Ядролық күштер презентация

Содержание

Слайд 2

Ядролық күштер

Ядродағы нуклондардың өте үлкен байланыс энергиясының болуы нуклондар арасында ұдайы өте интенсивті

өзара әсерлесудің бар екендігін көрсетеді. Бұл өзара әсерлесудің сипаты тартылыс болып табылады. Протондар арасында өте күшті кулондық тебілу күші болғанына қарамастан, тартылыс күші нуклондарды бір-бірінен ~10-13 см қашықтықта ұстап тұрады. Нуклондар арасындағы осындай ядролық өзара әсерлесулерді күшті өзара әсерлесулер деп атайды.

Слайд 3

Ядролық күштердің айрықша белгілеріне

Ядролық күштер қысқа әсерлесушілер болып табылады. Олардың әсерлесу радиусының реті 10-13 см,

Осы 10-13 см-ден аз қашықтықта нуклондардың бір-біріне тартылуы тебілуге ауысады.

Күшті өзара әсерлесу нуклондардың зарядтарынан тәуелсіз. Протондар мен протондардың, протондар мен нейтрондардың, ең соңында нейтрондар мен нейтрондардың арасында әсер ететін ядролық күштердің шамалары бірдей. Ядролық күштердің мұндай қасиетін зарядтан тәуелсіздігі деп атайды.

Слайд 4

Ядролық күштер нуклондардың спиндерінің өзара бағытталуынан да тәуелді, мысал үшін, егер нейтрон мен

протонның спиндері бір-біріне параллель болса, онда екеуі бірігіп, сутегінің ауыр ядросы дейтеронды түзеді

Слайд 5

Ядролық күштер орталықтанған (центрлік) емес. Оларды нуклондардың орталықтарын (центрлерін) қосатын түзудің бойымен бағытталған

деп көзге елестетудің еш мүмкіндігі жоқ. Ядролық күштердің орталықтық еместігі бұл күштердің нуклондар спиндерінің бағдарлауынан тәуелді болуынан келіп шығады.

Слайд 6

Ядролық күштердің қанығу қасиеті де бар (бұл ядродағы әрбір нуклон шектелген нуклондар санымен

әсерлеседі деген мағынада). Қанығудың байқалуы ядрода нуклондар саны өскенде, нуклондардың байланыс энергиясының өзгеріссіз өспей тұрақты болып қалуынан. Сонымен қатар ядролық күштердің қанығуының болуының тағы бір себебі, ядроның көлемінің оны құрайтын нуклондар санына пропорционалдығы.

Слайд 7

Ядролық реакциялар

Атом ядроларының элементар бөлшектермен немесе бір-бірімен өзара әсерлесуі кезінде болатын өзгерістер ядролық

реакциялар деп аталады
Ядролық реакцияны алғаш рет 1919 жылы Э. Резерфорд жүргізді. Ол азот атомнының ядросы альфа-бөлшектермен атқылау нәтижесінде өттегі изотобы мен протонды мына реакция бойыша алды
Энергияның сақталу заңына сәйкес ядроның реакция процесінде кинетикалық энергияның өзгеруі реакция қабысқан ядролар мен бөлшектердің тыныштық энергиясының өзгерісіне тең. Егер ядролар мен бөлшектердің реакцияға қатысқаннан кейінгі кинетикалық энергиясы реакцияға қатысқанға дейінгі энергиядан көп болса, онда энергия бөлінеді де, реакция экзотермиялық болады, кері жағдайда энергия жұтылады да, реакция эндотермиялық деп аталады.
Имя файла: Ядролық-күштер.pptx
Количество просмотров: 100
Количество скачиваний: 0