Серік Ақсұңқарұлының өлеңдеріндегі ежелгі түркілік берік ұстанымдар презентация

Содержание

Слайд 2

Текті жұрттың – Әрі – ұлы, әрі – ірі, Топырақта

Текті жұрттың –
Әрі – ұлы, әрі – ірі,
Топырақта жатады ылғи

тамыры.
Мен Алтайдан алты ағаш боп шығып ем,
Алты Алашқа айналдырған - Тәңірі.
Слайд 3

Серік Ақсұңқарұлы (29.3.1950 жылдарға таман, Жезқазған облысы Ақтоғай ауданы Қызыларай

Серік Ақсұңқарұлы (29.3.1950 жылдарға таман, Жезқазған облысы Ақтоғай ауданы Қызыларай ауылы)

- ақын. ҚарМУ-ды бітірген (1989).
1967 - 1974 ж. туған ауылында шопан,
1974 - 1978 ж. Ақтоғай ауданы "Арқа еңбеккері" газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі болды.
1978 - 1987 ж. Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы "Коммунизм таңы" газетінде ауыл шаруашылығы бөлімінің меңгерушісі кызметін атқарды.
1987 - 1990 ж. еркін шығармашылық жұмыста болды.
1990 жылдан Қазақстан Жазушылар одағының Қарағанды облысаралық бөлімшесінің жауапты хатшысы "Орталық Қазақстан" газеті бас редакторының әдебиет жөніндегі кеңесшісі.
Слайд 4

1950... Шыққан тоз-тозы Соғыс келіп айпап-жайпап өткенде, Арқадағы «Қызыларай» колхозы,

1950...
Шыққан тоз-тозы
Соғыс келіп айпап-жайпап өткенде,
Арқадағы «Қызыларай» колхозы,
Көзін ашып келе жатқан көктемде...
Түстім

Жерге!
Туа салып шыңғырдым!
Көзімді ілсем, көрем соны түсімде:
Біткеніне бес жыл болған қырғынның
Ызғары бар жүрегімнің ішінде!
Мен туғанда өлкемізде таң екен.
Қазағының ырымына еліктеп, –
Серік болсын деп өзіне жан әкем
Есімімді қойған екен «Серік» - деп.
Серік болдым.
Ал, мен осы қандаймын?
Жұрт біле ме мына мендей серіні,
Күйкентайға серік бола алмаймын,
Менің атым – Ақсұңқардың Серігі!
Слайд 5

Еңбектері: "Көктем тынысы" (1975), "Қарлығаш" (1981) жинақтарында бір топ өлеңдері

Еңбектері:

"Көктем тынысы" (1975),
"Қарлығаш" (1981) жинақтарында бір топ өлеңдері жарық көрген.

"Жиырмасыншы ғасырдың жиырма сәті" (1984), "Ғасыр кардиограммасы" (1991) кітаптары, "Жезтасқын" (1988), "Қызыларай" (1990) "Адам-Ата - Хауа Ана"(2000) атты өлеңдер мен поэмалар жинақтары жарық көрді.
Слайд 6

Еңбектері:

Еңбектері:

Слайд 7

Аудармалары: Орыс ақындары А.С. Пушкин, Анна Ахматова, М.Цветаева, Е.Евтушенко, А.Вознесенский, Р.Рождественский, т.б. өлеңдерін қазақ тіліне аударған

Аудармалары:

Орыс ақындары А.С. Пушкин, Анна Ахматова, М.Цветаева, Е.Евтушенко, А.Вознесенский, Р.Рождественский, т.б.

өлеңдерін қазақ тіліне аударған
Слайд 8

АЗ ҒАНА КЕРЕК АДАМҒА (Роберт Рождественский) Аз ғана керек Адамға

АЗ ҒАНА КЕРЕК АДАМҒА (Роберт Рождественский)
Аз ғана керек Адамға
Іздесін,
Тапсын
Жол – сыншы:
Жалғыз дос

керек,
Ғаламда
Жауы да жалғыз болсыншы...
Тыныштық болсын ғаламда.
Бір – Өмір керек!
Бір – Өлім.
Газеттер керек ғаламға
Рухын шыңдар ұл-қызым.
Жер-Ана керек Адамға.
Өзіңе – басқа жұлдызың...
Жол керек жұлдыз аралық
Көретін бергі, арғыны.
Бәрі де мұның – балалық,
Бос сөз ғой – мұның барлығы!
Аз ғана керек Адамға:
Арбама, алтын тағынып,
Мәртебе ме екен сол дағы?
Сарғайып үйде, сағынып
Бір Адам күтсе – болғаны!
Слайд 9

Слайд 10

Ана тақырыбына жыр арнамаған ақын кемде кем. Бұл тақырып Серік

Ана тақырыбына жыр арнамаған ақын кемде кем. Бұл тақырып Серік Ақсұңқарұлы

поэзиясынан да қомақты орын алған. Кітаптың «Қайран шешем» бөлімінде ана бейнесі ақынның қалам мәнеріне тән ерекшелікпен өрілген.
Кейінгі кезде күстәна,
Боп кеттім неге мұнша мен?
Төбеңнен өткен құстан да
Жүрсің бе жолдап бір сәлем?
Уақыт-ай, зулап ұшқан кеп,
Ұрлайды-ай күнде жамалын.
Сіз жақтан дағы құстар кеп,
Көктемнің берді хабарын.
Слайд 11

Өрім едік. Өстік. Қаттық. Бекіндік. Қол бұлғайды жыр елінің даласы.

Өрім едік.
Өстік.
Қаттық.
Бекіндік.
Қол бұлғайды жыр елінің даласы.
Өмірдегі

жесірлік пен жетімдік, –
Өлеңімнің Анасы һәм Баласы!
О, Аналар!
Ақындардың Анасы!
Сенің ұлы рухыңа болдық таң,
Ақын деген – Махаббаттың Баласы!
Фашист «ақын» жоқ ғаламда – сондықтан!
Слайд 12

«ТАЛАНТ – ТАҒДЫРҒА ТӘУЕЛДІ»

«ТАЛАНТ – ТАҒДЫРҒА ТӘУЕЛДІ»

Слайд 13

Серік Ақсұңқарұлының өлеңдерінде «Тәңір» сөзі біршама айтылады. Мысалы: «Қараорман», «Топырақтағы

Серік Ақсұңқарұлының өлеңдерінде «Тәңір» сөзі біршама айтылады.
Мысалы: «Қараорман», «Топырақтағы жазу», «Оғлан»,

«Құран жыры», «Ақсұңқар» т.б өлеңдерін оқи отыра кездестіруге болады.
Слайд 14

«Топырақтағы жазу» өлеңі... Тәкаппарлық әбден бабы келгенде Көнбейді екен көкке

«Топырақтағы жазу» өлеңі...

Тәкаппарлық әбден бабы келгенде
Көнбейді екен көкке құс боп ұшпаса:
Цезарь

бірде қас дұшпанын жеңгенде
«Келдім,
Көрдім, Жеңдім» - депті қысқаша.
О, Отаным! – О, Жеңімпаз Тәңірім!
Қызы қаның,
Ащы жасың төгілді...
Талай жендет жүргізбек боп әмірін
Цезарь құсап...
«Келді.
Көрді.
Жеңілді.»
Слайд 15

«Оғлан» өлеңі... Нұрмахан Оразбекке Көк аспандай Көк Түріктің тұнығы, Күлтегіннің

«Оғлан» өлеңі... Нұрмахан Оразбекке

Көк аспандай Көк Түріктің тұнығы,
Күлтегіннің желбіреген тұлымы;
Шыңғысханның тал –

бесігін тербеген,
Қоңыраттың тұяғы –
Саф алтынның сынығы!
Ақиқаттың толғауын,
Арқаға кеп,
Ақтанберліше толғадың.
Асау басы ноқтаға сыймаған,
Арыстаннан да айылын жимаған –
Оғланым!
Тар заманда сен көрмеген талқы жоқ,
Өрт ғасырда өзегіңді шарпыды от.
Көк Тәңірі жетпіс мәрте жебеген,
Текті,
Түкті жүрегіңе тәнті боп!
Слайд 16

Алла – Алаш – Абай Махаббат пен Ғаділет – Хикметі

Алла – Алаш – Абай

Махаббат пен Ғаділет –
Хикметі Алланың!
Жанымды жасыныңа

жаны кеп,
Жаһаннамға ұшқанда жан сезбейтін салмағын.
Теріс қарап дойыр заманға,
Іргеден Көк Бөрі ұлып, -
Алаш – Алланы мойындағанда,
Алдынан Абай көрініп;
Көкжиектен шығып, көк ала бұлттан әрі асам,
Көз ұшында көрінер – көрінбес нүкте боп;
Алла менен Алаштың арасына қарасам –
Абай тұр!
Басқа түкте те жоқ...
Слайд 17

«Төбемнен жауһар жауып тұр» жыр жинағының поэтикалық табысы «Адасқан ұлдың

«Төбемнен жауһар жауып тұр» жыр жинағының поэтикалық табысы «Адасқан ұлдың ата

жұртқа қайтып оралуы», «О, Тәңірім», «Кең Алла әлі сақтап тұр» т.б. бөлімдерге кіргізілген өлеңдерден де айрықша көрінеді. Елінің азабына күңіреніп, қуанышына шаттанатын ақынның:
Көк Тәңірі Көктен жерге сауып Нұр,
Еділ патша елге келді шауып бір!
Қайда жөнеп барасыңдар ауып бір?!
…Қазақты қайырып түркіге,
Төбемнен жауһар жауып тұр, –
деген толғанысы барынша шынайы шыққан.
Слайд 18

Ақын Серік Ақсұңқарұлының поэзиясында көк бөрінің символы ерекше орын алады.

Ақын Серік Ақсұңқарұлының поэзиясында көк бөрінің символы ерекше орын алады. Құлдықтың

қамытынан құтыла алмаған қара тобырдың бүгінгі лас тірлігіне күшті қарсылықты туғызу үшін ақын қасқырдың образына еніп сөйлейді.
Слайд 19

Көк бөрінің зары... Жек көрем итті! Алысып жүрем, шабысып жүрем!

Көк бөрінің зары...

Жек көрем итті!
Алысып жүрем,
шабысып жүрем!
Қағынып...
Сайын даланың тағысымын – мен,
Не

деген ғажап – тағылық!
Шауып түсемін!
Күш ағысымды
Сыйғыза алмай ішіме.
Адамның алмас пышағы сынды
ырзамын азу тісіме!
Қасқыр – бабалар!
Бар ұлыстардың
Мазасын алып манадан –
Иттермен болған
қанды ұрыстардың
иісін сезем даладан.
Қанқу сөз жүрек кегін үрлейді
Қорлық-қарғысқа барабар.
Бізбенен иттің тегі – бір дейді.
Рас па, қасқыр – Бабалар?!
Өлексе үшін жұлысқан болсақ,
Өмірі бітпей кегіміз,
Иттермен бірге туысқан болсақ,
Не болды ата-тегіміз?!
Ала төбеттің астында қалар
Күн туғаны ма ақыры...
Неге үндемейсіңдер, қасқыр –
бабалар,
Қағынып кеткен жатыры?!
Неге үндемейсіңдер?!
Ұрлық түн еді:
Жатқаным мынау – жау іші.
Аспанның астын дүрліктіреді
Үрген иттердің дауысы...
Слайд 20

Қорыта айтқанда... Қазақтың рухына жасалып жатқан қастандықпен қасқырша арпалысып, өмірін

Қорыта айтқанда...

Қазақтың рухына жасалып жатқан қастандықпен қасқырша арпалысып, өмірін жаугершілікте өткізген

бабаларының асқақ рухын аңсап аспанға қасқырша қарап зарлайды, - ақын Серік Ақсұңқарұлы.
Өлеңдері ежелгі түркілік танымды жаңғырту, жырлау, сонымен қатар оқырманға өз Отанын, өз тарихын ұмытпауға насихаттайды.
Имя файла: Серік-Ақсұңқарұлының-өлеңдеріндегі-ежелгі-түркілік-берік-ұстанымдар.pptx
Количество просмотров: 93
Количество скачиваний: 1