Металлургия презентация

Содержание

Слайд 2

Металлургия— ғылымның, техниканың, өнеркәсіптің кеннен немесе басқа да материалдардан металл алу процестерін, сондай-ақ

металл қорытпаларға олардың химиялық құрамы мен құрылымын өзгерту арқылы қажетті қасиеттер беру процестерін қамтитын саласы.

Слайд 3

Металлургияның қарапайым салалары адамзатқа өте ерте заманнан белгілі болған. Кіші Азияны мекендеген

халықтар б.э.б. 7-6 мыңыншы жылдардың өзінде мыс өндірген. Сол кезде-ақ адамзат таза алтын, күміс және метеориттік темірмен танысқан.
Алғашқы кезде бұйымдар жасау үшін металдар салқын күйінде өңделген. Темір мен мыс салқындай өңдеуге икемсіз келген. Сондықтан кең таралмаған.

Шығыс Қазақстан облысы, Шемонаиха ауданы, Усть-Таловка селосының жанындағы Артемьев кеніші (жылына 1,5 млн.т мыс, мырыш және қорғасын кенін өндіреді)

Тарихы мен даму жолдары

Слайд 5

Қазақстандағы қара және түсті металлургия өндіру кәсіпорны

Слайд 6

Тусті металлургия өнеркәсібі – темірден басқа барлық металдарды кентастық шикізатты байытудан дайын өнім алуға

дейінгі өндіріс сатысын қамтитын кешен.

Слайд 7

Республикада түсті металлургияның негізгі 7 саласы және 28 ірі кәсіпорындары бар.

Слайд 8

Түсті металлдар

Слайд 10

Жезқазған түсті металлургия институты, 1970 ж. бөлек ғылыми-зерттеу кәсіпорындар лабораторияларымен «Гипротүстімет» институтының бұрынғы

бөлімшесінің негізінде құрылған. 1987 ж. «Жезқазғантүстімет» ғылыми-зерттеу иституты негізінде «Жезқазғантүстімет» ғылыми-өндірістік бірлестігі құрылды.

Слайд 11

АУЫР МЕТАЛЛДАР

Ауыр металды кендердің қурамы өте көп болып келеді. Оларды тиімді пайдалану үшін

шикізатты кешенді өңдейтін комбинаттар құрылған. Шымкентте қорғасыннан баска 14 түрлі өнім алынады.
Ауыр металдардың тағы бір ерекшелігі - құрамында пайдалы компоненттердің аз болуы. Сондықтан балқыту зауыттары шикізат көзіне таяу орналасады. Бұл - оларды орналастырудағы негізгі принцип.
Біздің елімізде ауыр түсті металдарды - мыс жөне қорғасын-мырыш (полиметалл) өндірісі салалары шығарады. Мыс қоры Қазақстанның барлық аудандарында бар, ең үлкендері Орталық пен Шығыста.

Слайд 13

ЖЕҢІЛ МЕТАЛЛДАР

Ауыр металдарға Қарағанда жеңіл металдар кендерінде пайдалы компоненттер көп болады. Бұл -

тасымалдауға қолайлы шикізат.
Бірақ оны өңдеуге орасан көп мөлшерде электр қуаты қажет. Мысалы, 1 т алюминий мен магнийге 15 мың кВт/caғ электр қуаты жұмсалса, титанға - 40 мың кВт/сағ энергия керек. Сондықтан жеңіл металдар шығаратын зауыттар арзан энергия көздеріне жақын орналасады. Бұл - оларды орналастырудың негізгі принциптері.
Біздің елімізде жеңіл металдарды 1960 жылдан бастап алюминий мен титан-магний өнеркәсіптері өндіреді.

Слайд 14

Алюминий өндіру 2 кезеңнен тұрады. Бірінші кезең - бокситтен алюминий оксидін алу. Ол

көп мөлшерде су мен жылу қуатын қажет етеді. Сондықтан алюминий оксиді зауыты Павлодарда салынған. Павлодар алюминий зауыты (ПАЗ) - әлемдегі ірі зауыттардың бірі.
Екінші қуатты көп қажет ететін кезең - алюминий оксидінен алюминий алу. Павлодарда Ақсу МАЭС-інің арзан электр қуатына бағытталып алюминий зауыты салынған.
Титан жеңіл, өте берік, жемірілмейтін металл. 10 жыл бойы теңіз суында жатып, ешбір өзгеріссіз қалған. Титаннан реактивті ұшақтардың двигательдері, кемелер мен сүңгуір қайықтардың кораптары мен химиялык құрал-жабдықтар шығарады.
Магниймен басқа металдарды (мысалы, хром, берилий) тотықсыздандырады. Оның жеңіл әрі берік қорытпаларын зымыран, ұшақ және аспап жасауда қолданады. Магнийді күшті жасанды жарық көзі ретінде фотография мен аспап жасауга (фейерверктер мен «бенгал шамдарына» және т.б.) пайдаланады.

Слайд 15

ҚЫМБАТ МЕТАЛЛДАР

Дүние жүзінде Қазақстан алтын қорынан алдыңғы он елдің қатарына кіреді. Ал ТМД

елдерінде Ресей мен Өзбекстаннан кейінгі 3 орында. Жылына 15 т өндіріледі.
Алтын өндірудің кен орындары: Ақбақай, Ақсу, Жолымбет, Бестөбе, Майқайың, Бақыршық.
Күміс Кенді Алтайда өндіріледі.

Слайд 16

БАЯУ БАЛҚИТЫН МЕТАЛЛДАР

Қазақстан дүние жүзі бойынша вольфрам қоры жөнінен 1 орын алады. Ол

табиғатта аз тараған. Вольфрам ашық сұр түсті, баяу балқитын металл.
Вольфрам кен орындары: Қараоба, Ақшатау, Жоғарғы Қайрақты, Бөгеті – басқа металлдармен кездеседі; Солтүстік Қайнар, Баян, Көктіңкөл - жақсы барланған. Қазіргі кезде вольфрам концентраты Жамбыл кенішінде “Қараоба-2005” шығарылады.

Слайд 17

СИРЕК КЕЗДЕСЕТІН

Сирек кездесетін металлдардың кемшілігі: аз мөлшерде кездеседі, металлдарды кеннен айыру үшін жүздеген

тонна кен, су, электр қажет және аз зерттелген. Олар: уран, германий, тантал, галлий, ванадий, т.б.

Слайд 18

Қара металлургия - өзінің негізгі өнімдерін екінші рет қайта өңдеудің аяқталған кезеңін қамтамасыз

ететін ғаламат сала және, сонымен бірге басқа салалар мен өндірістердің қалдықтарын кәдеге жаратуға қабілетті болып табылады.
Қазақстан үшін қара металлургия – екінші дүние жүзілік соғысынан кейінгі жылдары ғана пайда болған ауыр өнеркәсібінің салыстырмалы түрдегі жас сала. Қазақстанда шойын, болат, бұйымдарды илемдеу және ферроқорытпа өндіріледі.

Слайд 19

Қазақстанның қара металлургиясының құрамына 5 сала кіреді:

Слайд 20

Қазақстанның қара металлургиясы республика өнеркәсіп өнімдерінің 12,5%-ын өндіреді. Республика индустриясының жолбасшысы –

Қарағандының «Испат-Кармет» металлургия комбинаты. Кәсіпорын толық металлургиялық циклмен жабдықталған және қара металл прокаттарының табақталған, сұрыпталған әр түрін, ақ қаңылтыр, құбырлар және т.б. шығаруға мамандандырылған.

Слайд 21

Қарағанды қара металлургия комбинаты

Слайд 22

Қара және түсті металлургия өндірісінің динамикасы

Слайд 23

Өнеркәсіп өндірісі қоршаған табиғи ортаның барлық бөліктеріне зиянды әсер етіп жатыр.
   Ең бірінші

атмосфералық ауаға деп айтуға болады. Атмосфераның негiзгi ластануы түстi металлургия, жылу энергетикасы, қара металлургия, мұнай-газ кешенi кәсiпорындары мен көлiк шығарындыларымен байланысты. Атмосфералық ауаның ластануының қауіптілігі халық денсаулығының нашарлауына және қоршаған ортаның тозуына әсер етіп отыр.
   Атмосфералық ауаның ластану мәселесі негiзiнен Республика халқының жартысына жуығы өмiр сүретiн iрi қалалар мен өнеркәсiптiк агломераттарға тән.
   Барынша ластанғандар қатарына 10 қала, оның iшiнде 8 қала - ауасы жоғары деңгейде ластанған қалаға жатқызылады.

Металлургия кәсіпорынның қоршаған ортаға әсері

Слайд 24

 Қалаларда ауа ластануының жоғары деңгейiнiң себебi – өндiрiсте ескiрген технологиялары, тиiмсiз тазартқыш құрылыстарды

пайдалану, қолданылатын отынның төмен сапасы, қуаттың жаңғыртылатын және дәстүрлi емес көздерiнiң аз пайдаланылуы. Халықтың басым бөлiгi зиянды шығарындылардың әсерi жоғары аймақта тұрып жатыр, өйткені кәсiпорындардың 20%-тен астамының нормативтiк санитарлық-қорғау аймағы жоқ.
Өндірістің келесі зиянды әсер ету объектісі болып су ресурстары табылады. Қазақстан су ресурстарының үлкен жетiспеушiлiгi елдерiнiң санатына жатады. Қазiргi уақытта су объектiлерiн тау-кен өндiру, металлургия және химия өнеркәсiбi кәсiпорындары, қалалардың коммуналдық қызметтерi қарқынды ластауда және ол нақты экологиялық қатер төндiредi. Ертiс, Нұра, Сырдария, Iле өзендерi, Балқаш көлi неғұрлым ластанған. Халықты ауыз сумен қамтамасыз етудiң негiзгi көзi болып табылатын жер асты сулары да ластануға ұшыраған. 

Слайд 25

Түсті металлургияның ірі комбинаттары топырақты алуан түрлі зиянды қосылыстардың көп мөлшерімен ластайтыны соншалықты,

олардың маңындағы топырақтар қабатында табылған ауыр металдар концентрациясы ШРК мөлшерінен бірнеше есе асып түседі. Мысалы, Шымкент топырағында қорғасынның мөлшері 200ШРК, Жезқазғанда мышьяктікі 2-3 есе ШРК дейін жететін жерлер кездеседі.

Металлургияның топырақты ластауы

Слайд 26

Қара металлургияның экологиялық проблемасы

Слайд 27

Барлық металлургиялық үдерістерде қоршаған ортаға шаң, көміртек пен күкірт оксидтері, домналық балқыту кезінде

күкіртті сутек, азот оксидтері, илек (прокат) шығаратын жерде улы ерітінділердің аэрозольдары, эмульсия булары бөлініп отырады. Әсіресе коксохимия өендірісінде бөлінетін улы заттардың мөлшері өте жоғары.

Слайд 29

Қара және түсті металлургия өнеркәсіптерін экологияландыруда кен шикізатын тиімді және үнемді пайдалануды қамтамасыз

ететін өндіріске қалдықсыз және аз қалдықты технологиялық үдерістерді енгізу керек:

Слайд 30

Қорытынды
Қорыта келгенде, металлургия өнеркәсібі республика экономикасының дамуында маңызды рөл атқарады.     Тау - кен

өнеркәсібі мен металлургия өнеркәсібі мұнай-газ өнеркәсібімен бірге Қазақстанның экономикасының негізгі салалары болып табылады.
Қазақстан Республикасының әлемдегі бәсекелеске қабілетті 50 елдің қатарына кіруіне металлургия өнеркәсісібінің де қосар үлесі мол. Өйткені республикамыздағы металлургия кәсіпорындарының көпшілігі әлемдегі металлургия гиганттарымен бәсекелеске қабілетті.
Имя файла: Металлургия.pptx
Количество просмотров: 116
Количество скачиваний: 1