Материалды сараптауға дайындау презентация

Содержание

Слайд 2

Сараптау жүйесі (білімдерге негізделген жүйе) (экспертная система (система, основанная на знаниях);

Сараптау жүйесі (білімдерге негізделген жүйе) (экспертная система (система, основанная на знаниях); expert system,
expert system, knowledge-based system) — ережелер мен шығару механизмдерінің жинағы бар білім базасын қамтитын жасанды интеллект жүйесі. Бұл жинақ ережелер мен пайдаланушыға ұсынылатын мәліметтердің негізінде жағдайды білуге, диагноз қоюға, шешімді тұжырымдауға немесе әрекетті таңдауға нұсқау беруге мүмкіндік тудырады; белгілі бір ғылым саласындағы маманның (мысалы , медицина, энергетика саласында) білімі мен тәжірибесін компьютерде жинақталған білімдер базасы арқылы модульдеп көрсететін зерделік программа.

Слайд 3

Осындай программа көмегімен маман емес адамның өзі сарапшымен ақылдаспай-ақ, шешім қабылдай

Осындай программа көмегімен маман емес адамның өзі сарапшымен ақылдаспай-ақ, шешім қабылдай алады. Білімдер
алады. Білімдер базасын оңын ережелерімен және нәтиже алу, шешімге келу тәрізді мүмкіндігімен бірге пайдаланатын, осы заңдылықтар көмегімен практикадан алынған нақты мәліметтерді енгізіп, солардың негізінде жағдайды болжауға, мысалы , диагноз қоюға, белгілі бір шешім қабылдауға ұсыныс жасауға мүмкіндік беретін программа немесе жүйе. Берілген ақпаратты бұрын енгізілген ережелер арқылы талдаудан кейін шешім қабылдауды жасақтайтын программалар кешені.

Слайд 4

"Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 11-1)-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

"Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 11-1)-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. ... 2.
1. ...
2. "Қазақстан Республикасынан әкетілетін тауардың шыққан елін айқындау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігі Стандарттау, метрология және сертификаттау комитетінің 2001 жылғы 7 қыркүйектегі N 322-а бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2001 жылғы 30 қарашада N 1684 нөмірмен тіркелінген, Қазақстан Республикасының орталық атқару және өзге мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде жарияланған, 2002 жылғы N 4, 535-құжат).
3. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Слайд 5

20. Тауардың шығу тегiн сараптау өтiнiм тiркелген сәттен бастап 4 жұмыс

20. Тауардың шығу тегiн сараптау өтiнiм тiркелген сәттен бастап 4 жұмыс күн iшiнде
күн iшiнде сараптауды жүргiзуге уәкiлеттi ұйым арқылы жүзеге асырылады.
21. Тауардың шығу тегiн сараптауға кiретiндер:
1) 22-тармаққа сәйкес ұсынылған сараптау құжаттары;
2) қажет болған жағдайда тауардың тұрған жерiне шығу арқылы тауарлардың сыртқы белгiлерi бойынша сәйкестендiру (атауы, типi, таңбалауы, бумасы, класы, сапасы, дайындаушы-кәсiпорны);
3) жеткiлiктi қайта өңдеу критериiн белгiлеу және тауардың қосылған құнын анықтау мақсатында тауарды шығару кезiндегi технологиялық процессiн сараптау;
4) егер тауарды басқа жолмен сәйкестендiру мүмкiн болмаса, онда зертханалық сынау және зерттеу.
Сараптаудың қорытындысы тауардың шығу тегi туралы сертификатты дайындауға арналған Сараптау актiсiмен нысандалады (1-қосымша).

Слайд 6

22. Сараптауды жүргiзу үшiн өтiнiммен қоса (2-қосымша) тауардың шығу тегiн растайтын

22. Сараптауды жүргiзу үшiн өтiнiммен қоса (2-қосымша) тауардың шығу тегiн растайтын құжаттар ұсынылады.
құжаттар ұсынылады. Қажеттi құжаттардың ең аз тiзбелерiн сарапшы төменде берiлген құжаттардың iшiнен анықтайды:
1) өтiнiш берушiнің заңдық мәртебесiн қуаттайтын құжат (кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын жеке тұлға бiлiмi жоқ заңды тұлға-төлқұжат, жеке куәлiк, патент);
2) экспорт шартының түпнұсқасы және көшiрмесi;
3) шот-фактураның түпнұсқасы және көшiрмесi немесе тауарға арналған инвойс;
4) тауардың шығу тегiн растайтын құжаттардың түпнұсқасы және көшiрмесi (тауар шығарушымен немесе тауар сатып алуға шарт, жөнелтпе құжат, шот-фактурасы, қажет болған жағдайда тауарды тасымалдау туралы құжат);
5) қызмет ету түрлерiне арналған лицензияның түпнұсқасы және көшiрмесi;
6) "қайта өңдеу/жеткiлiктi қайта өңдеу" критериiн анықтауға арналған құжаттар: (экспортталатын тауарларды өндiруде қолданылатын шикiзат пен компоненттерiнің құны, шикiзат жеткiзуге арналған шарт, шоттар, төлем тапсырмалары, транспорт және басқа жүк құжаттары; тауар сәйкестендiрiлiп шығарылған нормативтiк және технологиялық құжаттар; шетел компонентінің немесе қолданылатын шикiзаттың құны есебiндегi тауардың өзiндiк құнын есептеу, шығынның калькуляциясы, қосылған құн);
7) егер экспортқа шығарылатын тауар малдан шыққан өнiмдер болса, ветеринарлық куәлiк, ал су және теңiзден шығарылса сол кәсiпкерлiктiң куәлiгi;
8) егер экспортқа шығатын тауар өсiмдiктен шығарылған болса, онда фитосанитарлық сертификат;
9) қоймада бар тауардың саны туралы қойма анықтамасы, қойманың мекен-жайы;
10) сенiмхат.

Слайд 7

23. Қажет болғанда тауар шыққан елдi анықтау жөнiндегi сараптауды жүргізуге уәкiлеттi

23. Қажет болғанда тауар шыққан елдi анықтау жөнiндегi сараптауды жүргізуге уәкiлеттi ұйым мына
ұйым мына құжаттарды сұрата алады:
1) материалдардың, шикi заттардың шығу тегiн куәландыратын рұқсат қағаздарының, лицензиялардың, құжаттар жиынтығының түпнұсқасы және келiсiм-шарттың (шарттың) көшiрмесiн;
2) егер тауардың шығу тегiн зертханалық сынау және зерттеусiз анықтау мүмкiн болмаған жағдайда аккредиттелген сынау зертханалары берген сынау хаттамасын, сондай-ақ тауардың шығу тегiн растайтын басқа құжаттарды.
Құжаттардың түпнұсқасы көшiрмесiмен сәйкестендiрiлген соң өтiнiш берушiге қайтарылады.

Слайд 8

24. Осы Нұсқаулыққа сәйкес сараптау нәтижесi бойынша тауардың шығу тегi

24. Осы Нұсқаулыққа сәйкес сараптау нәтижесi бойынша тауардың шығу тегi туралы мынадай қорытынды
туралы мынадай қорытынды берiледi:
1) толық қазақстанда шығарылғандығы;
2) "өңделген/жеткiлiктi қайта өңделген" критериi бойынша қазақстанда шығарылғандығы;
3) қазақстанда шығарылмағандығы немесе шығарылған елiнiң анықталмағандығы.
25. Сараптауды жүргiзуге және сараптаудың қорытындысына аттестатталған және белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк сертификаттау жүйесiнің Тiзiлiмiне стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органмен кіргiзілген сараптаушы ғана қол қоюға құқы бар.

Слайд 9

26. Толық қазақстан тауарларынан (шикiзаттар, материалдар, өнiмдер) дайындалған тауарлардың шыққан

26. Толық қазақстан тауарларынан (шикiзаттар, материалдар, өнiмдер) дайындалған тауарлардың шыққан жерiн анықтау кезде,
жерiн анықтау кезде, тауардың шыққан жерi туралы сертификатты ресiмдеу үшiн сараптау актiсiнде төмендегiлердi көрсету қажет:
1) дайындалған тауардың технологиялық процесiн (техникалық шарттарын, технологиялық нұсқауларын);
2) жеткiзiп берушiлердің тауарды өндiрген кездегi пайдаланған шикiзаттары мен компоненттерiн;
3) сатып алынған шикiзаттар мен компоненттерге ақша төленгендiгi туралы құжаттың (атау, нөмiрi) бар екендiгiн.
Имя файла: Материалды-сараптауға-дайындау.pptx
Количество просмотров: 64
Количество скачиваний: 0