Өтейбойдақ тілеуқабылұлы презентация

Содержание

Слайд 2

Кіріспе
Негізгі бөлім
**Өмірбаяны
***«Шипагерлік баян»
Марапаттары
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

Жоспар

Слайд 3

Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы

Өтейбойдақтың өмір дерегі, туған, өлген жылдары негізінен
"Шипагерлік баян" кітабындағы мағлұматтар бойынша белгілі.

Автор
"Шипагерлік баян" кітабын Жәнібек ханның тапсыруы бойынша
70 жасында жаза бастағаны туралы, содан Жәнібек хан дүние салған
1473 жылы кітапты 85 жасында жазып бітіргені жөнінде дерек қалдырған.
Сондай-ақ, Өтейбойдақтың 90 жасқа жақындап дүние салғаны жөнінде де
дерек бар. Демек, Тілеуқабылұлы Өтейбойдақты 1388 жылы дүниеге келіп,
1478 жылы дүние салды деп жобалауға болады. Өтейбойдақ "Шипагерлік баян" кітабында өзі туралы былай дейді: "Өтейбойдақ Тілеуқабылдың ұлымын. Ата-тегім — Ұлы жүз Зарман, Зарман ішінде Албан. Мекенім — Жетісу. Ауылымда құрбы-құрдас, таныс-білістерім аз емес. Жанымда Жиренше шешен, Жөнібек ханның қарашасымын. Жылым — иіртек, сексен беске келдім

Слайд 4

Қазақ  елінің тәуелсіздігінен кейін тарихта аттары белгісіз жаңа ғұлама ғалымдар қатарына ХV ғасырдың қараүзген

шипагер-ғалымы Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының (1388-1485) есімі де енді. Оның «Шипагерлік баянында» шипагерлік дәстүр мен үрдісі тарихының жаңа белесіне жол ашылды. Ө.Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баяны» кітабын жазуына біріншіден, сол заманның ханының оң қол уәзірі Жиренше шешенмен таныстығы; екіншіден, хан әз Жәнібектің оның сауатты жауабына риза болуынан; үшіншіден, сегіз жасынан бастап әкесі Тілеуқабыл емшіден білгені мен халқынан естігені, көргені, жазып алғаны; төртіншіден, өз іс-тәжірибесінің нәтижелері көрсеткіші;бесіншіден, Шығыс пен Орта Азия ғұламаларының еңбектерінің ықпалы; алтыншыдан, өзінің халқы мен отанына және ғылымға деген адалдығынан болды деп қараған жөн.

«Шипагерлік баяны» жазуының себебі 

Слайд 5

Шипагер еңбегінің ең құнылығының бір жағы адам баласын имандылыққа, адамгершілікке, қайырымдылыққа, әдептілікке, отан сүйгіштікке

жету жолдарына дұрыс бағыт беруі мен он сегіз мың әлемді жаратушы құдіретті Алланы тану мен оның елшісі Мұхаммед пайғамбарға /с.ғ.с./ және ислам діні қағидаларын сақтауда адал болуға дұрыс сауатты нақты нұсқау беруі дей аламыз. Мәселен, халал мен харамды ажыратуда 91-ді жеуден тиым, 85-ті ішуден тиым сақтандыруымен, 7-ге тиіспеуге, 41-ге жұғыспауды және 12-ден айырылмау сияқты бұлжытпай орындауы тиісті міндеттің орындалатын шартты – заңын ұсынады.

Слайд 6

"Шипагерлік баян" бүгінгі күнге Өтейбойдақтың ағайын-ұрпақтары арқылы жеткен. Кітап уақыттың алуан түрлі зобалаңынан

өтіп, мейлінше көлемді мұраның төрттен бір бөлігі ғана бүгінгі ұрпақтың қолына тиген. Қалған бөлігі Қытайдағы атышулы "мәдени төңкеріс" кезінде "хуң-уейбиндер" тарапынан өртелген. Өтейбойдақтың "Шипагерлік баян" кітабы қазақтың дәстүрлі медициналық тәжірибесі туралы мейлінше мол мағлұмат береді. Бұл ретте, автордың мыңнан астам дәрі түрлерін тоғыстыру арқылы 4 мыңнан астам шипалық шаралардың қолданымын (рецепт беру) ұсынуы, оның білікті шипагер, ғүлама ғалым болғанын пайымдатады.

"Шипагерлік баян"

Слайд 7

«Менен ұрпақ қалмаса да, күндердің күнінде мені әлемге әйгілейтін «Шипагерлік баяным» артымда қалмақ»
Ғалым-шипагер Өтейбойдақ

Тілеуқабылұлы

Қорытынды

Слайд 8

Қытай үкіметі «Шипагерлік баянның» құндылығын бағалап «Мемлекеттік бірінші кітап» деген сыйлықпен марапаттады (1997').
Қытайда

Өтейбойдақтың мұрасын зерттеу үшін 2 мемлкеттік медицина орталығын құрылған

Марапаттар

Слайд 9

1.  «Шипагерлік баян»  01,12,1994  ШҰАР,ҚХР Ғылым-теника баспасы
2.  «Қазақ тілі түсіндірме сөздігі» 2000 Алматы

ҚР
3.  Қазақ ғұламалары ҚХР
4.  «Іле айдыны» жұрнал 2002 ҚХР
5.  «МҰРА» жұрнал 2002 ҚХР
6.  «Жұлдыз» жұрнал 2002 Алматы,ҚР
7. «Internet» желілері

Пайдаланған әдебиеттер

Имя файла: Өтейбойдақ-тілеуқабылұлы.pptx
Количество просмотров: 141
Количество скачиваний: 0