Экология және кәсіби маман мәдениеті. Жасыл белдеу бағдарламасы және экология презентация

Содержание

Слайд 2

АЙТЫЛЫМ 1-тапсырма. Сұрақтарға жауап бер.

1. «Қоршаған орта» дегенді қалай түсінесің?
2. «Экология» сөзінің

этимологиясын білесің бе?
3. «Қорық» деген — не?
4. Осы уақытта дейін ата-анаңнан, ата-әжеңнен қандай тыйым сөздерді естідің?

Слайд 3

Экология (лат. оіkos – үй – үй, баспана; logos – ілім – үй, баспана; logos – ілім) – жеке организмнің қоршаған ортамен қарым-қатынасы.

19 ғасырдың аяғы, 20 ғасырдың басында ғалымдар негізінен жекелеген факторлардың – үй, баспана; logos – ілім) – жеке организмнің қоршаған ортамен қарым-қатынасы. 19 ғасырдың аяғы, 20 ғасырдың басында ғалымдар негізінен жекелеген факторлардың, әсіресе климаттық факторлардың, организмдердің таралуы мен сан динамикасына әсерін зерттеді.

Экология терминін ғылымға енгізген адам Эрнст Геккель болып саналады (1866).

Слайд 5

Суретке қара. «Жасыл ел», «Жасыл белдеу» бағдарламалары туралы не білесің?

Слайд 6

«Жасыл ел» – Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан экономикалық, әлеуметтiк және саяси жедел жаңару жолында»

Жолдауы негізінде 2005 жылдан бастап жүзеге асырылып келе жатқан кешенді бағдарлама.

Слайд 8

ОҚЫЛЫМ. 2-тапсырма. Мәтінді оқыңдар.

Экология мәселелері — жеке бір халықтың, ұлттың мәселесі емес, ол

қазіргі кезде ғаламның мәселесіне айналып, өршіп тұр. Өйткені Жер шары — бүтін бір әлем.
Оны адамдар мемлекеттік шегаралармен бөліп тастағанмен, жаратылыс заңы оған бағынбайды. Сондықтан да ғаламдық экологиялық мәселелер ғаламдық, аймақтық және ұлттық деңгейлерде айқындалған экологиялық мәселелер кешені болып саналады. Мысалы, ұлттық экологиялық мәселе ретінде Арал теңізінің суы тартылып, апатты аймаққа айналуын айтуға болады.
Қазіргі таңда теңіздің түбі құрғап қалды. Сол теңіз түбіндегі зиян тұзды шаңдар желмен ғаламға тарап отыр. Бұл тұздар ауаны ластап, қышқыл жаңбырлардың тууына әсер етеді.

Слайд 9

Зор геосаяси мәселенің экологиялық қауіптілігінің мынадай көріністері бар: табиғи экожүйенің жойқын бүлінуі, озон

қабатының жұқаруы, атмосфераның, әлемдік мұхиттың ластануы, қоршаған орта мен судың ластануы және т. б. Олар барлық елдің қатысуымен, БҰҰ (Біріккен ұлттар ұйымы) басқаруымен шешілуі мүмкін.
Қазіргі таңда ұлттық және ғаламдық экологиялық мәселелерге мұхит, теңіз суларынң мұнай қалдықтарымен ластануы да жатады. Соның салдарынан судағы тіршілік көзі жойыла бастайды. Мәселен, балықтар мен итбалықтардың қырылуы — осының дәлелі. Мұндай мәселелердің алдын алу үшін, ең алдымен, жеке адамның экологиялық мәдениетін қалыптастыру шарт. Жерасты немесе жерүсті байлықтары қай жерде өндірілсе де, кім өндірсе де, мамандардың табиғатқа деген шынайы қатынасын қалыптастыру — өзекті мәселе.

Слайд 10

Сондықтан маманның тек кәсіби біліктілігін ғана емес, азаматтық көзқарасын, экологиялық мәдениетін жетілдіруге мән

беру қажет. Мысалы, мұнай өндіру барысында құралдарға арнайы сүзгілер мен ауаны тазарту қондырғыларын орнату қажет.
Қазір адамзаттық деңгейде экология мәселесіне кеңінен көңіл бөлініп, көптеген жұмыс жүргізіліп жатыр. Тіпті экологияны бұзғаны, ластағаны үшін айыппұл мөлшері де тағайындалып, оның қалыпқа келуіне назар аударылуда. Бірақ ешқандай айыппұл адамның бойындағы табиғатты сүю, құрметтеу секілді адами қасиеттердің орнын толтыра алмасы анық. Сондықтан, ең алдымен, жеке адамның, кәсіби маманның экологиялық мәдениетін дамыту арқылы ғана ғаламның экологиялық мәселесін шешу мүмкін болмақ.

Слайд 12

ЖАЗЫЛЫМ АЙТЫЛЫМ
3-тапсырма. Мәтіндегі қою әріппен
жазылған сөз тіркестерінің мағынасын
анықтап, сөздік жұмысын жаса.
4-тапсырма. «Қазақстандағы
экологиялық

мәселелер және оның
шешілуі» тақырыбында постер жасаңдар.
Сабақта қорғаңдар.

Слайд 13

АЙТЫЛЫМ 5-тапсырма. Рөлдік ойын. «Экологпен сұхбат». Мәтін мазмұны бойынша журналист пен экологтің диалогін құрыңдар.

Жаңа сөздерді қолданыңдар.
Имя файла: Экология-және-кәсіби-маман-мәдениеті.-Жасыл-белдеу-бағдарламасы-және-экология.pptx
Количество просмотров: 30
Количество скачиваний: 1