Трофобластикалық аурулар презентация

Содержание

Слайд 2

Кіріспе Трофобластикалық аурулар Негізгі бөлім Трофобластикалық аурулардың жіктелуі Көпіршік ауруына

Кіріспе
Трофобластикалық аурулар
Негізгі бөлім
Трофобластикалық аурулардың жіктелуі
Көпіршік ауруына жеке тоқталу
Хорионкарцинома ауруына жеке

тоқталу
Қорытынды

Жоспары

Слайд 3

Трофобластикалық ауру деп тұқым ұрығының элементтеріндегі (хорион) қалыпты көпіршіктердің ісік

Трофобластикалық ауру деп тұқым ұрығының элементтеріндегі (хорион) қалыпты көпіршіктердің ісік ауруына

дейін ұшырауындағы бірінен соң бірі болып тұратын патологиялық өзгерістерді және сол өзгерістердің арқасында жаңа биологиялық, клиникалық белгілердің пайда болатынын айтады.
Слайд 4

Бұл дерт тұқым ұрығының ауытқуынан болады, яғни тұқым біткенде оның

Бұл дерт тұқым ұрығының ауытқуынан болады, яғни тұқым біткенде оның элементтерінде

қатерлі ісік туады, ол жатырға еніп, метастаз береді. Аталмыш сырқат тек екіқабаттықпен, аборт жолдарымен тығыз байланысты.
ТА- сирек кездесетін сырқат. Оның нақты жиілігі казіргі таңда белгісіз.
Слайд 5

Синцитиома Көпіршік дерті Инвазивті көпіршік Хорионкарцинома Трофобластикалық аурулардың жіктелуі

Синцитиома
Көпіршік дерті
Инвазивті көпіршік
Хорионкарцинома

Трофобластикалық аурулардың жіктелуі

Слайд 6

Синцитиома эндометрий мен миометрийдің қабынуы, бұларда трофобластикалық элементтердің болуы, бірақ

Синцитиома эндометрий мен миометрийдің қабынуы, бұларда трофобластикалық элементтердің болуы, бірақ қатерлі

қауіп төменгі деңгейде жүреді.
Инвазивті көпіршік дертінде ісік жасушалары миометрийге көшеді; метастаздар беруі ықтимал. Бұрын бұл ауруды “қатерлі көпіршік ауруы”, “бұзғыш көпіршік ауруы” деп атаған. Бұлар қазір қолданбайды.
Слайд 7

Көпіршік дерті(пузырный занос). Тұқым жұмыртқасының жүзім сияқты өзгеруі; мұндағы әр

Көпіршік дерті(пузырный занос). Тұқым жұмыртқасының жүзім сияқты өзгеруі; мұндағы әр көпіршік

ол хорион элементтерін ұстайды және ол ісінеді, қантамырлары өзінен өзі құрып кетеді. Кейбір кездерде трофобластикалық жасушаларды полиморфизм байқалады және қалай болса солай орналасады.
Толық Толық емес
Тұқым жұмыртқасы болмайды Тұқым жұмыртқасы сақта-
және ісіну, бала жолдасының лады, бірақ ол ерте өліп
жасушалары ұлғаяды, соның қалады.
салдарынан қантамырлары
Кішірейіп тарылып қалады.

Көпіршік дерті

Слайд 8

Көбінесе, өмірде, көпіршік ауруы кенеттен жатырдан қан ағумен көрінеді, мұны

Көбінесе, өмірде, көпіршік ауруы кенеттен жатырдан қан ағумен көрінеді, мұны екіқабаттылықтың

бұзылысы деп танылып, әйелді гинекологиялық бөлімге жібереді, ол жерде аборт жасалынады. Сол кезде көпіршік екені байқалады, яғни диагноз кездейсоқ жағдайда қойылады
Слайд 9

Бұданда басқа мынадай көріністер болады: Іштің төменгі бөлігі ауырады; Жатырдың

Бұданда басқа мынадай көріністер болады:
Іштің төменгі бөлігі ауырады;
Жатырдың көлемі екіқабаттылықтың

мөлшеріне сәйкес келмейді;
Токсикоз(екіқабаттылықтың ауруы) негізделінеді.
Қан ағу 80-100% жағдайда кездеседі және бұл- ең алғашқы көрініс. Кейде осы қан ағу етеккір мерзіміне сәйкес келіп қалады.
Трофобластың өсуі хорион гонадотропиннің көбеюімен сыбайлас жүреді.
Слайд 10

27-30% жағдайда преэклампсия (қан қысымы көтеріліп, зәрде белок артып, дененің

27-30% жағдайда преэклампсия (қан қысымы көтеріліп, зәрде белок артып, дененің өз

бетінше дірілдеуі) тіркеледі. Құсық 25%ауруларда көрінеді. Жиі-жиі құсық электролит тепе-теңдігін бұзады. 7%әйелдерде гипертиреоидизм(жүректің қатты соғуы, сәл дене қызуының көтерілуі, денеде діріл сезіледі) тіркеледі. Тироксин, трииодтиронин гормондарының мөлшері қанда ұлғаяды. 2% ауруларда ентігу, ауа жетіспеушілік орын алады.

Клиникалық көрінісі

Жалпы көпіршік ауруы 8-10% жағдайда хорионкарциномаға әкеледі.

Слайд 11

Әстінде мынадай алты белгілерде көпіршік ауруы қолайсыз жүреді: егер аурудың

Әстінде мынадай алты белгілерде көпіршік ауруы қолайсыз жүреді:
егер аурудың жасы

40-тан асса
етеккір кеш көрінсе
екіқабаттылық көп болса
екіқабаттылық бала босанумен бітсе
Екіқабаттылықтың мерзіміне жатыр көлемі сәйкес келмесе
Лютейн кисталары болса
Егер осы көрсетілгендердің еш болмаса үшеуі болса немесе кейінгі екі белгілері тіркелсе, онда көпіршік ауруы хорионкарциномаға ауысқан болып саналады, немесе көпіршік дерті асқынған болып есептелінеді.
Слайд 12

УДЗ Рентген әдісі өкпедегі өзгерістерді байқайды Хорион гонадатропиннің көлемін тексеру

УДЗ
Рентген әдісі өкпедегі өзгерістерді байқайды
Хорион гонадатропиннің көлемін тексеру екіқабат болғаннан кейін

8 тәулік өткен соң-ақ гонадотропин көбейе бастайды, сөйтіп ол екі айдан кейін 100-5000 000-ға дейін өседі. Егер ол 3-4 айлық екіқабаттылықта 5-10 000-ға дейін төмендемесе, онда трофобластикалық ауруға күдік туады.
Иммунохимиялық әдіспен
Гистологиялық әдіс. Бұл тәсіл арқылы жатыр қуысынан шыққанзаттарда көпіршіктер көрінеді.

Қосымша диагностикалық тәсілдер

Слайд 13

Хорионкарцинома –трофобластың екі қабаттарынан шыққан рак ауруы. Тұқым өлі тууы

Хорионкарцинома –трофобластың екі қабаттарынан шыққан рак ауруы. Тұқым өлі тууы мүмкін,

немесе екі қабаттылық ерте бұзылады;көбінесе қан кетуге байланысты аборт жасалынады;
Слайд 14

Жіктелуі I өсу дәрежесі-ісік тек жатырда Ia- ауруды қоздыратын себеп

Жіктелуі
I өсу дәрежесі-ісік тек жатырда
Ia- ауруды қоздыратын себеп жоқ
Iб-ауруды қоздыратын бір

ғана себеп бар
Iс- ауруды қоздыратын екі себеп бар
II өсу дәрежесі- ісік жатырдан шығады
IIа- ауруды қоздыратын себеп жоқ
II б- ауруды қоздыратын бір себеп бар
II с- екі қоздырғыш себеп
III өсу дәрежесінде дерт өкпеге тарайды
IIIа- қоздырғыш себеп жоқ кез
IIIб- қоздырғыш себептің біреуі бар
IIIс- қоздырғыш себептің екеуі бар
IV-қоздырғыш себеп жоқ кез
IVа- қоздырғыш себептің біреуі бар
IVс- қоздырғыш себептің екеуі бар
Слайд 15

Жатырдан үлкен көлемде үнемі қан ағады; Дене қызуы көтеріледі; Жатыр

Жатырдан үлкен көлемде үнемі қан ағады;
Дене қызуы көтеріледі;
Жатыр көлемі демалыссыз ұлғаяды

және оның беті тегіс келмейді;
қан азаяды және дене салмағы түседі
Метастаздар қалыптасады
Ентігу, жөтел болады

Хорионкарцинома асқынса онда мынадай клиникалық белгілер негізделінеді:

Слайд 16

Хорионкарциноманың диагностикасы анамнезден басталады Гинекологиялық тексеріс кезінде қынап немесе жатыр

Хорионкарциноманың диагностикасы анамнезден басталады
Гинекологиялық тексеріс кезінде қынап немесе жатыр мойыншасындағы кілегей

қабыршықтың сұрланып, көкшіл түске айналғанын байқатады.
Қосымша диагностикалық шараларға
Компьютерлік томография
Магнитты-резонансты томография
Радиоизотопты тексерістер
Электроэнцелография

Диагностикасы

Слайд 17

Эндометрит; Плацентарлы полип; Екіқабаттылық, әсіресе, түтікше екіқабаттылық; Жеке түйінді өкпе

Эндометрит;
Плацентарлы полип;
Екіқабаттылық, әсіресе, түтікше екіқабаттылық;
Жеке түйінді өкпе метастазын туберкулезден;

Мынадай аурулардан хорионкарциноманы

ажырату керек
Слайд 18

Дерттің морфологиялық құрылысына және клиникалық белгілердің айқындылығына тікелей байланысты. Гистологиялық

Дерттің морфологиялық құрылысына және клиникалық белгілердің айқындылығына тікелей байланысты. Гистологиялық түр

дерттің қандай болжам болатындығын көрсетеді, бірақ ол өсу дәрежесін сипаттамйды. Мысалы, морфологиялық белгі болмаса да, метастаз ошағы қалыптасады. Әрине , ем қабылдамастан бұрын дерт қандай патогенетикалық түрде жатыр, оны анықтаған абзал.

Емдеу әдістерінің тиімділігі

Слайд 19

бірінші патогенез, ол дерттің қалыпты екіқабаттылықта пайда болуы. Мұндай түр

бірінші патогенез, ол дерттің қалыпты екіқабаттылықта пайда болуы. Мұндай түр

58,2% кездеседі және ол өте қаhарлы жүреді, клиникалық белгілерге бай келеді және ұзақ уақытқы дейін жасырын жүреді. Ісіктің көлемі тек жатырда емес, сонымен бірге метастаздармен де орындалады. Бұл жағдай хорионды гонадотропиннің өсуіне әкеледі.
Екінші патогенетикалық түрде дерт патологиялық екіқабаттылықтың үстінде дамиды, яғни көпіршік дерті байқалады немесе екіқабаттылық жатырдан басқа жерде орналасады. Дерт 41,8 жағдайда кездеседі, қолайлы жүреді.
Слайд 20

Химиотерапия өте құнды әрі жоғары нәтижелі, себебі дерт ісікке қарсы

Химиотерапия өте құнды әрі жоғары нәтижелі, себебі дерт ісікке қарсы дәрілерге

өте сезімтал келеді. Қазіргі таңда қатерлі ісіктердің ішінде тек осы ауруда ғана химиялық дәрілердің көмегі арқасында бұл сырқаттан толық жазылып кетуге болады.
емдік мақсатпен жалғыз дәрінің шипалы жүруі, әстінде аурудың I,II,III өсу дәрежелерінде байқалады.
Имя файла: Трофобластикалық-аурулар.pptx
Количество просмотров: 66
Количество скачиваний: 0