Біз Қазақстан туын асқақтатамыз презентация

Содержание

Слайд 2

Қашан да еркіндікті аңсаған елміз...

Слайд 3

Қашан да еркіндікті аңсаған елміз...

Слайд 4

Тәуелсіздік – тәңірдің ұрпаққа берген үлкен бақыты, халқымыздың мәңгілік құндылығы. Біз бүгінге дейінгі

барлық жетістіктерімізге Тәуелсіздіктің арқасында қол жеткіздік.
Жиырма жыл ішінде елдің әл-ауқатын көтеріп, төл мәдениетіміз бен мемлекеттік тілді жаңғырту ісінде қыруар жұмыстар жасадық. Елімізді білім, ғылым, денсаулық, спорт салалары айрықша даму үстінде.
Н. Ә. Назарбаев
28 қаңтар, 2011 ж., Ақорда

Слайд 5

Тәуелсіздікке жету тарихымыз:

1723-1725 жыл
Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама

Қаратаудың басынан көш келеді,
Көшкен сайын

бір тайлақ бос келеді.
Ел жұртынан айрылған жаман екен,
Екі көзге мөлтілдеп жас келеді...

Слайд 6

1737-1847 жыл - Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілісі

Кенесары Қасымұлы бастаған ірі ұлт –


азаттық көтеріліс. Оған үш жүздің қазақтары түгел
қатысты.

Кенесары тарих сахнасына өзінің ұлы бабасы Абылай ханның ісін жалғастырып,
басқарушы ретінде 20 мың сарбаздан тұратын жасақ
құрды.

Слайд 7

1836-1838 жыл - Iшкi Бекейхан ордасындағы көтерiлiс

Слайд 8

1916 жыл Азаттық көтеріліс

Слайд 9

1937-1938 жыл - Сталиндік репрессия

1937-1938 жылдардағы сталинизм репрессиясын ойласаң жаның түршігеді, халықтың

қамын ойлаған зиялы азаматтарымыз бір түнде репрессия құрбандарына айналғандар қаншама?

Слайд 10

1931- 1932 жыл – Жаппай ашаршылық

«Асыра сілтеу болмасын
– аша тұяқ қалмасын!»

Ф.И. Голощекин

Өркениетті

қоғам құру шаралары бүкіл елді тығырыққа тіреді. Аштықтан, түрлі індеттерден халықтың 40 қырылды .Ашаршылықтан 6,2 млн халықтың 2,1 млн опат болды. 1 млн 578 мың халық Атамекенін тастап кетті. 40 жылдай уақыт өткеннен кейін ғана бәрі қалпына келді.

Слайд 11

1941-1945 жыл – Ұлы Отан соғысы

Сталиндік репресия мен голощекиндік геноцид құрбандықтарына ұшыраған

халқымыздың ұл-қыздары Отан соғысы жылдары неміс фашист
басқыншылықтарына қарсы Ресеймен бірге соғысуға мәжбүр болды. Олар: Бауыржан Момышұлы, Талғат Бегелдинов, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, Төлеген Тоқтаров, Рақымжан Қошқарбаев, Қасым Қайсенов, сынды азаматтарымыз жан аямай шайқасты.

Слайд 12

1949 жыл - Осыншама азаптың iшiндегi ең сұмдығы Семей полигоны

Слайд 13

1986ж

Желтоқсан оқиғасы

Дүниені дүр сілкіндірген 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының қанды ызғары бүкіл одақ

көлемін шарпып, Грузияда, Прибалтикады, Ресейдегі оқиғалардың тұтануына тарихи әсерін тигізді.Қызыл империяның ошағы болған КСРО –ның ыдырауына әкеп соқты.
1986 жылдың 16 желтоқсанында Республика орталық Комитетінің 5 пленумы болды.
Небәрі 18 минутқа созылған осы пленумда республиканы ширек ғасыр бойы басқарып келеген Дінмұхамет Ахмет ұлы Қонаевтың
орнына Г.В.Колбин сайланды.

Г.В.Колбин

Слайд 14

1986 жылы 16-17 желтоқсанда Алматы қаласы бұрынғы астанамыз, қазіргі бас қаламызда мыңдаған қазақ

жастары наразылық білдіріп,шеруге шықты. Олар: «Тәуелсіздік керек!» қазақ елінің өз көсемі сайлансын!-деген тілек білдірді.Сол кездегі Қазақстан Компартиясының орталық комитетінің 18 минутқа созылған Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың орнына Кеңестер одағының Комунистік партиясы Разуловсийдің ұсынысы бойынша Генадий  Колбинді тағайындаған.  Республика жұртшылығы бұл адаммен мүлдем бейтаныс болатын, бұл сылтау ғана, елі киіздің көп жылдар бойы ой санасына қордаланып жатып шыдам – шарқы таусылып барып, бұрқ етіп шыққан арман көрінісі еді. Өз елінің тәуелсіздігін талап етіп шеруге шыққан жастарға «Бұзақылар», «Ұятшылдар» , «Нашақорлар» деген кінәлар тағылды.

Слайд 15

Тәуелсіздік құрбандары мәңгі ел есінде!

Дауылға желтоқсанның желі айналды.
Ашуға мінді алатау кәрі,

айбарлы
Күтпеген іс ақыры не болды деп
Күллі әлем алматыға қарай қалды
Кез емес жаугершілік «аттан» атты,
Алаңның шеруі емес салтанатты.
Қытымыр қыстың басы, сол бір айда
Желтоқсан желі әлемді жалт қаратты.

Слайд 16

Қазақ КСР Қылмыстық Кодексінің 60-бабы бойынша 3 жылға бас бостандығынан, 65-бабы бойынша 15

жылға бас бостандығынан айыруға, Қазақ КСР қылмыстық кодексінің 171-1 бабы бойынша ең жоғары өлім жазасына, атуға кесілсін.

Слайд 17

Желтоқсан құрбаны- Қайрат Рысқұлбеков Алматы
архитектура құрылыс институтының студенті.
1988 жылы КСРО Жоғарғы Кеңесі

оған берілген ату
жазасын 20 жыл бас бостандығынан айыру жазасымен
ауыстырды.1988 жылғы мамырда-қайтыс болды.
1996 жылғы 9 желтоқсан – «Халық қаһарманы» атағы
берілді.

Қайрат
Рысқұлбеков
1966-1988 ж.ж

Қайраттың
студенттік шағы

Қайраттың отбасы

Әскердегі кезі

Слайд 18

Ләззат Асанова

Ләззат Асанова 1970 жылы қазіргі Алматы облысы Жаркент ауданына қарасты Айдарлы

ауылында дүниеге келген. Жастайынан зерек өскен бала орта мектепті үздік бітіріп, Алматыдағы Чайковский атындағы музыка училищесіне өз талантымен оқуға түсті.

Ләззат
12 жаста 1982 ж

Ләззат музыкалық училищенің
студенті болған кезінде 1986 жыл

Слайд 19

Әкетай-ау пайғамбардай жасың бар,
Туа бермес сіз секілді асылдар.
Қартайғанда жүрегіңді жаралап,
Кесір болды-ау біз секілді

масылдар.
Айналайын, қарындасым, қарағым,
Қолда кісен, мен айдауға барамын.
Қайғы шегіп азап тартқан ағаңды,
Айтшы жаным, қандай жанға баладың?
Айналайын, інішегім,құлыным,
Сені ойласам үзіледі жұлыным.
Сенің ерке ақ жүзіңді көре алмай,
Кетіп барам мен айдауға , құлыным.

Қайраттын жазған хаты:

Слайд 20

Кеше ғана базарлы еді біздің үй,
Күнде думан көтеріңкі көңіл-күй.
Бүгін жым-жырт, әлдеқайдан бәз біреу,


Дегендей –ақ бар сырыңды ішке түй.
Біле алмаймын, құйын шарпып өткен бе?
Аға-әпкемдер бәрі есейіп кеткен бе?
Ойнатпайды, ойнамайды менімен,
Әлдекім кеп күлмеңдер деп сөккен бе?
Әкем де үнсіз, айналмайды аймалап,
Терезеден отырғандай ай қарап.
Адамның да дауысында діріл бар,
Көз жанары тоқтамайды тайғанап.

Қайраттың қарындасының
хаты

Слайд 21

Қайрат деген атым бар,
Қазақ деген затым бар,
Күнәдан таза басым бар,
Жиырма бірде жасым бар,
Қасқалдақтай

қаным бар,
Бозторғайдай жаным бар,
«Еркек тоқты-құрбандық»
Атам десең, атыңдар!

Қайраттың ақтық сөзі:

Слайд 22

Халық қаһарманы Қайрат Рысқұлбековке орнатылған ескерткіш. Семей қаласы

Слайд 23

Бұл оқиғаға байланысты 103 адам жауапқа тартылды. 99-ы сотталды. Алматы қаласы бойынша

2401 адам қамауға алынып оқудан 309 студент шығарылған, 99-ның ішінде 2 адам өлім жазасына кесілген. Олар: Қайрат Рысқұлбеков, Мырзағали Әбдіқұлов. Желтоқсан оқиғасында ерен ерлігімен көзге түскендер өте көп, солардың бірі – Қайрат. Ол қыршын жасын қиды. Оған үлкен айып тағылды.

Слайд 26

. Тәуелсіздік – адамзат баласының аңсаған басты мұраттарының бірі. Себебі кез келген ұлт

пен ұлыс бодандықты басынан кешуі мүмкін. Бірақ саналы ұрпақ түптің – түбінде өзінің бостандығы үшін күрес майданына шығуы ақиқат. Тәуелсіздік жолындағы күрес бір ғана жылдың, немесе бір ғасырдың жемісі емес. Осындай ұлы іске қарап отырып тәуелсіздік жолындағы күрес қазақтың басынан кешкен күрестердің қасиеттісі десек артық емес. Тәуелсіздік алғаннан бері өз мүмкіншіліктеріміз өзіміздің ұлттық қажеттіліктерімізге жарай бастады. Соның нәтежесі ретінде бірінші ке- зекте біз өзіміздің атадан балаға мұра болып қалған тарихи жеріміздің шекарасын бекітіп, әлемдік қоғамдастық алдында Қазақстан Республи- касы деген асқақ рухты елдің бар екендігін мойындаттық. Міне сол уақыттарғада 29 жыл толып отыр. 

Слайд 27

Тұңғыш президентіміз

Слайд 28

Қаз ССР-нің Жоғарғы Кеңесінің 1991 жылдың 16 қазанындағы шешімі бойынша 1 желтоқсанда Қазақстан

ССР-нің Президенті сайланды. Сайлаудың қортындысы бойынша 8 681 276 сайлаушы немесе сайлауға қатысушылардың 98,78 пайызы Н. Ә. Назарбаевты сайлады.

1991 жыл

Слайд 29

1991 жыл

Слайд 30

1992 жыл

 2 наурызында Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының мүшесі атанды. Осы жылы мемлекеттік рәміздер

— Әнұран, Елтаңба және Туды жасауға конкурс жарияланды. 1992 жылдың 4 маусымында Тұңғыш Президентіміз Н.Назарбаев «Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны туралы» заңға қол қойды.

Слайд 31

1992 жыл

7 мамыр – Отан қорғаушылар күні деп жарияланды.
4 маусым Парламент отырысында Қазақстан

Республикасының мемлекеттік рәміздері – Туы, Елтаңбасы, Әнұраны қабылданды.

Слайд 32

1993 жыл

Слайд 33

1993 жыл

12 қараша ҚР Президентінің “Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын енгізу туралы” жарлығы шықты.


Слайд 34

1994 жыл

 16 ақпанында Елбасы Н.Назарбаев Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа қол қойды. Сөйтіп

Қазақстан өз еркімен қуатты қарудан бас тартып, ядролық қаруы жоқ ел ретінде осынау зұлматпен күрестің алғашқы баспалдағын қалады.

Слайд 35

1995 жыл

1 наурыз Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды.
24 наурызда Алматыда Қазақстан халықтар Ассамблеясының 1

сессиясы өз жұмысын бастады. Осы жиында Н. А. Назарбаев“Ортақ үйімізде татулық пен келісім болсын” атты баяндамасын оқыды.

Слайд 36

Қазақстандағы барлық ұлттар өкілдерінің бір кісінің баласындай, бір қолдың саласындай күш біріктіруіне мүдделіміз.
Н.

А. Назарбаев

Слайд 37

1995 жыл

30 тамыз Республикалық референдум арқылы еліміздің Конституциясы қабылданды. Референдум арқылы дауыс беруге

8 миллионнан астам азамат қатысып, жаңа Конституцияны жақтап 7 млн. 210 мын адам (89,1 пайыз) дауыс берді.

Слайд 38

1996 жылы

 Қазақстанның араласуымен Шанхай ынтымақтастық ұйымының құрылды. Осы ұйымның құрылуына сол кезде біраз

жұрт күмәнмен қарағанымен, ШЫҰ өзінің шынайылығын, қажеттілігін танытты. Бүгінде бұл ұйымның әлемдегі беделі айтарлықтай жоғары.

Слайд 39

1997 жыл

20 қазан ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың “Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының

астанасы етіп жариялау туралы” Жарлығы шықты.

Слайд 40

1998 жыл

6 мамыр Қазақстан Республикасы Президенті Н. Назарбаевтың “ҚР астанасы – Ақмола қаласының

ҚР астанасы – Астана қаласы деп қайта атау туралы” Жарлығы шықты.

Слайд 41

...Ерке Есіл жағасында бой көтерген, ерекше сәулеттік ландшафты бар, бірегей мүсіндік нышандары сап

түзеген, жоғары технологиялы болашаққа ұмтылған, өзгені сыйлап, өзінің жаңа астанасы мен өз елін шексіз мақтаныш тұтатын көп ұлтты және көп дінді халқы бар әсем де мейірлі астанамыз, міне осындай қала.
Н. Назарбаев

Слайд 42

1999 жыл

10 қантар ҚР Президентін сайлау болды. Тұнғыш рет баламалы негізде демократиялық үрдіспен

өткен бұл сайлауда Қазақстан Республикасының Президенті болып Н. Ә. Назарбаев қайта сайланды.

Слайд 43

1999 жыл

1 наурызда “Отан” Республикалық партиясы құрылды (оған Демократиялық партия, “Казахстанның Халықтар бірлігі

” партиясы Казахстанның Либеральдық қозғалысы және “ Казахстан үшін-2030”қозғалысы кірді).

Слайд 44

2000 жыл

Слайд 45

2001 жылы 

16 желтоқсанда Қазақстан халқы Тәуелсіздіктің 10 жылдығын атап өтті. Осы жылы көптеген

ауқымды шара ұйымдастырылып, Рим папасы Иоанн Павел II Астанаға келді.

Слайд 46

2002 жылы

 Тараз қаласының 2000 жылдық мерейтой ЮНЕСКО көлемінде аталып өтті. Сонымен қатар осы

жылы киелі Түркістанда Дүниежүзі қазақтарының екінші құрылтайы өтті.

Слайд 47

2003 жылы

 Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер жетекшілерінің бірінші құрылтайы өтті. Тарих жүзінде бұған

дейін дәстүрлі үш бағыттағы дін басшыларының бір жерде бас қоспағанын ескерсек, бұл Қазақстанның басты жетістіктерінің бірі саналары анық.

Слайд 48

2004 жылы

 24 желтоқсанда «Ақорда» резиденциясыны ашылды. Ғимараттың жалпы ауданы 36 720 шаршы метр.

Сонымен қатар осы жылы Астанада Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің Музейі ашылды. Онда 100 мыңнан астам экспонат бар.

Слайд 49

2005 жылдың

 желтоқсанында Конституция шеңберінде Президенттік сайлау өтіп, ел өзінің басшысын таңдады. Сайлауда Нұрсұлтан

Назарбаев қатысушылардың 91 пайыз дауысын алып, ел сеніміне ие болды.

Слайд 50

2007 жылы

 Қазақстан халқы үшін аса маңызды «Мәдени мұра» бағдарламасының екінші кезеңі жүзеге асырыла

бастады. Мемлекеттік бюджеттен аталған бағдарламаны жүйелендіруге, сақтап және дамытуға 4 миллиард теңге бөлінді. Алғашқы кезеңге 2,7 миллиард теңге, соңғысына 5 миллиардтан аса бөлінді.

Слайд 51

2008 жылы

 заңнамаға енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың негізінде жаңа мейрам - 6 шілде -

Астана күні тарихқа енді. Сонымен қатар елордадағы «Қазақ елі» монументі ашылды. 

Слайд 52

2009 жылы

 Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы өтті. Ел тәуелсіздік алғалы бері екінші рет өткізіліп

отырған ұлттық халық санағы Қазақстан тұрғындарының саны 16 миллион 4 800 адам болғандығын көрсетті.

Слайд 53

2010,2011

Слайд 54

2011 жылы

 Қазақстанда алғаш рет қысқы Азия ойындары өтті. Қазақстанның намысын қорғаған спортшылар 70

медаль иеленді. Олардың 32-сі — алтын, 21-і — күміс және 18-і — қола.

Слайд 55

2013 жыл

 Тұңғыш Президент жариялаған «2050 Стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты

Жолдау бойынша жұмыстардың қолға алынуымен ерекшеленді. Сонымен қатар осы жылы Қазақстан тарихында тұңғыш рет жергілікті билік органдары басшыларының сайлауы өтті.

Слайд 56

2017 жылы 

Қазақстанда EXPO-2017 көрмесі ұйымдастырылды. Аталған көрме 10 маусым мен 10 қыркүйек аралығында

Астанада өтті. Оны тамашалауға әлемнің түкпір-түкпірінен 3 миллион адам келді. Ал көрмені өткізуге 115 мемлекет пен 22 халықаралық ұйым қатысты.

Слайд 57

2018 жылдың

 1 қаңтарынан бастап Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне төрағалық етті. Сондай-ақ Астананың 20

жылдық мерейтойы тойланды.

Слайд 58

2019 жыл

 Қазақстан үшін тосын оқиғаларға толы болды. 19 наурызда Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан

Назарбаев өкілеттігін тоқтатты. 9 маусымда кезектен тыс сайлау өтіп, 70 пайыздан астам дауыс жинаған Қасым-Жомарт Тоқаев ел Президенті болып сайланды.

Слайд 59

2020 жыл

Қазақстан Республикамыздың тәуелсіздігіне 29 жыл толды.

Слайд 60

1. Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін ең алғаш мойындаған ел?

(Түркия)

Слайд 61

2. 1996 жылы Алматы қаласында қай монументтің салтанатты ашылуына ҚР-ның Президенті Н.Назарбаев және

Түркия Президенті С.Демирель қатысты?

(Тәуелсіздік монументі)

Слайд 62

3. 1995 жылғы 1 наурызда ҚР-ның Президентінің Жарлығымен құрылған Мемлекет басшысы жанындағы консультативті-кеңесші

орган?

(Қазақстан халықтар Ассамблеясы )

Слайд 63

5.Қай жылы алғашқы дүниежүзілік Қазақтар Құрылтайы өтті?

(1992 жылы, қыркүйек айында)

Слайд 64

6.Қай жылы ҚР-сы әлемде жойқын қарудан ерікті түрде бас тартқан тұңғыш мемлекет атанды?


(1995 жылы)

Слайд 65

7. 1992 жылы 2 наурызда ҚР-сы сыртқы саясаты үшін тарихи маңызы бар күн

ретінде есте сақталды. Қандай оқиға бұл күні орын алды?

(БҰҰ-на кіруі)

Слайд 66

8. 2012 жылы 14 желтоқсанда елордамыз Астана қаласында Елбасы Н.Назарбаев салтанатты жиналыста қандай

маңызды мәселені қозғады?

«Қазақстан-2050» стратегиясы

Слайд 67

9. ҚР-ның Конституциясында қанша бап, қанша тарау бар?

9 тарау, 98 бап

Слайд 68

10. 1992 жылдан бастап ҚР-да ел экономикасын тұрақтандыруға, өнеркәсіп орындарының жұмысын жандандыруға, инвестиция

көлемін ұлғайтуға бағытталған меншікке байланысты жүргізілген реформа?

(Жекешелендіру)

Слайд 69

11. Жоғарғы кеңес ҚР-ның жаңа мемлекеттік туы мен елтаңбасын қашан бекітті?

(1992 жылы)

Слайд 70

14. ҚР-ның ұлттық валютасы қашан қабылданды?

(1993 жылы 15 қараша)

Слайд 71

15. Бұл күні еліміз осы сала бойынша атын қалдырған 23 елдің қатарына қосылды.

1991 жылдың 2 қазан күні ҚР-сы үшін қандай оқиғамен маңызды?

Тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіровтың ғарышқа ұшуы

Слайд 72

17. Қай жылы Қазақстан ЕҚЫҰ-на (OBCE) төрағалық етті?

(2010 жылы)

Имя файла: Біз-Қазақстан-туын-асқақтатамыз.pptx
Количество просмотров: 23
Количество скачиваний: 0