Сәулет ескерткіштері Наурыз презентация

Содержание

Слайд 2

«Наурыз» сөзінің мағынасын ашыңыздар.  

 Парсы сөзі 22 наурыз
Қазақша «Жаңа күн» Жыл басы

Наурыз

Слайд 3

Киіз үй құрылысын жаз

Слайд 4

Архитектура – сәулет өнері. Бұл сөз латынша құрылысшы деген мағына береді. Орта ғасырларда

Қазақстан жерінде сарай, мешіт, кесене, керуен сарайлары, монша сияқты құрылыстар көп салынған. Бұлардың біразы тарихи-мәдени ескерткіш ретінде қазіргі күнге дейін сақталған. Сол ескерткіштерге қарап біз орта ғасырларда қазақ жерінде сәулет өнерінің жақсы дамығанын көреміз.

Слайд 5

Қожа Ахмет Йассауи кесенесі

Түркістан қаласындағы ислам дінінің ғұламасы, сопы Қожа Ахмет Йасауидің

басына тұрғызылған кесене. 1397 жылы Орта Азия билеушісі Әмір Темірдің бұйрығымен тұрғызылған. Ол жерде қазақтың хандары, басқа да атақты адамдары жерленген.

Слайд 6

Айша бибі кесенесі

ХІ-ХІІ ғасырларда салынған сәулет өнерінің тамаша туындысы. Тараз қаласынан 18

шақырым жерде орналасқан. Кесене бір кездері қатты бүлінгендік-тен оның батыс бөлігі ғана сақталған. Сырты керамикалық плиталармен қаланып, ойып жасалған өрнектің сән-салтанаты мен қалаған кірпіштердің әртүрлілігінің өзі таң қалдырады.

Слайд 7

Айша бибі кесенесі

Аңыз бойынша Айша өзінің ғашығы Қараханға бара жатқан жолында жыланның

шаққаны-нан қайтыс болған. Айша бибі тарихтан белгілі Қараханның әйелі. Күмбезді сол Қарахан (Әулие ата) салдырған. Бірақ кесенені салған сәулетші туралы нақты дерек жоқ.

Слайд 8

Қарахан кесенесі

Қазақстанда ХІ ғасырдан сақталған сәулет өнері ескерткіші. Қазіргі Тараз қаласының батыс

шетінде. Кесене Қарахан әулетінен шыққан белгілі хан Қарахан қабірінің басына орнатыл-ған. Күмбезі ғана құлаған кесененің төрт қабырғасы мен жылтыр кірпішпен өрнектелген қос мұнарасы 19 ғасырдың 90-жылдарына дейін сақталған. 1905 жылы оның құлаған бөлігі түгел-дей бұзып алынып, орнына 1906 жылы жаңа кесене салынған.

Слайд 9

Сәулет ескерткіштері


Ежелгі орта ғасырдағы қазіргі сәулет
құрылыстар ескерткіштер өнері

Сәулет ескерткіштері

Ежелгі құрылыстар

орта ғасырдағы ескерткіштер


қазіргі
сәулет өнері

Слайд 10

Сәйкестендір:

Слайд 11

Мәдени мұра

Қазақстан территориясындағы сәулет өнерінің туындылары:
Қожа Ахмет Йасауи кесенесі, Айша бибі,

Бабаджа қатын кесенелері, Қарахан кесенесі, Қозы Көрпеш-Баян сұлу ескерткіші, Жошы хан кесенесі, Сырлытам кесенесі, Аяққамыр, Ақсүмбе күмбезі, Болған ана, Алаша хан кесенелері т.б.
Ортағасырлық сәулет ескерткіштері өзінің салыну техникасының күрделілігі мен материалының беріктігіне байланысты әлі күнге дейін сыр бермей ұлы даланың әр жерінде мен мұндалап тұр. Біздің ендігі міндетіміз – оларды қорғап, сақтау, ұрпақтан ұрпаққа жеткізу.
Қазіргі таңда “мәдени мұра” бағдарламасы аясында ескерткіштерді сақтау, қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.
Имя файла: Сәулет-ескерткіштері-Наурыз.pptx
Количество просмотров: 90
Количество скачиваний: 0