Кламмерлі жүйе. Доғалы протездің толыққұйылған қаңқасын әзірлеу тәсілдері презентация

Содержание

Слайд 2

мақсаты

Таныстыру:
Доғалы протездің бүтін құйылған каркасын дайындау әдістерімен
Кламмер жүйесі, маңызы

Слайд 5

Тіреп-ұстап тұратын кламмерлардың екі иығы

Слайд 6

Сонымен қатар тірек кламмерларына тістің оральдық бетінде орналасатын үздіксіз немесе көпзвенолық кламмерлар жатады,

олар шендеуіш қызметін де атқаруы мүмкін.

Слайд 7

Үздіксіз оральдық кламмер және оның тірек тістерге әсер ету схемасы

Слайд 8

а) Бонвиль кламмері
б) Рейхельман кламмері
в) үздіксіз көпбуынды кламмер

Слайд 10

Нея жүйесінің кламмерлары


Слайд 11

Бірінші типті тіреп-ұстайтын кламмерларға, окклюзиялық тағаны мен екі тіреп ұстап тұратын иығы (вестибулярлық

және оральдық) бар Аккер кламмеры жатады. Иығының ұзындығы тіс размері мен экваторға байланысты.
Бірінші типті тіреп-ұстайтын кламмерлар тіс қатары ақауының Кеннеди бойынша III класында, тістің клиникалық экваторы өте жақсы білініп, тіс сауытының дәл ортасында орналасқанда қолданылады.

Слайд 12

Екінші типті тіреп-ұстайтын кламмер жеке окклюзиялық таған мен кламмер денесімен ұзын негіз арқылы

жалғасқан ұстап тұратын 2 Т –тәрізді иықтан (Роуч кламмеры) тұрады. Тіреп-ұстайтын кламмердің Т –тәрізді иығы өте жоғары серппелі болады, сондықтан олар тіс экваторы өте шығыңқы болғанда, немесе Аккер кламмерын қолдану мүмкін болмағанда пайдаланылады.

Слайд 13

Үшінші типті (жалғыз иықты) тіреп-ұстайтын кламмер алғашқы екі кламмердің қосындысы, тістердің оралдық не

вестибулярлық еңкеюінде қолданылады. Мысалы, кіші азу тісі вестибулярлы еңкейгенде оралдық жағынан қатты иық мүсіндейміз, ал вестибулярлы жағынан жартылай лабильді иық мүсіндейміз.

Слайд 14

Төртінші типті тіреп-ұстайтын кламмер артқы және кері әсер ететін кламмерлар—тірек иығы оральдық (немесе

вестибулярлық) беткейден басталып мезиальды орналасқан окклюзиялық тағанға өтіп, вестибулярлық (немесе оральдық) беткейде тіреп-ұстап тұратын иықпен аяқталады. Бұл тіреп-ұстап тұратын кламмер ерекше ұстап тұру және стабилизациялық қасиетке ие. Бұл кламмерлар тіс қатары ақауының Кеннеди бойынша I және II класында кіші азу тістері мен сүйір тістерге қолданылады. Ұзын иығы кламмерге серпімділік қасиетін береді.

Слайд 15

Бесінші типті тіреп-ұстайтын жалғыз иықты орама кламмер жеке тұрған үлкен азу тістерге қолданылатын.

Кламмер мезиальды (немесе дистальды) беткейден окклюзиондық тағанмен басталып, екіге бөлінген оральдық (немесе вестибулярдық) тірек иығы түрінде дистальдық (немесе мезиальдық) беткейде окклюзиондық тағанға айналып, ұрттық (немесе оральдық) тіреп-ұстайтын иықпен аяқталады. Бұл кламмерлар тіс қатары ақауының Кеннеди бойынша III класында қолданылады. Окклюзиондық тағандардың қарсы бетте орналасуы шайнау қысымының тіс осіне біркелкі берілуін қамтамасыз етеді.

Слайд 16

Алдыңғы тістер аумағында ақауы бар, тіс қатарының екі жақты ақауын емдейтін доғалы протез

Слайд 17

Амбразурлық кламмерлар

Слайд 18

Амбразурлық кламмерлар деп алдыңғы екі тістің тістем қырлары мен вестибулярлық беткейлерінде, тіс аралығында

арнайы дайындалған қуыстарда орналасқан кламмерларды айтамыз. Олар ешқешанда экватордың арғы жағында орналаспайды, сондықтан протез ретенциясына қатыспайды.

Слайд 19

Амбразурлық кламмерлар алдыңғы екі тістің тістем қырлары мен вестибулярлық беткейлерінде орналасқандықтан, оларды протез

тірегін көп тістерге түсіру үшін қолданады. Амбразурлық кламмерлар иықтары тістерге бүйірлік қысымдарды беру арқылы, протездің бүйірлік жылжуына кедергі жасайды.

Слайд 20

Амбразурлық кламмерлар төменгі тіс протездерінің дистальды қозғалысын шектейді.
Мысалы, I класты тіс қатары

ақауында, сүйір тіске бекітілген кламмерлар протездің горизонталдық бағыттағы ретенциясын қамтамасыз ете алмаған жағдайда.

Слайд 21

Әдебиеттер:
1.Алтынбеков К.Д. Мирзабеков О,М. Нысанова Б.Ж. Тіс протездерін жасау технологиясы.
2. Руззуддинов С.Р. Ортопедиялық

стоматология пропедевтикасы.
3. Алимжанов С.Ж. Ортопедиялық конструкцияларды дайындаудың клиникалық-лабораториялық кезеңдері.
4. И.К. Луцкая Руководство по стоматологии. Ростов на Дону 2002. с.553
5. Гаврилов Е.И., Щербаков А.С. «Ортопедическая стоматология», М., 1984. 304-309.
6. Хватова В.А., Курляндский В.Ю. К вопросу этиологии и патогенеза неврологических симптомов при снижении "высоты прикуса".
7. Каламкаров Х.А. "Ортопедическое лечение патологической стираемости твердых тканей зуба". М. 1984.
8. Кульманбетов И.А. Влияние света гелий-неонового лазера на течение пародонтита и сахарного диабета в эксперименте. Диссертация канд.мед.наук. Алматы 1983.
9. Гаврилов Е.Н. "Деформация зубных рядов" М. 1984 г.
10. Погодин И.М.,Пономарева В.А.Рувоводство для зубных техников. М.Мед.1994.
Имя файла: Кламмерлі-жүйе.-Доғалы-протездің-толыққұйылған-қаңқасын-әзірлеу-тәсілдері.pptx
Количество просмотров: 46
Количество скачиваний: 0