Балалар бақылаусыз қалмауы тиіс. Ата-аналар жиналысы презентация

Слайд 2

Конвенция – зорлық-зомбылыққа қарсы күрес

Зорлық-зомбылық құқықта «Бір адамның екінші бір адамға, оның

жеке басына тиіспеушілік құқығын бұзатын тәни және психикалық ықпал жасауы» деп көрсетілген. Тән азабын шектірген зорлық – адамның ағзасына тікелей әсер ету, ұрып-соғу, денесіне зақым келтіру, тағы басқа. Тән азабын шектірген зорлықтың салдарынан жәбірленушінің денсаулығына зиян келтірілуі мүмкін.

Слайд 3

Жан азабын шектірген зорлық – жәбірленушінің қарсылық көрсетуіне, өз құқықтары мен мүдделерін

қорғауына деген ерік жігерін жасыту үшін қорқыту, адамның психикасына әсер ету. Жан азабын шектірген зорлық жүйке ауруына немесе тіпті жан ауруына ұшыратуы мүмкін. Адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті әдіс қолданылып жасалған қылмыстар «Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің» тиісті баптарына сәйкес жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлар болып табылады.

Слайд 4

Бала құқықтары туралы конвенцияның 19-бабы

«Қатысушы мемлекеттер баланың тәніне жасалатын немесе психологиялық түрдегі

зорлық-зомбылықтың, қорлау немесе теріс қылықтардың барлық нысандарынан, қамқорлықтың жоқ болуынан немесе немқұрайды қараудан, дөрекі қараудан не болмаса пайдаланудан қорғау мақсатында барлық заңды, әкімшілік, әлеуметтік және ағартушы шараларын қабылдайды». 

Слайд 5

Болашағы бұлыңғыр бала...

Слайд 6

Келешегі күмәнді қыз...

Слайд 7

Зорлықтың түрлері:

Слайд 9

АТА-АНАЛАРҒА КЕҢЕС

– Балаларыңызға көшеде бөгде адаммен әңгімелесуге болмайтынын айтыңыз.
– Үй кіреберісіне бөгде адаммен кірмеуін

қадағалаңыз. Егер бейтаныс адам баланы қонаққа шақырса немесе үйіне жеткізіп салуды ұсынса, көрші болса да келіспеген абзал.
– Бөгде автокөліктерге отыруына тыйым салыңыз.
– Егер баланы сабақтан, үйірме мен секциядан ересектер күтіп алатындай мүмкіндік болмаса, сыныптастарымен бірге қайтуды ұсыныңыз.
– Көшеде қас қарайғанша жалғыз қалмауына, жалғыз жүрмеуіне абай болыңыз!
– Балаңыздың үйге, пәтерге бейтаныс адамдарды кіргізуге болмайтынын түсіндіріңіз.  Өйткені, педофильдер су, қоңырау шалу, ата-анаға хат қалдыру мен құжаттарды тапсыруға сұрануы мүмкін.
– Тәуекел тобынан (маскүнемдер, нашақорлар, сотталғандар ж/е т.б.) тіпті олар алыс туыстар болса да қашық жүрген дұрыс.

Слайд 10

Әр бала бақытты өмір сүруге лайық!

Слайд 11

#Cинийкит#Морекитов#ТихийДом#Разбудименяв420#Явигре

Имя файла: Балалар-бақылаусыз-қалмауы-тиіс.-Ата-аналар-жиналысы.pptx
Количество просмотров: 18
Количество скачиваний: 0