Сәкен Сейфуллин (1894-1938) презентация

Слайд 2


Адам-керуен, өмірі-жол,
Ешкімге жат із емес,
Жолмен көшкен керуеннің
Алды-арты да – біз емес.
С.Сейфуллин

Слайд 3

Сейфуллин, Сәкен (Садуақас, 1894-1938) — қазақтың көрнекті жазушысы әрі ақыны, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың

бірі, мемлекет және қоғам қайраткері.
Туып өскен жері — Қарағанды облысының Шет ауданына қарасты Ортау кеңшарының Қарашілік қыстағы. Саяси репрессияның құрбаны болған.

Слайд 5

Қысқаша өмірбаяны
Нілдідегі орыс-қазақ және Ақмоладағы бастауыш приход мектебінде (1905-1908), үш кластық қалалық (1913-1916)

оқыған. Омбыда қазақ жастарының «Бірлік» қауымын, Ақмолада «Жас қазақ» ұйымын ашып, «Тіршілік» газетінде әдеби қызмет атқарған. Кейіннен редакторы болып істеді. Ақмола Совдепі президиумының мүшесі (1917). КОКП мүшесі (1918). Ақмола совдепшілермен бірге тұтқындалып (1919) Атаманның «азап вагонында» 47 күн азап шегіп, Колчактың Омбыдағы түрмесінен қашып шыққан. Ақмола Атқару комитеті төрағасының орынбасары және әкімшілік бөлімінің меңгерушісі (1920). Қазақтың Кеңестік Автономиялық Республикасын жариялаған Кеңестердің 1-Құрылтай съезінде Орталық Атқару Комитеті Президиумының мүшесі (1920).

Слайд 6

Сәкен Сейфуллиннің
шығармалары
“Қызыл ат” (поэма)
“Аққудың айырылуы” (поэма)
“Көкшетау” (поэма)
Бандыны қуған Хамит
Және

көптеген жыр жинақтары жарық көрген

Слайд 7

Өлімге жан екенсің қия алмайтын,
Өлеңнің құшағына сияалмайтын.
Қазақты көргің келсе, міне

осы деп,
Көрсетсе жер жүзіне ұялмайтын.
С. Мәуленов.

Слайд 8

Желісі үзілмей келген жирма жылдық ақын жолы жеңіл жол емес. Күш- қуат, ой-сезім,

істегі нәр атаулының барлығын қуаныш пен күйініш, қиналу мен тебірену араларында, жалындай жанып ортаға салған жылдар. Бұл жолға барлық жас қуаттың , өмірлік бейнеті, жүрек қаны сарп етілген.
Осы күйді әсіресе Сәкен басынан мол кешті.
М.Әуезов.

Слайд 11

Сәкен сейфуллиннің музейі

Слайд 13

Ескерткіші

Имя файла: Сәкен-Сейфуллин-(1894-1938).pptx
Количество просмотров: 21
Количество скачиваний: 0