Австралия жәнеТүркия Орман өрттері презентация

Слайд 2

Түркияның орманды алқабын шарпыған өрттен 30 провинцияда шамамен 130 орман өрті тіркелді. НАСА

ғарыш агенттігі таратқан мәлімет бойынша 136 мың гектар жасыл желек жанып кеткен. Алайда, Түркиядағы орман өртінің қанша аумақты жалмағанын нақты дөп басып айту қиын. Себебі қауіп әле де бар. Соңғы деректер бойынша өрт ошақтарының басым бөлігі ауыздықталып, бақылауға алынды.

Слайд 3

Орман өрті түркия

Слайд 4

Осы аптада Түркияның Манавгат ауданында орман өртін 12 жастағы жасөспірім тұтатқаны туралы ақпарат

тарады. Ұсталған бала орманды өртегенін мойындап отыр. Бұл іске баруына ата-анасының ажырасуы себеп болыпты. Ол сот шешімімен мемлекеттің бақылауындағы жатақханаға орналастырылды. Бған дейін орман өртіне Түркияда террористік деп танылған Күрдістанның жұмысшы партиясы кінәлі деген ақпарат тараған-ды. Олар өрттің тұтануына өздері жауапты екендерін әлеуметтік желіде хабарлаған еді.

Слайд 5

Австралия орман өрті

Өрт жалынының биіктігі 12 метрден асқан. Соңғы ақпараттарға сәйкес, орман

өртінен жануарлардың 24 түрінің 500 миллион басы өлген. Оның 8000-нан астамы коала аюы. Тілсіз жау Австралия орманының 5,5 миллион гектарын шарпыған. .

Слайд 6

Австралия премьер-министрі Скотт Моррисон өрт сөндіру үшін қосымша 3000 әскеридің жұмылдырылғанын айтты. Ал

қорғаныс министрі Линда Рейнольдс ел үкіметі бұрын-соңды болмаған төтенше режимге көшкенін жеткізді.

Слайд 7

Ел тұрғындарының 1400-ден астам баспанасы отқа оранды. Ал өрттен шыққан улы-газды түтінен 10

миллионнан астам адам зардап шегіп жатыр. Бүгінге дейін өрт салдарынан 24 адам қаза болған. Олардың үшеуі өрт сөндірушілер. .
Имя файла: Австралия-жәнеТүркия-Орман-өрттері.pptx
Количество просмотров: 152
Количество скачиваний: 0