Адам деген ардақты ат презентация

Содержание

Слайд 2

Құндылық: Ақиқат
Қасиеттер: Әділеттілік, арлылық,
саналылық

Слайд 3

Мақсаты: Білімгерлерді адам деген ардақты атқа лайық болу керектігін түсіндіре отырып, ақиқат құндылығының мәнін

ашу.
Міндеттері:
Білімділік: Білімгерлерді әділеттілікке үйрету.
Дамытушылық: Білімгерлердің арлылық қасиеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Білімгерлерді парасаттылыққа тәрбиелеу.

Слайд 4

Дәйексөз.

Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы (1845-1904) — ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер

“Атымды

Адам қойған соң қайтып надан болайын”
Дәйексөзді оқып, мағынасын түсініп алыңыздар.

Слайд 5

Өмірде әрбір адам ең алдымен өзін-өзі тануы керек. Өзін-өзі таныған адам өзгенің

де жан дүниесін түсінетін болады. Ешқашан да біреуге жаманшылық ойламайды, жақсы адам болуға талпынады. Бұл өмірде – әрбір адам, қандай мамандық иесі болмасын, ең бірінші – адам болып қалу керек. Адамгершілік жолын ұстанып өту керек. Ізгілікке жақын болып, жүрегін, жан дүниесін махаббатпен нұрландыруы керек.

Слайд 6

Оқиға айту (Мұғалім сыйы).
МӘШҺҮР-ЖҮСІП КӨПЕЙҰЛЫ

(1858 - 1931)
Мәшһүр Жүсіп 1858, қой жылы, қыс мезгілінде қазіргі

Павлодар облысы Баянауыл ауданының Қызылтау өңірінде Найзатас деген жерде дүниеге келген. Оның шын есімі Жүсіп, бірақ халық оны Мәшхүр (араб тілінен аударғанда «атақты, әйгілі, даңқты, бақытты») деп атаған.

Слайд 7

Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы ақын, ойшыл, тарихшы, этнограф, шығыстанушы ретінде адамзат бақытының мәнін түсіндіруде өз

үлесін қосқан. Ол адамзат болмысының және бақыттың мәнін, адам қылығы мен мінез-құлығы түрткілерін түсінуге ұмтылып, руханилық пен адамгершіліктің мән-мағынасын зерттеген.
Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы мен Шәкәрімнің дүниетанымдық көзқарастары жалпыадамзаттық құндылықтардың мәңгі табиғатына негізделіп, ұқсас болып келеді. Олар - замандастар, өз заманының жұлдыздары. Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы мен Шәкәрім Құдайбердіұлы тіпті бір уақытта туылып, бір уақытта дүниеден озады.
Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы ілімінің негізінде адамның қоршаған дүниеге жауапкершілігін қалыптастыру және осы дүниеде өз орнын анықтау идеясы қарастырылады. Көпейұлы адамзат болмысының мәнін түсіндіруде келесі тұжырымды ұсынады: руханилық – бұл адамды мейірімді істерге бағыттайтын адамгершілікпен көрінетін жанның жарығы, ал мейірімділік адамның өз өмірі мен қоршаған дүние үшін жауапкершілік қатынасын айқындайтын оның маңызды қасиеті1.

Слайд 8

Сонымен қатар, ол жүрек пен ақылдың бірлігін сипаттайды, яғни әлемге деген адамның

жолы руханилық пен ақыл-ойдың бірлігі жолындағы үнемі ізденістердің болуымен айқындалады.
М.Ж. Көпейұлының тұжырымдамасында арлы адамның үлгісі үлкен маңыздылыққа ие. Өйткені адамгершілік негізіндегі жауапкершіліктік қатынас ар-ұжданның болуымен айқындалады. Арлы адам әлемге деген өзінің терең рухани көзқарасымен әлемнің үйлемсімділігін сақтап қалады. Осы тұжырымдаманың негізінде кемелденген адам – бұл адамгершіліктік жауапкершілігінің ақиқатын ашуға қабілетті адам. Өзін-өзі танудың басты шарты ретінде адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасын қарастырған, оның барысында адамдар бір-біріне мейірімді қатынас орнатып, ақиқат жолына бағытталатын болған.

Слайд 9

Көпейұлының пікірінше, адамзаттың руханилығы риясыз сүйіспеншілікпен айқындалады, жүрегінде риясыз сүйіспеншілігі бар адамдар

бір-біріне риясыз қызмет көрсетеді. Осылайша, Көпейұлының пікірі бойынша, әр адам үздіксіз кемелдену жолындағы істерге өзі жауапты саналады.
Көпейұлы адамдар тұлғааралық қатынастарының үйлесімділігін өздері бұзатынын айтқан, өйткені олар өздерінің бейнесін басқа адамның бойынан көре алмай, өз өздерімен алпарысып, күресетін болған. Ол «адам өзіндегі ақиқатты көре алмағандықтан өмір жолында көп қателесетін болған» деген пікірді қалдырады. Сонымен бірге, мейірімділікке және зұлымдыққа бағыттылық әр адамда болады, ол жолды таңдауға өзі құқылы.
Сонымен, қанағатшылық ұстанымы негізінде, адамгершіліктік таңдауда адам өзіндегі рухани тұтастылықты сақтап қалады. Рухани кемелдену жолындағы биік шыңға жалпыадамзаттық құндылықтарды бойымыздан жарыққа шығару арқылы жете аламыз.

Слайд 10

Ойланайық, пікірлесейік
1. Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы «жанның жарығы» деп нені айтқан? Неліктен?
2. Әлемдегі үйлесімділікті

сақтап қалу үшін адам нені ұғыну керек?
3. Сендердің пікірлеріңше, жүрек пен ақылдың бірлігі болғанда адамның іс-әрекеті қандай болады?
4. Ақиқатты ұғынумен байланысты өз тәжірибелеріңнен мысалдарды сипаттау арқылы адамдар қарым-қатынасындағы үйлесімділіктің табиғатын түсіндіріңдер.
5. Сіздің бойыңызда қандай жақсы қасиеттер бар?

Слайд 11

Шығармашылық жұмыс

1-тапсырма. Сөздер мен олардың анықтамасын салыстырыңыздар. Әр сөздің өзiне сәйкес келетiн анықтамасын

табыңыздар.

Слайд 12

«Менің борышым» жобасы
1-кезең
Жобаны жүзеге асырудың бірінші кезеңінде оның мақсатын анықтап, жоспарын құрыңыздар. Берілген

тапсырмаларды орындаңыздар.
1. Зерттеу жүргізіңіздер. «Борыш», «міндет» деген не? Атааналарыңыздан, ұстаздардан сұрастыруға, www.ozin-ozi-tanu.kz интернет-порталының «Мыңжылдықтар даналығы» айдарында берілген ұлы тұлғалардың еңбектерін пайдалануға болады. Жоба күнделігіне жазыңыздар.
2. Тақырып бойынша дәйексөздер мен нақты деректер жинағын әзірлеңіздер.
3. Зерттеу барысында кездескен таныс емес сөздердің түсіндірме сөздігін жасаңыздар.
4. Жыл бойына «Әр күнде бір игі іс» мақсатымен әрекет етуді жоспарлаңыздар. Жоба күнделігіне жазыңыздар.
Имя файла: Адам-деген-ардақты-ат.pptx
Количество просмотров: 81
Количество скачиваний: 0