Мұнай-газ өңдеу кешенінің қоршаған ортаға тигізетін әсерін бағалау және мұнай шламын кайта өңдеу презентация

Содержание

Слайд 2

Зерттеу тақырыбының өзектілігі

Мұнай-газ өнеркәсібі қоршаған табиғи ортаға антропогенді әсер етудің ең қуатты факторларының

бірі болып табылады. Мұнай-газ өнеркәсібінің іс-әрекетінің салдарынан ландшафттар механикалық зақымдануға ұшырайды, сондай-ақ атмосфера, литосфера және гидросфера химиялық заттектермен ластанады. Мұнай-газ өңдеу кешендерінің өнеркәсіптік алаңдарының, мұнай және газ құбырлары өтіп жатқан, бұрғылау мұнаралары орналасқан территорияның маңайында орналасқан жерлер техногендік деградацияға ұшырайды.

Слайд 3

Зерттеу тақырыбының өзектілігі

Экологиялық қауіпсіздік және өнеркісіптің аз қалдықты технологияға өтуі ҚР тұрақты даму

тұжырымдамасының басты бағыттарының бірі. Сондықтан да мұнай-газ өнеркәсібінің қоршаған орта компоненттеріне тигізетін техногендік әссерін экологиялық бағалау өзекті экологиялық мәселе болып табылады.

Слайд 4

Диссертациялық жұмыстың мақсаты

Диссертациялық жұмыс мұнай-газ өнеркәсібінің (Жаңажол кен-орнының және аталған кен-орнының аумағында

орналасқан мұнай-газ өңдеу кешеніні) атмосфераға және топыраққа тигізетін техногендік әсерін экологиялық бағалау және мұнай шламын кальций оксидімен (СаО) залалсыздандыру арқылы қоршаған ортағның компоненттеріне қауіпсіз екінші реттік құрылыс материалын өндіру.

Слайд 5

Диссертациялық жұмыстың міндеттері

- Жаңажол мұнай кен-орнының, аталған кен-орнының аумағында орналасқан мұнай-газ өңдеу

кешенінің атмосфераға, литосфераға тигізетін техногендік әсерін экологиялық бағалау;
- Мұнай-газ өңдеу кешенінің шығарынды көздерінен бөлінетін аэрополлютанттардың атмосферада таралуын моделдеу;
- кен-орны орналасқан аумақтың ауыр металдармен ластануын экологиялық бағалау;
- шикі мұнайды өңдеу барысында түзілетін мұнай шламын алдын-ала реагенттік капсулалау әдісімен залалсыздандыру үшін СаО қажетті мөлшердегі рецептурасын дайындау;
- СаО реагентімен капсулаланған мұнай шламынан екінші реттік құрылыс материалын өндірудің зертханалық әдісін жасау;
- СаО реагентімен залалсыздандырылған мұнай шламынан құрылыс материалын алудың экономикалық тиімділігін есептеу;
- мұнай шламынан бөлінген ағынды суды тазартудың экономикалық тиімділігін есептеу.

Слайд 6

Зерттеу объектісі

Жаңажол кен-орнының және аталған кен-орнының территориясында орналасқан Жаңажол мұнай-газ өңдеу кешеніні орналасқан

аймақтың атмосфералық ауасы, топырағы және шикі мұнайды өңдеу барысында түзілетін мұнай шламдары.

Слайд 7

Зерттеу әдістері

Мұнай өнеркәсібінің табиғи ортаға тигізетін әсерін анықтау барысында физикалық-химиялық инструменталды талдау, экспериментті

математикалық жоспарлау, атмосфераның ластануын геоақпараттық бағдарламаны (ArcGIS 9) қолдану негізінде интегралды бағалу және топырақтың ауыр металдармен қосынды (суммарлық) ластануын бағалудың геоэкологиялық әдісі пайдаланылды.
Мәліметтерді өңдеу кезінде экологиялық статистикалық әдістер, мәліметтерді графикалық өңдеудің компьютерлік және геоақпараттық бағдарламалар қолданылды.

Слайд 8

Ғылыми жаңашылдығы:

- Жаңажол кен-орнының және аталған кен-орнының территориясында орналасқан Жаңажол мұнай-газ өңдеу кешенінің

ықпал ету зонасының атмосфералық ауасының ластану жағыдайы интегралды бағаланды;
- алғаш рет ГАЖ бағдарламасын қолдану арқылы атмосфераның ласатану деңгейін интегралды бағалау негізінде кен-орнының атмосферасында аэрополлютанттардың кеңістікте таралуының картасы тұрғызылды;
- кен-орнының топырағының ауыр металдармен ластануының геохимиялық аномалияға ұшыраған зоналары анықталды;
-мұнай шламына капсулалау реагенті ретінде қосылатын, гидрофобизацияланған өнім түзу арқылы тиімді залалсыздандыратын СаО оңтайлы мөлшері анықталды;
-СаО негізінде алдын-ала залалсыздандырылған бұрғылау шламын портландцементі мен құмға 20 масс. % мөлшерінде қосылған жағыдайда цементті тастың сығындау кезіндегі беріктігі орта есеппен 10-15% артатыны дәлелденді.

Слайд 9

ЖМГӨК кәсіпорнының тереториясының шекарасы;

Зиянды заттектерді шығаратын көздер;

Елді-мекендердің территориясы.

ЖМГ кен-орнының карта-схемасы

Слайд 10

Зерттеу объектісінің сипаттамасы  

СНПС – АМГ АҚ көмірсутек жүйелерін барлаумен, өндірумен және мұнаймен газды

тасымалдаға дайындаумен айналысатын Қазақстандағы ірі мұнай компанияларының бірі. Аталған кәсіпорын Жаңажол, Кенқияқ тұз асты, Кенқияқ тұз үсті кеніштерін игеруде және Каспий ойпатының шығыс бөлігінің орталық территориясында көмірсутек қорларын барлаумен айналысады, көмірсутек шикізатын өндіру көлемі бойынша ҚР алдыңғы қатарлы мұнайгаз операторларының бестігіне кіреді.
Казіргі уақытта ЖМГӨК жылына 5 млн. т астам мұнай және 1574 млн.м3 астам газ дайындайды. Жылдық мұнай өндіру көлемі 1997 жылы 2,5 млн. т болса, 2013 жылы 6,15 млн.тонн дейін жетті.

Слайд 11

ЖМГӨК өндірілген күкіртің және газдың жылдық мөлшері

Слайд 12

Атмосфераның аэрополлютанттармен ластану деңгейін интегралды бағалау әдістемесі

 

Слайд 13

Атмосфераның аэрополлютанттармен ластану деңгейін интегралды бағалау әдістемесі

 

Слайд 14

Ластану деңгейлерінің кеңістікте таралуының картасы (ГАЖ 10.1 бағдарламасы)

Слайд 15

Топырақтың ауыр металлдармен ластануын бағалау әдістемесі

Топырақ сынамалары алынған нүктелер

Слайд 16

Топырақтың ауыр металлдармен ластануын бағалау әдістемесі

Топырақтың металлдармен ластануының интенсивтілігі геохимиялық аномалия коэффициентімен анықталады

Ка (металл концентрациясының коэффициенті, Кс– кәсіпорынның газды шығарындыларымен, олардың техногенді жүктеме аумағында жинақталуымен байланысты локальды техногенді аномалия аумағын анықтайтын көрсеткіш) В.В. Добровольский бойынша [6].
Концентрация коэффициенті Кс келесі формуламен анықталады:
Kc = C/Cф
Мұндағы С – топырақтағы анықталатын компоненттің нақтылы концентрациясы, Cф – фондық мөлшері. Ауыр металлдардың фондық мөлшерінің көрсеткіші ретінде, техногендік әсерге ұшырамаған, кен орнынан алшақ орналасқан жерден 10 фондық нүктеден алынған топырақ сынамаларындағы элементтердің концентрациялары қабылданады. Орташа фондық концентрацияны есептеу үшін барлық фондық нүктеден алынған топырақ сынамаларындағы анықталатын химиялық заттектердің концентрациялары орташаланды.

Слайд 17

Результаты анализа нефтяного шлама на содержание металлов

Слайд 18

Капсулаланған мұнай шламының құрамы және қасиеті

Имя файла: Мұнай-газ-өңдеу-кешенінің-қоршаған-ортаға-тигізетін-әсерін-бағалау-және-мұнай-шламын-кайта-өңдеу.pptx
Количество просмотров: 65
Количество скачиваний: 0