Ашық сабақ. Аустралияның географиялық орны,жер бедері
Жоспар: Сабақтың мақсаты
Білімділік-оқушыларға Аустралия материгінің географиялық орнын,табиғи ерекшеліктері туралы білім беру.
Тәрбиелік-Оқушылардыөзбетіншеоқуға,ізденіске тәрбиелеу.
Дамытушылық-Білімге құштарлығын,дүние танымдық көз қарасын,жұмыс істеу дағдысын қалыптастыра отырып жеке тұлғаны дамыту.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Әдісі:саяхат сабақ,үш аялдама,кім жылдам? жеті жұмбақ, «ең, ең, ең,….» ойыны сәйкестендіру тест.
Құрал-жабдығы:Дүниежүзінің физикалық картасы,интербелсені тақта,карточкалар. Сабақтың барысы
I.Ұйымдастыру кезеңі Оқушылармен амандасу
Оқушы назарын сабаққа аудару
II.Үй тапсырмасын сұрау «Саяхат сабақ» әдісі бойынша, Африка материгінен Аустралия материгіне жету үшін жолдағы кедергілерден өту. 1-кедергі: А)Африка атауы қайдан шыққан?(африги тайпасынан)
Б)Африканың шеткі нүктелері? (Эль-Аьбяд,Ине,Алмади,Рас-Хафун)
В)Биосфераның Алтын қорына енген қай жер?(Сахара,Мадагаскар)
2-кедергі: А) Африканың жалпы ауданы. ( 30,3млн км2)
Б)Мадагаскардың ауданы?(590 мың.км)
3-кедергі:
А)Африканы зерттеген саяхатшылар? (Д. Ливинстон, В. Юнкер)
Б)Африканы қандай климаттық белдеулер кесіп өтеді?(экваторлық,субэкваторлық,тропик,субтропик)
В)Африканың өзендері?(Ніл,Конго,Занбези)