Радиацияның биологиялық әсері презентация

Содержание

Слайд 2

РАДИАЦИЯ ҰҒЫМЫ

Радиация латын тілінде радиус-сәуле деген сөз. Жердің табиғи радиоактивтік заттарының сәуле шығаруы барлық

химиялық заттарға байланысты болмайды. Әр түрлі элементтердің табиғи 50 радиоактивті изотобы бар. Көпшілік элементтердің тек біразы ғана радиоактивті. Кейбір химиялық элементтерде тұрақты изотоптар жоқ, олар түгелдей радиоактивті, мысалы, уран, торий, радий, полоний және т.б. Бүлардың атомдарының ядросы өздігінен ыдырап, гамма – кванттық және корпускулярлық сәулеленеді.

Слайд 3

АДАМҒА ӘСЕРІ

Қоршаған ортаның адам организміне теріс әсер ететін факторларының бірі радиация болып табылады. Радиация адамның клеткалары мен органдарының

түрлі функцияларына зиянды әсер етеді. Радиация әсер еткенде клеткалардың шапшаң бөлінуі, құрылымы мен құрамының өзгеруі мүмкін. Радиациялық сәулелену тұқым қуалаушылық аппаратын өзгертуге, яғни мутацияға душар етуі мүмкін.

Слайд 4

РАДИАЦИЯНЫҢ БИОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРЛЕРІ

Радиацияға бейімделгіштік 

Эволюциялық радиация

Слайд 5

АҒЗАДАҒЫ РАДИАЦИЯ МӨЛШЕРІН ЕСЕПТЕУ

Д= радиациялық доза
Е= жұтылған энергия
М= масса
Өлшем бірлігі- 1Грей
1Гр=1Дж/кг

Слайд 6

МУТАЦИЯ

Мутация (латын тілінде mutatіo – өзгеру) – табиғи жағдайда кенеттен болатын немесе қолдан жасалатын генетикалық материалдың

өзгеруі. Соның нәтижесінде ағзаның белгілері мен қасиеттері тұқым қуалайтын өзгергіштікке ұшырайды.

Слайд 7

РАДИАЦИЯДАН ҚОРҒАНУ ШАРАЛАРЫ

1. Радиация еніп кетпеу үшін барынша көп тосқауылдар қою. Тосқауыл көп болған

сайын, радиацияның өтімділігі төмендейді
2. Радиацияланған жерден барынша алыс болу. Раиациядан неғұрлым алыс болған сайын, соғұрлым әсері де аз тиеді
3. Радиацияның әсерін бөгейтін арнайы корғаныс киімдерін кию. 

Слайд 8

ЕҢ ІРІ АПАТТАР

ЧЕРНОБЫЛЬ АПАТЫ, Украинадағы Чернобыль атом электр станциясында, 1986 ж. сәуір айында

АЭС-тің 4-энергоблогында апат болды. Ч. а-ның нәтижесінде Украинаның елеулі аумағы мен Ресейдің Брянск және Калуга облыстарының аумағы радиоактивтік ластануға ұшырап, адамдар өміріне қауіп төнді. АЭС-тен радиусы 30 км. жерде тұратын халық басқа жерлерге көшірілді. 1986 жылдың қараша айына дейін апатқа ұшыраған блок залалсыздандырылып, оғашталды. Апатты залалсыздандыруға Қазақстан азаматтары да тартылды.
Радиоактивті түтін аймақтан асып, 10-нан аса мемлекеттің 145 мың шаршы шақырым жерін ластады, кем дегенде 5 миллион халық зардап шекті. Оның зардабы қаншалықты ұзаққа баратыны әлі белгісіз қалып отыр.
«Мир» станциясынан түсірілген Чернобыль АЭС территориясы, Сәуірдің 27 1997
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы апаттан төрт мыңдай адам қаза тапты деп хабарлады. Бірақ, ядролық энергия нысандарына қарсылық танытушылар 100 мың адам құрбан болды

Слайд 9

АПАТТЫҢ МҮМКІН СЕБЕПТЕРІ

ЭС пайдалану ережелерінің өрескел бұзылуы оның персоналымен жасалған, осы тұрғыдан алғанда:
реактор

күйінің өзгеруіне қарамастан «кез келген жолмен» тәжірибе жүргізу;
жұмыс істейтін технологиялық қорғанысты өшіру, олар қауіпті режимге түскенше реакторды тоқтатар еді;
Чернобыль АЭС басқармасының алғашқы күндеріндегі апат ауқымын елемеу.
Имя файла: Радиацияның-биологиялық-әсері.pptx
Количество просмотров: 86
Количество скачиваний: 3