Слайд 2
![Үш мың жыл бұрын ежелгі Италия тұрғындары Жердің қамқоршысы әйел-құдай](/_ipx/f_webp&q_80&fit_contain&s_1440x1080/imagesDir/jpg/148733/slide-1.jpg)
Үш мың жыл бұрын ежелгі Италия тұрғындары Жердің қамқоршысы әйел-құдай
– Майяға табынған. Соның құрметіне бүгінге дейін мамыр айының алғашқы күні серуендеу мен салтанат мерекесі болып есептелді.
Слайд 3
![1890 жылы Парижде өткен ІІ интернационал конгресінің шешімімен 1886 жылы](/_ipx/f_webp&q_80&fit_contain&s_1440x1080/imagesDir/jpg/148733/slide-2.jpg)
1890 жылы Парижде өткен ІІ интернационал конгресінің шешімімен 1886 жылы
Чикагода болған америкалық еңбекшілердің 8 сағаттық жұмыс күнін талап етіп, капиталистер мен қанаушыларға қарсы жанқиярлық күресінің құрметіне Варшава қаласында сол жылдан бастап 1 Мамыр еңбекшілердің ынтымағы мерекесі ретінде аталып келеді.
Слайд 4
![Алғаш айтулы мейрамды 1890 жылы Аустро-Мажарстан, Белгия, Алмания, Дания, Испания,](/_ipx/f_webp&q_80&fit_contain&s_1440x1080/imagesDir/jpg/148733/slide-3.jpg)
Алғаш айтулы мейрамды 1890 жылы Аустро-Мажарстан, Белгия, Алмания, Дания, Испания,
Италия, АҚШ, Норвегия, Франция, Швеция сияқты мемлекеттер атап өтті. Содан бері аумалы-төкпелі заман өтіп, саяси жүйелер жаңғырса да, қазіргі таңда 1 Мамыр мерекесін әртүрлі мазмұнда әлемнің 66 мемлекеті тойлайды.
Слайд 5
![Украинада 1 Мамыр күні халық алаңда мереке ұйымдастырып, орманда серуен](/_ipx/f_webp&q_80&fit_contain&s_1440x1080/imagesDir/jpg/148733/slide-4.jpg)
Украинада 1 Мамыр күні халық алаңда мереке ұйымдастырып, орманда серуен
құрып, кәуәп дайындайды. Оңтүстік Африка республикасында халықтық өнер туындыларының көрмесін ұйымдастырып, төмен бағамен жалпы халыққа арналған тұрмыстық бұйымдар сатылады.
Слайд 6
![Сицилияда жергілікті халықтың сенімі бойынша, бұл күні даладан түймедақ (ромашка)](/_ipx/f_webp&q_80&fit_contain&s_1440x1080/imagesDir/jpg/148733/slide-5.jpg)
Сицилияда жергілікті халықтың сенімі бойынша, бұл күні даладан түймедақ (ромашка)
теру бақыт әкеледі-міс. Испанияда бұл күн гүлдер мерекесі болып саналады. Ал Берлин полицейлері үшін бұл күн ауыр да мазасыз күн, себебі елдегі партиялар мен қозғалыстардың шеруінің соңы бей-берекет тәртіпсіздіктерге ұласып жатады.
Слайд 7
![Ал америкалықтар болса, мейрам екен демейді, жұмыс істейді. Британияда 1](/_ipx/f_webp&q_80&fit_contain&s_1440x1080/imagesDir/jpg/148733/slide-6.jpg)
Ал америкалықтар болса, мейрам екен демейді, жұмыс істейді. Британияда 1
Мамыр – демалыс күні. 1977 жылы лейбористер билік басында болғанда, бұл күн мемлекеттік мейрам ретінде аталып өтетін. Еуропаның көпшілік елдері бұл күнді атап өтуге соншалық ықыласты емес
Слайд 8
![Аустрия, Болгария, Бразилия, КХДР-да еңбек мейрамы ретінде мемлекеттік деңгейде аталып](/_ipx/f_webp&q_80&fit_contain&s_1440x1080/imagesDir/jpg/148733/slide-7.jpg)
Аустрия, Болгария, Бразилия, КХДР-да еңбек мейрамы ретінде мемлекеттік деңгейде аталып
өтеді. Ресей империясында 1890 жылдан бастап 1 Мамыр мерекесі аталып келеді. Алайда 1897 жылы бұл мейрамды тойлаудың арты саяси сипат алып, бұқаралық бас көтеруге ұласады. Тек большевиктер 1917 жылдан бастап 1 Мамыр мерекесін тұрақты түрде атап өтуді дәстүрге айналдырған.
Слайд 9
![1 мамыр мейрамы КСРО құрсағындағы қырық құрау ұлыстарды бірыңғай кеңес](/_ipx/f_webp&q_80&fit_contain&s_1440x1080/imagesDir/jpg/148733/slide-8.jpg)
1 мамыр мейрамы КСРО құрсағындағы қырық құрау ұлыстарды бірыңғай кеңес
халқына айналуына үлес қосқан-ды. 1 мамыр қызыл төңкеріс пен таптық күрестің символы болды. Кеңестік идеологияның тегеуріні сондай, 1 мамыр күні Маяковскийдің «Бейбітшілік! Еңбек! Мамыр!» деген сөзімен ұран тастап, алқызыл жалау желбіретіп, алаңда төбе көрсетпегендерді ертесіне жұмыстан шығарып жіберетін. КСРО-ның орнын басқан Ресейде 1 Мамыр мерекесін 1997 жылдан бастап Көктем және еңбек мерекесі ретінде атап өтеді.
Слайд 10
![ТМД елдері ішінде Ресей мен Молдавия бұл мейрамда қатарынан бес](/_ipx/f_webp&q_80&fit_contain&s_1440x1080/imagesDir/jpg/148733/slide-9.jpg)
ТМД елдері ішінде Ресей мен Молдавия бұл мейрамда қатарынан бес
күн демалады. Ал Әзірбайжан, Грузия, Түрікменстан және Өзбекстанда 1 мамыр – жұмыс күні. Бірақ өзбек, түрікмен жұрты бұл күні ұлттық тағам дайындап, өзбекше, түрікменше тойлайды.
Слайд 11
![](/_ipx/f_webp&q_80&fit_contain&s_1440x1080/imagesDir/jpg/148733/slide-10.jpg)
Слайд 12
![Республикада қазақтардан басқа 131 ұлыстың өкілдері тұрады. 2013 жылы өткізілген](/_ipx/f_webp&q_80&fit_contain&s_1440x1080/imagesDir/jpg/148733/slide-11.jpg)
Республикада қазақтардан басқа 131 ұлыстың өкілдері тұрады. 2013 жылы өткізілген халық
санағының қорытындысы бойынша халықтың этноқұрамы келесідей болды:
қазақтар - 65,2%,
орыстар - 21,8%,
өзбектер - 3%,
украиндар - 1,8%,
ұйғырлар - 1,4%,
татарлар - 1,2% ,
немістер - 1,1%,
корейлер - 0,6%,
түріктер - 0,6%
Слайд 13
![](/_ipx/f_webp&q_80&fit_contain&s_1440x1080/imagesDir/jpg/148733/slide-12.jpg)
Слайд 14
![мамыр](/_ipx/f_webp&q_80&fit_contain&s_1440x1080/imagesDir/jpg/148733/slide-13.jpg)
Слайд 15
![Әр отбасында бірлік болсын !](/_ipx/f_webp&q_80&fit_contain&s_1440x1080/imagesDir/jpg/148733/slide-14.jpg)
Әр отбасында
бірлік болсын !
Слайд 16
![1 мамыр](/_ipx/f_webp&q_80&fit_contain&s_1440x1080/imagesDir/jpg/148733/slide-15.jpg)
Слайд 17
![](/_ipx/f_webp&q_80&fit_contain&s_1440x1080/imagesDir/jpg/148733/slide-16.jpg)
Слайд 18
![МЕРЕКЕЛЕРІҢІЗБЕН !](/_ipx/f_webp&q_80&fit_contain&s_1440x1080/imagesDir/jpg/148733/slide-17.jpg)