Жүйке жүйесі презентация

Содержание

Слайд 2

Жоспар:
1.Жүйке жүйесіне жалпы шолу.
2.Жүйкелердің құрылысы,ерекшеліктері,негізгі қасиеттері.
3.Орталық жүйке жүйесі
4.Жұлын және оның құрылысы.
Ортаңғы ми,артқы ми,сопақша

мидың құрылысы мен қызметтері.

Слайд 3

Жүйке жүйесі морфологиялық құрылымдары мен қызметтеріне қарай 3 бөлімге бөлінеді.

Слайд 4

Жұлыннан немесе мидан шыққан бірнеше бірнеше жүйке талшықтары бірігеді де, сыртын талшық қаптайды.Оны

жүйке тамыры деп атайды.Орталық жүйке жүйесіне филогенетикалық жағынан өте әріден басталған жұлын және ең жас,біртіндеп дамып келе жатқан ми жатады.Бұл екі бөлімнің генетикалық, морфологиялық құрылысы мен қызметі бір-бірімен тығыз байланыстыжәне біртұтас құрылым.

1.жұмсақ немесе қан тамырлы қабық ,ең ішкі қан тамырларына бай жұлын мен мидың үстіңгі бетімен бірігіп жататын қабық

2.торлы қабық өте жұқа қантамырсыз қабық

қатты қабық ең сыртқы дәнекер ұлпалы қабық

Слайд 7

Жұлын тек омыртқа жотасының ішіндегі ұңғылда орналасады.Ересек адамдарда оның ұзындығы 45 см,ені 15

мм,салмағы 36 гр.Жұлын жжоғарғы жағынан ауыз омыртқаның тұсында сопақша миға жалғасады, ал оның төменгі жағы 2-ші бел омыртқадан төмен қарай ат құйрықтанып,,негізгі жіпшесі 2-ші құйымшақ омыртқаға дейін жетеді де сол жерге бекиді
Жұлынның ұзына бойында оның жуандығы біркелкі болмайды;бас жағы 8жуан,құйрық жағы жіңішке болады. Жұлынның 2 жері жуандау ; мойын буылтығы және бел-сегізкөз буылтығы болады. Жұлынның алдыңғы және артыңғы жағында екі жүлге :алдыңғы орталық сай және артыңғы орталық 8жүлгесі болады,жәе бүйірлерінде оң бүйір және сол бүйір жүлгелері болады

Слайд 8

Жұлынның ортасында өте тар тесігі болады.Олортақ өзек деп аталады. Жұлынның көлденең кесіндісінен оның

ақ зат пен сұр заттан тұратыны байқалады. Сұр заты қанатын жазған көбелекке ұқсас , алға шығып тұрған бөлігі алдыңғы аша , артқы бөлігі артқы аша деп аталады.Ақ зат жұлынның сұр затын қоршап жатады, ол жүйке талшықтарынан және аксондардан түзілген. Жұлынның әртүрлі деңгейлеріндегі ақ заты мен сұр затының пішіндері және қатынасы әр түрлі болады

Слайд 9

Орталық жүйке жүйесінің екінші үлкен бөлімі бас миы.Адамдарда орта есеппен мидың салмағы еркектерде

1375 г,әйелдерде 1245 г, тік қимасы 16-17 см,көлденеңі-14 см,көлемі-1220 куб см болады.
Ми бас сүйегінің ішінде орналасады.Дамуына ,құрылыс ерекшеліктеріне және қызметтеріне байланысты ми бес бөлімге бөлінеді
1.үлкен ми
2.аралық ми
3.ортаңғы ми
4.артқы ми
5.сопақша ми

Слайд 11

Сопақша ми тікелей жұлынның жалғасы болып есептеледі.Сондықтан құрылысы жағынан жұлынға ұқсас болады.Орталық түтік

мидың 4-ші қарыншасын түзеді.Сопақша мида 8-12-ші ми жүйкелерінің орталықтары жатады. Сопақша мида мидың 4-ші қарыншасының түп жағында күшті дамыған мидың торлы түзілімі болады. Сопақша мидың қуысы ,сайлары, нәзік және сына тәрізді шоқтары, жіп тәрізді денешіктері болады. Сопақша мида тыныс алу ,ас қорыту,қан айналым және басқа жүйелердің орталықтары орналасады және де ол жұлын сияқты рефлекстік ,өткізгіштік қызметтер атқарады.
Артқы ми екі бөлімнен тұрады:алдыңғы бөлімін ми көпірі артқы бөлігін мишық деп атайды.

Слайд 12

Ми көпірі сопақша мидың үстінде орналасқан жалпақ ақ жал.Ол үстіңгі жағынан ортаңғы мимен

шектеледі .Ми көпірі шекараларынан 6-7-8-ші ми жүйкелерінің түбірлері басталады.Ми көпірі өткізгіштік және рефлекторлық қызметтер атқарады.
Мишық ми көпірі мен сопақша мидың артқы жағында орналасады.Оның салмағы ересек адамдарда 120-150 грамм болады.Мишық бастың бүкіл артқы бөлігін тұрады ,оны үлкен ми сыыыыыыыыңарының шүйде бөлігі үстіңгі жағынан жауып тұрады.Екеуінің арасындағы саңылауды мидың көлденең саңылауы деп атайды.Мишық екі сыңардан және оларды біріктіретін құрт тәрізді мүшеден тұрады ,және де сұр зат пен ақ заттан түзіледі.Сұр зат мишықтың сыыртқы бетінде орналасып, оның қыртысын түзеді .Ақ зат8 сұр заттың ішінде орналасқан ,олардың іішіінде 4 жұп ядролар болады.Мишықтың негізгі қызметі- денені қозғалтып, қимылға келтіру,тепе теңдік алма кезектік қызметтерді ,яғни үйлесімділікті рефлекс жолымен басқару.
Имя файла: Жүйке-жүйесі.pptx
Количество просмотров: 93
Количество скачиваний: 0