Түйсік және қабылдау психологиясы презентация

Содержание

Слайд 2

Түйсiк – бұл материалдық дүние заттары мен құбылыстарының, сондай-ақ организмнiң iшкi күйлерiнiң жеке

қасиеттерiн бейнелеуде көрiнетiн қарапайым психикалық процесс. Бұл процесс материалдық тiтiркендiргiштердiң сәйкес рецепторларға тiкелей әсерi нәтижесiнде жүзеге асады.

Слайд 3

Рецептор – бұл дененiң үстiнде немесе оның iшiнде орналасатын, және табиғаты жағынан әр

түрлi тiтiркендiргiштердi - физикалық, химиялық, механикалық және т.б. - қабылдауға және оларды жүйкелiк электр импульстарына түрлендiруге арналған арнайы органикалық құрылғы.

Слайд 4

Эволюция барысында әрбiр рецептор белгiлi бiр тiтiркендiргiшке арнайы бейiмделе отырып, дамыған. Осылайша, тангорецепторлар

сипап сезудi сезiнуге, аусторецепторлар дәм сезу тiтiркендiргiштерiн түйсiнуге, стиборецепторлар – иiс сезуге, фонорецепторлар дыбыстық тiтiркендiргiштердi және фоторецепторлар жарықтық (немесе сәулелiк) рецепторларды түйсiнуге бейiмделген.

Слайд 5

Анализатор – тiтiркендiргiштердiң әсерiмен рефлекторлық түрде өзгерiп отыратын белсендi мүше, сондықтан түйсiк пассивтi

емес, ал әрқашан қозғалыстық компоненттерден тұратын белсендi психикалық процесс болып табылады.
Анализатор үш бөлiмнен тұрады:
Перифериялық бөлiм (рецептор) - сыртқы энергияны жүйке процесiне айналдыратын арнайы трансформатор.
Афференттiк (орталыққа бағытталған) және эфференттiк (орталықтан шығатын) жүйке талшықтары немесе өткiзгiш жолдар;
Анализатордың мидағы қабықасты және қабықты бөлiмдерi; бұларда перифериялық (шеткi) бөлiмдерден келетiн жүйке импульстарының өңдеуi iске асады.

Слайд 6

Көру түйсiгi көзге жарық сәулесiнiң әсерi нәтижесiнде пайда болады. Бiздiң көзiмiз жалпы түстердi

емес, ал белгiлi бiр заттардың түсiн қабылдайды. Заттар бiзден белгiлi бiр қашықтықта орналасып, түрлi формада, көлемде және т.б. болады. Көру бiзге объективтiк шындықтың барлық осы көптүрлi қасиеттерiн бейнелендiредi.

Слайд 7

Егер түйсiк сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының жеке қасиеттерi мен сапаларының миымызда бейнеленуi

болса, қабылдау заттар мен құбылыстардың мида тұтастай бейнеленуi болып табылады. Сондықтан қабылдау дегенiмiз – ақиқат дүниедегi заттар мен құбылыстардың сезiм мүшелерiне тiкелей әсер етiп, тұтастай заттық түрде бейнеленуi.

Слайд 8

Қабылдаудың негiзгi ерекшелiктерi

Қабылдаудың тұтастылығы деп объектiнiң кейбiр қабылданатын элементтерiнiң жиынтығын сенсорлық түрде

және ойша тұтас бейне күйiне толықтыруды айтады.
Қабылдаудың объектiсi кейбiр жеке қасиеттерден, жеке бөлiктерден тұрғанымен, бiз оларды бүтiндей, тұтастай қабылдаймыз. Қабылдаудың нәтижесiнде қалыптасатын тұтас бейне түйсiну түрiнде алынатын заттың жеке қасиеттерi мен сапалары жөнiндегi бiлiмдердi жалпылау негiзiнде құрылады.
Имя файла: Түйсік-және-қабылдау-психологиясы.pptx
Количество просмотров: 100
Количество скачиваний: 1