Өзгелік етіс, ырықсыз етіс презентация

Содержание

Слайд 2

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік – өзгелік етіс және ырықсыз етістер туралы білімді қалыптастыру, оның

анықтамасын жүйелі талдап, санаға сіңіру, нақты мысалдар арқылы оны еркін дәлелдеуге төселдіру;        ә) дамытушылық - орындалатын тапсырмалар нәтижесінде білік дағдыларын, мағынаны ажырата білу қабілеттілігін дамыту.                                    
б) тәрбиелік – топ ішінде бір-бірінің пікірін құрметтей алатын, өз ойын тұжырымды жеткізе білетін, тілін құрметтейтін, ортаны сүйетін оқушы тәрбиелеу.    
Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту                           
Сабақтың әдісі: іздендіру, сұрақ-жауап, топпен жұмыс.          
Көрнекілігі:  интерактивті тақтада - слайдтар, сызбалар, бағалау парақшалары.

Слайд 3

Психологиялық дайындық:

«Жүрек лебізі» ойыны. Оқушылар жүректің суретін бір-біріне ұсыну арқылы бір ауыз сөзбен

ізгі тілектерін білдіреді.                      

Слайд 4

«Сиқырлы кітапша»

1.Етіс дегеніміз не?

2.Етістің қандай түрлері бар?

3.Етіске мысал келтір?

4.Өздік етіс дегеніміз не?

5.Қандай жұрнақтар

арқылы жасалады?

6.Өздік етіске мысал келтір?

Слайд 5

Өзгелік етіс қимылдың, іс-әрекеттің сөйлемдегі іс иесі, яғни субъектінің тікелей өзі емес,екінші бір

басқа субъект, қимылды орындаушы арқылы жасалатынын білдіріріп, белгілі бір жұрнақтар арқылы жасалады.
Іс-әрекеттің атқарушысы,қимыл иесі арнайы айтылмай, өздігінен істелгентідігі көрініп, -ыл,-іл,-л түбірдің ішінде л дыбысы болса,-ын,-ін,-н жұрнақтары арқылы жасалатын етіс түрі ырықсыз етіс деп аталады.

Слайд 6

Етістер

Слайд 7

Етіс 
Өздік етіс Өзгелік етіс Ырықсыз етіс Ортақ етіс
Жу-ын-ды жаз-ғыз айт-ыл-ды жаз-ыс-ты
Тара-н-ды

жүр-гіз бер-іл-ді сөйле-с-ті
Ки-ін-ді сал-дыр тазала-н-ды сал-ыс-ты
Күй-ін-ді ас-ыр жаса-л-ды тазала-с-ты
Ора-н-ды сөйле-т сал-ын-ды іл-іс-ті

Слайд 8

I топ:

Слайд 9

II топ:

Слайд 10

III топ:

Слайд 11

    Оқулықпен жұмыс:

1-топ:
241-жаттығу. Берілген сөздерден қажетті жұрнақ арқылы өзгелік етіс жасап жазыңдар.

Үлгі: көбей-т-тір,... 
Көбей.Ойлан. Оқы.Өсір. Жуын. Айқайла. Ал. Өшір. Құтқар.Жина.Жап.Түсі. Сын.Күй. Өт.Ақта. Апар. Әкел. Жет. Күл. Бас. Ойна. Жаз. Айт.

Слайд 12

2-топ:
243-жакттығу. Берілген өзгелік етістерді қолданып, сөз тіркесі мен сөйлем құраңдар.
Үлгі:

жыр айтқыз, Абай үйге келген қонақтарға жыр айтқызды.
Айтқыз. Түсірт. Көрсеткіз. Оқыттыр. Алдырт. Өсірт. Асырт. Жинаттыр. Тазалатқыз. Өндірткіз.

Слайд 13

3-топ:
244-жаттығу. Етістіктердің түбірі мен қосымшаларын дефис арқылы ажыратып жазыңдар.
Үлгі: жина-л-ма-ды,...
Жиналмады.

Ашылды. Аттандырылды. Ілінбеді. Көшірілді. Өткізілді. Төселді. Шегеленбеді. Сөндірілді. Терілмеді. Орылды. Көрсетілмеді. Салынды. Алмастырылды. Бергізілді. Жинақталды. Тазартылды. Қаланды.

Слайд 14

Сергіту сәті.  
«Қара жорға» әуенімен би.    

Слайд 15

Көрме диктант

Төмендегі өлең үзіндісі бірнеше рет оқытылады, өлең өшіріледі де жатқа жазылады:
Тәлім алған

осында атамыз да,
Әжеміз де,мамамыз да,папамыз да.
Құшағына түлегін шақырды ана,-
Енді біз де- үлгілі шәкірт бала.
(М.Әлімбаев.)

Слайд 16

«Сиқырлы қобдиша»
1.Өзгелік етіс
дегеніміз не?
2.Өзгелік етістің
жасалу жолдары? ұнады?
3.Өзгелік етіске мысал

келтір?
4.Ырықсыз етіс дегеніміз?
5.Ырықсыз етіске мысал келтір?
6.Жаңа сабаққа көңіліңіз толды ма?
7.Бүгін қандай тапсырмалар ұнады?
6.Жаңа

Слайд 17

Сұрақтарға толық жауап алынғаннан кейін«Сиқырлы таяқшаны» бір-бірлеріне беру арқылы оқушылар,бүгінгі сабақтан алған әсерлерін,

көңіл-күйлерін білдіреді.

Слайд 18

Үйге тапсырма:

245-жаттығу.
Төленді, салынды, отырғызылды, кешіктірілмеді, шақырылды, өсірілді, деген ырықсыз етістерді қолданып сөйлем

құраңдар.
Үлгі: Қазақстанның көптеген аудандарында жаңа мектептер мен балабақшалар салынды.
Имя файла: Өзгелік-етіс,-ырықсыз-етіс.pptx
Количество просмотров: 116
Количество скачиваний: 1