35 мыңнан 42 мыңга дейін адам келген. Бүлардан интернационалдық бригадалар құрылды.

Слайд 16

Испанияда болган азаматтық соғысқа араласпау саясаты уақыт өте келе фашистік диктаторлардьщ еуропалық континентте

нығаюына әкеп соқты.

Слайд 17

1938 жылы сәуірде франкистердің әскерилері Каталонияны республиканың аймагынан бөліп тастады. Республикалық әскердің 1938

жылгы шілде айындагы қоршауды бұзуга деген әрекеттері сәтсіз аяқталды. 1939 жылы Каталония басып алынды. Республикалықтардың бақылауындагы аймақ Франциядан оқшау қалды.

Республикалықтардың бақылауындағы аймақтарга франкистік әскерилер кірді. 1939 жылы наурыздан бастап 1975 жылга дейін Испанияда генерал Ф.Франконың диктатурасы орнатылды.

Слайд 18

Франкистер өз қарсыластарына қүғын-сүргін жүргізді.
1939- 1944 жылдары 200 мың адамға өлім жазасы

тағайындалды, 270 мың адам түрмеге жабылды, 300 мың адам отанын тастап кетуге мәжбүр болды.
Соғыс Испанияға оңайга соқпады:
1 млн адам қаза болды
500 мың тұрғыны отанын тастап кетті
ел күйреп қалды.

Слайд 19

1. Бірінші дүниежүзілік соғыс Испанияның дамуына қандай ықпал етті?
2.М.Примо де Ривераның диктатурасына анықтама

беріңдер.
3.Испаниядағы Халықтық майдан бағдарламасын бағалаңдар.
4. Азаматтык соғыс кезінде майдандағы жағдай қалай дамыды?

Кері байланыс

Имя файла: Испания-соғысаралық-кезеңде.pptx
Количество просмотров: 116
Количество скачиваний: 1