Верный бекнісі презентация

Слайд 2

Слайд 3

Верный – Алматы қаласының 1921 жылға дейінгі атауы. Орта ғасырлардағы Алмату (Алматы) қонысының

орнына 1853 жылы Ресей үкіметі Заилийский әскери бекінісін салды. Ол 1854 жылғы ақпаннан «Верный»(«Сенімді») деп аталды. Верный табаны бес бұрышты қамал тұрғызылды, оның айналасына терең ор қазылып, ағаш шарбақпен қоршалды. Қамал гарнизонында Іле отрядының 470 солдаттары мен офицерлері қызмет етті. 1855 жылдан бастап Верныйға Ресейдің орталық губернияларынан, кейіннен Сібірден орыстар мен татарлар көшіп келе бастады. 1855 жылы Алатау округінің әкімшілігі Қапалдан Верныйға ауысты.
1856 жылы Верныйда Қазына бағы (қазіргі Орталық саяжай) салынды. Татарлар қонысының маңынан кәсіпкер Әлімжановтың алғашқы су диірмені іске қосылды. 1858 жылы Кузнецов деген көпес сыра қайнататын зауыт ашты. 1860 жылы пошта бөлімшесі мен аурухана ашылып, шешек ауруына қарсы егу жүргізіле бастады. 1859 жылы мамырда Верныйдың тұрғындары 5 мыңға жетті. 1867 жылы Верный бекінісі қалаға айналып, Верный уезінің және Семей облысының әкімшілік орталығы болды.

Верный – Алматы қаласының 1921 жылға дейінгі атауы. Орта ғасырлардағы Алмату (Алматы) қонысының

Слайд 4

Ұлы жүздің оңтүстік аймақтары Қоқан билігінде болды. Қоқан хандығының басты тірегі Қаскелең өзені

сағасында тұрған Таушүбек бекінісі еді. 1851 жылы 7 шілдеде Таушүбек бекінісі қантөгіссіз берілді. 1853 жылы Орынбор генерал-губернаторы В.А.Перовскийдің басшылығымен Қоқан билеушілерінің Ақмешіт бекінісі Ресейдің қол астына қарады. Орыс əскерлерінің Іле бойымен жылжуына жол ашылды. 1853 жылы Ұлы жүз приставы майор М.Д.Перемышельский отряды Талғар өзенінің Ілеге құяр жерінде Іле бекетін тұрғызды. 1854 жылғы көктемде М.Д.Перемышельский отряды Алматы қонысының орнына Верный бекінісін салды. 1854 жылғы күзде Верныйға Іле отрядының 470 əскері əкелінді. 1855 жылы Сібірден 400 отбасы келіп қоныстанды. Олар Үлкен Алматы станицасын мекендеді. Верный кейін Іле қонысы деп аталды.
Верный бекінісі Шу мен Талас алабына Ресей империясының экономикалық-саяси ықпалын жүргізетін басты тірекке айналды.
1855 жылғы жазда Ұлы жүз приставы резиденциясы Қапалдан Верныйға ауыстырылды. 1856 жылы Верныйда Орталық Ресей губернияларынан және Воронежден келген қоныстанушылар көбейді. 1857 жылы тұңғыш су диірмені салынып, ал 1858 жылы сыра зауыты іске қосылды. Белгілі ғалым-саяхатшылар П.П.Семенов-Тяньшанский, Н.М.Пржевальский, И.А.Северцев, XІX ғасырдың 60 жылдары Ш.Уəлиханов Верныйда болған. Верный бекінісінің салынуы 19 ғасырдың 50 жылдарында Қазақстанның оңтүстік аудандары мен қырғыз жерінің Ресейге қосылуын тездетті.

Ұлы жүздің оңтүстік аймақтары Қоқан билігінде болды. Қоқан хандығының басты тірегі Қаскелең өзені

Слайд 5

Слайд 6

Имя файла: Верный-бекнісі.pptx
Количество просмотров: 22
Количество скачиваний: 0