"ЕЭК" АҚ ЖЭС технологиялық учаскесіндегі негізгі жылу технологиялық процестерінің сипаттамасы
ERG құрамына
кіретін "Еуроазиаттық энергетикалық корпорация" АҚ (ЕЭК) – Қазақстанның ірі электр энергиясын өндірушілерінің бірі. Бұл жылу электр станциясының номиналды қуаты 2200 МВт құрайды және ұлттық маңызы бар электр станцияларына жатады. Ақсу ЖЭС Қазақстан Республикасының электр энергиясының көтерме сауда нарығында тұтынушыларға электр энергиясын өндіру мен сатуды қамтамасыз етеді.
Пайдаланудағы қазандықтардың сипаттамасы. Ақсу МАЭС-інде қазандықтың үш түрі пайдаланылуда:
1. ПК-39-I (ПП-950-255)
2. ПК-39-II (ПП-950-255)
3. ПК-39-IIМ (ПП-1050-255)
ПК-39-2М – тура ағынды қазандық критикалықтан жоғары қысыммен, аралық аса қыздырумен, екі корпустық, Т-тәрізді құрастыру, теңдестірілген тартым, қатты қож шығарумен. Ауаны жылыту құбырлы ауа жылытқышта жүзеге асырылады.