Қазақстанның жекелеген аймақтар мысалында қоршаған ортаның физикалық факторлардың адам денсаулығына әсері презентация

Содержание

Слайд 2

І. Кіріспе ІІ. Негізгі бөлім Діріл,шу Электромагниттік өріс,түрлері Радиация.Семей полигоны.Адам

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім
Діріл,шу
Электромагниттік өріс,түрлері
Радиация.Семей полигоны.Адам организміне әсері

ІІІ. Қорытынды

ІV.

Пайдаланған әдебиеттер
Слайд 3

Ғылым мен техниканың қарқынды дамуы кезеңiнде атмосфераның шумен ластануы да

Ғылым мен техниканың қарқынды дамуы кезеңiнде атмосфераның шумен ластануы да бiрқатар

зардаптарын тигiзуде.  Айнымалы физикалық өрiстiң әсері болатын серпiмдi денелерде пайда болатын аз механикалық тербелiстер дiрiлдеу деп аталады. Дiрiлдеулерге, ең алдымен, дыбысты жатқызуға болады. Серпiмдi орталардың естiлмейтiн тербелiстерi де, естiлетiндері де акустикалық тербелiстердi қамтиды. Дыбыс тербелiстерi - бұл 16Гц – пен 20кГц аралығындағы тербелiстер. 16Гц-тен төмен жиiлiктегі тербелістер – инфра дыбыс, 20кГц-тен жоғары тербелістер – ультрадыбыс деп аталады.
Слайд 4

Шу – әр түрлi қарқын және жиiлiктегі периодтық емес дыбыстардың

Шу – әр түрлi қарқын және жиiлiктегі периодтық емес дыбыстардың жиынтығымен

анықталады. Адамдарды қоршаған шулар әртүрлi қарқында болатындығын білеміз, мысалы: сөйлеу тiлi – (децибел) 50-60Дб; серена – 100Дб; жеңiл автомобильдiң қозғаушысының шуы – 80Дб; қатты музыка – 70Дб; кәдiмгi пәтердегi шу – 30-40Дб.
Слайд 5

Шу адамның организміне, оның физиологиялық белсендiлiгiне әсер етедi және белгілі

Шу адамның организміне, оның физиологиялық белсендiлiгiне әсер етедi және белгілі мөлшердегі

әсерлердің жинақ күші адам организмінде түрлі ауытқушылықтарды шақыра алады, алдымен адамның дыбысты қабылдау қабілетінің төмендетуiне, кереңдiкке алып келуі мүмкін. Деңгейi шамамен 90-120 децибел болатын шулар адамның жүйке жүйесiне əсер етiп, есту органдарының қызметiн нашарлатып, тiптi кейбiр жағдайларда жүйке — психикалық аурулардың пайда болуына себеп болады. Бұнымен қатар гипертония, асқазанның жарасы, организмнiң эндокриндiк системасының бұзылуы сияқты аурулардың пайда болуына, нерв клеткаларының дегенерациялануына əкеп соғады. Үздiксiз қатты шу əсерiнен перифериялық қан тамырлары тарылып, бұлшық еттер мен миға қанның келiп жетуi қиындайды. Деңгейi 130 децибелден асатын шу акустикалық травмалар туғызады.  Батыстың бiрқатар елдерiнде əскери аэродромдар маңындағы елдi мекендер тұрғындарының үнемi ұшып тұратын реактивтi самолеттердiң шуынан жүректiң миокардi инфаркт, жыныс органдары қызметiнiң əлсiреуi сияқты аурулар жиiлеген. Ал кенеттен болған қатты шу əсерiнен жүректiң тоқтап қалуы да байқалады. Жануарларда да, əсiресе үй құстарында жұмыртқалар салу, сиырлардың сүт беру қабiлетi төмендейтiнi байқалған. 
Слайд 6

Электромагниттi өрiстер Қазірде электромагниттi өрiстердегі ионданбайтын сәуле шығарулар адамзаттың қоршаған

Электромагниттi өрiстер Қазірде электромагниттi өрiстердегі ионданбайтын сәуле шығарулар адамзаттың қоршаған экологиясында өте

көкейкестi сұрақтардың біріне айналды, әсіресе бұл жерде қазiргi тұрмыстық техника, ұялы телефондар, плеер, компьютер сияқты құралдардың әлсiз және аса әлсiз электромагниттік өрістерді шығаратындығын ескеру қажет. Қазіргі қолданыста жүрген тұрмыстық техниканың шығаратын әлсіз ЭМ тербелістерінің қоршаған ортаға, сау адамға, оның организміне ұзақ әсерiн анықтаудың сенiмдi құралдары жоққа тән.
Слайд 7

Фондық электромагниттік өрістер. Электромагниттi өрiс деп ұзақ уақыт бойы тірі

Фондық электромагниттік өрістер. Электромагниттi өрiс деп ұзақ уақыт бойы тірі

және тiрi емес объектілерге әсер ететiн жасанды және табиғи сипаттағы ионданбайтын сәуле шығаруды айтады. Табиғатта табиғи сипаттағы электромагниттік өрiстер бар. Табиғаттағы төмен жиiлiктi (жүздеген килоГцке дейінгі) ЭМ толқындарға мыналар жатады: атмосфералық электр, табиғи тау жыныстарының табиғи магнетизмi; теңiз суының қайтуы және тасуы құбылыстары; жердегi магнитосфераға күн желінiң әсерi; атмосфералық электрдiң жылжымалы зарядтарымен әрекеттесетiн ғарыштық бөлшектердiң әр түрлi ағындары; полярлық жарқыраулар. Аталған электромагниттік толқындар көздерiнің арасында, атмосфералық электр эрісінiң көздерiн 0,003-30 МГц жиiлiктерi аралықтарында санау керек. Радиоэлектронды құралдардың ЭМ өрiстерi. Жасанды сипаттағы электромагниттік толқындарға радиоэлектронды құралдардың шығаратын толқындарын жатқызамыз.
Негізінен ұялы телефондардың шығаратын әлсіз ЭМ өрістерінің адам организміне зияны бар екендігі кеңінен талқылануда.
Слайд 8

Энергетика және электрлік көлiк. Электрлік көлiк бүгiнде өмiрдiң ажырамас бөлiгіне

Энергетика және электрлік көлiк. Электрлік көлiк бүгiнде өмiрдiң ажырамас бөлiгіне

айналды, дегенмен оның адам денсаулығына әсеріне басты назар аударылмайды. Көп жағдайларда, жолаушылар электрлік көлiктiң электромагниттiк қауiпсiздiгiнiң дәрежесi жайлы ойланбайды. Зерттеулері нәтижесінде электрлік көлiктiң әсері оны пайдалану жағдайында мүмкіндігінше өзгеретіндігі анықталған. Яғни көліктің жылдамдық алуы мен тоқтауының 0,01 – 50Гц аралықтарында қозғалыс кезіндегі магниттiк индукциясының мәні төмендегідей өзгереді: троллейбустардың жүргiзушiлерiнiң кабиналарында – 49 – 325 мкТл, трамвайлардың жүргiзушiлерiнiң кабиналарындағы – 160 – 220 мкТл, жолаушылар салондарда - 265 мкТл-ға дейiн, қаладан тыс электрлік көліктерде – 75 – 85 мкТл-ға дейін.
Слайд 9

Компьютер және кеңсе техникасы. Адам ағзасына зиянды әсері жағынан дербес

Компьютер және кеңсе техникасы. Адам ағзасына зиянды әсері жағынан дербес компьютерлер

ұялы байланыстың сенiмдi бақталастары болып табылады. Зерттеулер, ДК-мен жұмыстың 45 минутынан кейiн қолданушылар организмінде маңызды шамадан тыс жүктеулер айқындалатындығын көрсетедi. Қазiргi заманда кеңсе үшiн маңызды техникалық құралдар компьютер, телефон, ксерокс – адам ағзасына өте қауіпті. Компьютердің жүйелік блогы мен мониторынан шығарылатын электромагниттi сәулеленулер компьютердің айналасына толық таратылады, қауіпті электромагниттік өріс аймағы 2,5 м-ге дейін жетуі мүмкін.
Слайд 10

Радиацияның адамға ықпалының механизмі қазіргі кезде едәуір жақсы парықталған. Бұл

Радиацияның адамға ықпалының механизмі қазіргі кезде едәуір жақсы парықталған. Бұл орайда ең

қауіптісі – иондалатын радиацияның ықпалы гендік кодты дауасыз өзгерістерге соқтыруға мүмкін екендігі. 1949 жылғы алғашқы жер бетіндегі жарылыстан бастап Семей және Павлодар облыстарының радиациялық сәулеленудің ықпалына ұшыраған басқа аумақтардың тұрғындарының арасында сырқат санының ұдайы өсіп келе жатқаны байқалады. Бұлар өкпе мен сүт бездерінің рагы, лимфогемобластоз және басқа да қатерлі ісікті патологиялары. Жалпы алғанда рак ісігі сынақтар басталғалы бері үш есе өсті. Семей полигонына жақын нақ сол аудандарда жетілуіндегі әртүрлі ауытқулар, тәндік және естік кемшіліктер әрқилы сәбилер дүниеге ерекше көп келеді. Мамангдардың айтуынша, соны бәрі нақ қысқа мерзімді және қалдықты радиацияның кесірінен болатын генетикалық мутациямен байланысты. Адамдар ғана емес, жер де азап шегеді. Жылма-жыл радионуклидтердің жинала беруі жердің құнарлығын азайтады. Жерде орасан зор микроэлементтер: темір, мыс, магний және басқа металдар әрттүрлі дәнді дақылдар адам организміне сіңеді.
Слайд 11

Қазақстан Республикасының 19 облысында 5 аймағында Солтүстік, Шығыс, Батыс, Оңтүстік,

Қазақстан Республикасының 19 облысында 5 аймағында Солтүстік, Шығыс, Батыс, Оңтүстік, Орталық

аймақтарда 12 ресми, 7 ресми емес полигондар орналастырылды. Оларда барлығы 642 ядролық жарылыс жасалды.
Слайд 12

Семей полигоны - КСРО ядролық сынақ полигондарының бірі, аса маңызды

Семей полигоны - КСРО ядролық сынақ полигондарының бірі, аса маңызды стратегиялық объектісі болды. КСРО

заманында Қазақстан аумағында атом бомбалары сынақтан өтті. Ол үшін арнайы 18 млн га жер бөлініп, Семей ядролық полигоны ашылды. Бастапқысынды адамдарға, жануарлар мен табиғатқа тікелей зардабын тигізген ашық сынақтар жасалды. Сосын оларды жер астына жасай бастады. Атом бомбаларының жарылыстары сұмдық ауыр болды. Семей маңындағы радиациялық әсер аймағында тұратын 500 мыңдай адам осы сынақтан азап шекті.
Слайд 13

Полигонның кемел инфрақұрылымы: Курчатов қаласын (Семей – 21), реакторлар кешенін,

Полигонның кемел инфрақұрылымы: Курчатов қаласын (Семей – 21), реакторлар кешенін, «Балапан», «Сары-Өзен», «Г»

(Дегелеңдегі сейсмокешен), «Ш» («Тәжірибелік алаң» дейтін) сынақ алаңдарын, толып жатқан басқа да ұсақ тәжірибелік алаңдарды қамтиды. Семей ядролық полигонның осынау тәжірибелік алаңдарында 456 ядролық жарылыс жасалды. Осынау сынақтар атом қаруының қиратқыш қаруын айтарлықтай арттыруға ғана емес, оның жаңа түрлерін де жасауға мүмкіндік берді.
Слайд 14

Семей қаласындағы экологиялық жағдай мен халық денсаулығына келсек, 40 жыл

Семей қаласындағы экологиялық жағдай мен халық денсаулығына келсек, 40 жыл бойы

Семей қаласына жақын орналасқан полигонда ядролық қаруды сынау жұмыстары жүргізілді. Оның қызметі көпшіліктің талқылауына түспейтін жабық тақырып болды. Біртіндеп шешілмеген мәселелер көбейе берді, оның ішінде: экологиялық жағдайдың шиеленісуі, жарылыстардың сейсмикалық әсерінің төмендеуі, радиоактивті полигоннан тыс жерге шығармау, жер үстінде және ауада жүргізілген сынақтардың зардабынан адамдарға төлемақы төлеу, денсаулық сақтау мәселесін жақсарту, тұрғындардың өмір сүру деңгейін көтеру.
Слайд 15

Аса қауіпті радиациялық аймақ: бұған Абай ауданындағы Саржал, Жаңа Семей

Аса қауіпті радиациялық аймақ: бұған Абай ауданындағы Саржал, Жаңа Семей аудандарындағы

Сарапан және Иса, Бесқарағай аудандарындағы Долонь селолары жатады. Бұл елді мекендердің тиімді эквивалентінің жиынтық дозасы 100-ден 447 бэр-ге дейінгі мөлшерді құрайды.
Жоғарғы радиациялық қауіпі бар аймақ: бұған Абай, Бесқарағай, Жаңа Семей және Абыралы аудандарының территориялары енеді. Дозаның тиімді эквиваленті 35- тен 100 бэр- ға жетеді.
Радиациялық қауіпі көтерілген аймақтарға: Семей және Курчатов қалаларының территориялары енеді. Ал жоғарғы радиациялық қауіпі бар аймаққа Мақаншы, Үржар аудандары территориясы кіреді.
Осылайша жоғарыда келтірілген полигонға жататын территориядағы радиациялық-гигиеналық ахуал жайындағы мәліметтерге талдау жасау нәтижесі бұл территорияларда жағымсыз экологиялық жағдай қалыптасқандығын көрсетеді.
Слайд 16

Атмосфералық ауаның ластануының алдын алатын жəне зиянды қалдықтардың мөлшерiн азайтуға

Атмосфералық ауаның ластануының алдын алатын жəне зиянды қалдықтардың мөлшерiн азайтуға мүмкiндiк

беретiн iс-шараларды төмендегiдей 3 топқа бөлуге болады:  1. Зиянды қосылыстар түзiлетiн технологиялық процестердi жақсарту жəне мүмкiндiгiнше зиянды заттар аз бөлiнетiн жаңа технологияларды өндiрiске енгiзу.  2. Отынның құрамын, аппараттар мен карбюрацияны жақсарту жəне ауа тазартқыш қондырғылар арқылы ауаға зиянды заттардың түсуiн азайту немесе мүлде болдырмау.  3. Зиянды қосылыстарды бөлетiн объектiлердi тиiмдi орналастыру жəне жасыл өсiмдiктердi көптеп отырғызу, егу. 
Имя файла: Қазақстанның-жекелеген-аймақтар-мысалында-қоршаған-ортаның-физикалық-факторлардың-адам-денсаулығына-әсері.pptx
Количество просмотров: 62
Количество скачиваний: 0