Қалқанша безі презентация

Содержание

Слайд 2

Жоспар

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлімі
Топографиясы
Сыртқы жіне ішкі құрылымы
Өлшемі
Салмағы
Гормондары
Гипер-, гипофункциясы
Операциялары

Жоспар І. Кіріспе ІІ. Негізгі бөлімі Топографиясы Сыртқы жіне ішкі құрылымы Өлшемі Салмағы

Слайд 3

Кіріспе

Қалқанша без (glandula thyroidea, лат. glandula - без, гр. thyreos —қалқан) –
шеткі ішкі секреция безі. Қалқанша без сырты дәнекер ұлпалық

қапшықпен қапталған. Қапшықтан қалқанша без ішіне таралатын дәнекер ұлпалы перделіктер безпаренхимасын бөлікшелерге бөледі. Бөлікшелер көптеген көпіршіктерден (фолликулдардан) тұрады. Фолликул қуысын құрамында күрделі протеин — тироглобулин болатын қоймалжың зат — коллоид толтырып тұрады. Фолликул қабырғасын екі түрлі клеткалар құрайды. Тироциттер және парафолликулалы немесе К-жасушалар. Тироциттер ұлпалардың дамуына, өсуіне, протеиндердің, көмірсулардың, майлардың, йодтың алмасуына әсер ететін, құрамында йод болатын тироксин және трийодтиронин гормондарын бөліп шығарады. Азық құрамында йод жетіспесе, онда жануарлар организмінде эндомиялық зоб ауруы өршиді. Парафолликулалы клеткалар қандағы кальцийдің мөлшерін азайтатын, құрамында йод болмайтын кальцитонин гормонын бөледі.

Кіріспе Қалқанша без (glandula thyroidea, лат. glandula - без, гр. thyreos —қалқан) –

Слайд 4

Қалқанша бездің құрылысы мен қызметі

Қалқанша без барлық омыртқалы жануарларда болатын ішкі секреция бездерінің

ішіндегі ең ірісі. Қалқанша без көмекейдің алдыңғы жағына орналаскан. Ересек адамдарда оның салмағы шамамен 30-60 г, пішіні таға тәрізді, бірімен-бірі өзара байланысқан екі бөліктен тұрады. Қалқанша безде іші шырышты затқа толы қуыстар бар. Шырышты заттан тироксин гормоны бөлінеді, ал оның құрамында йод болады. 50 жастан әрі қарай калқанша бездің салмағы мен мөлшері кішірейеді. Жаңа туған баланың қалқанша безінің салмағы 1-2 г.

Қалқанша бездің құрылысы мен қызметі Қалқанша без барлық омыртқалы жануарларда болатын ішкі секреция

Слайд 5

Голотопиясы

Қалқанша без мойынының алдыңғы аймағында орналасады, кейбір жағдайларда төс артына (ретростернальді) локализациясы байқалады

Голотопиясы Қалқанша без мойынының алдыңғы аймағында орналасады, кейбір жағдайларда төс артына (ретростернальді) локализациясы байқалады

Слайд 6

Скелетотопиясы

Қалқанша без ІҮ-ҮІ мойын омыртқаларының деңгейінде орналасқан
Оң және сол жақ үлестері жоғары жағында

қалқанша шеміршегінің жоғарғы жиегіне дейін жетеді, төменгі ұшы кеңірдектің 5-6 жартылай сақиналы шеміршегінің тұсында орналасады
Қылтасы кеңірдектің бастапқы екі жартылай сақиналы шеміршектерінің алдында немесе жүзік тәрізді шеміршектің доғасының деңгейінде орналасқан
Пирпмидалық үлестің жоғарғы ұшы қалқанша шнміршегінің ортасына дейін,ары қарай тіл асты сүйегіне дейін жетуі мүмкін.

Скелетотопиясы Қалқанша без ІҮ-ҮІ мойын омыртқаларының деңгейінде орналасқан Оң және сол жақ үлестері

Слайд 7

Синтопиясы

Қалқанша бездіің алдында тіласты сүйегінен төмен орналасқан бұлшықеттер
Қалқанша без мойынның ІІ-ІҮ фасцияларымен жабылған
Үлестерге

медиальді жағында қалқанша тәрізді шеміршек және кеңірдектің жоғарғы жартылай 5-6 сақиналары жанасып орналасқан
Үлестерге артқы жағымен жұтқыншаққа жанасқан
Өңеш пен кеңірдек арасындағы жүлгеде көмейдің қайырылма нерві орналасқан
Ұйқы артериясының медиальді жартысын жауып жатыр

Синтопиясы Қалқанша бездіің алдында тіласты сүйегінен төмен орналасқан бұлшықеттер Қалқанша без мойынның ІІ-ІҮ

Слайд 8

Макроскопиялық

Сол жақ үлесі
Оң жақ үлесі
Қылтасы
Пирамидалық үлес
Негізі мен ұштары бар

Макроскопиялық Сол жақ үлесі Оң жақ үлесі Қылтасы Пирамидалық үлес Негізі мен ұштары бар

Слайд 9

Беттері

Сыртқы
Ортаңғы
Артқы

Беттері Сыртқы Ортаңғы Артқы

Слайд 10

Дамуы

Құрсақ ішілік ұрықтық дамудың 3-ші аптасында бірінші және екінші жұп желбезек қалталарының аралығында,жұтқыншақтың

вентральді қабырғасының тақ төмпешігі ретінде пайда болады

Дамуы Құрсақ ішілік ұрықтық дамудың 3-ші аптасында бірінші және екінші жұп желбезек қалталарының

Слайд 11

Қалқанша бездің қанмен қамтамасыз етілуі

a.thyroidea superior
a.thyroidea inferior
v.thyroidea superior
v.thyroidea inferior

Қалқанша бездің қанмен қамтамасыз етілуі a.thyroidea superior a.thyroidea inferior v.thyroidea superior v.thyroidea inferior

Слайд 12

Қызметі:
1) тироксин гормоны барлық зат алмасуға (нәруыз бен май) қатысады;
2) ағзаның өсуі мен

дамуына әсер етеді;
3) жүйке жүйесі мен жүрек жұмысының қозуын арттырады. Қалқанша бездің қызметі бұзылғанда пайда болатын ауытқулар. Қалқанша безден бөлінетін гормондар жетіспесе, адам микседема (грекше «myxa» - шырыш және «oidema» - ісіну) ауруына шалдығады.

Қызметі: 1) тироксин гормоны барлық зат алмасуға (нәруыз бен май) қатысады; 2) ағзаның

Слайд 13

Аурудың белгілері:
1) ағзада зат алмасу 30-40%-ға дейін бәсеңдейді, әсіресе нәруыз алмасуы бұзылады;
2) терінің

астына су жиналады, тері құрғап, дене ісінеді;
3) дене температурасы төмендейді;
4) жүрек соғысы баяулайды;
5) қозғалысы бәсеңдеп, ойлау қабілеті нашарлайды; шашы түсіп, сирейді.
Ауруды тироксин гормонымен емдейді. Тироксин гормонының синтезделуі ағзада йодтың болуына байланысты. Адам йодты, йодты калий, йодты натрий түрінде тағаммен қабылдайды. Адам денесінде 30-50 мг йод болса, соның, шамамен 15 мг қалқанша безде кездеседі

Аурудың белгілері: 1) ағзада зат алмасу 30-40%-ға дейін бәсеңдейді, әсіресе нәруыз алмасуы бұзылады;

Слайд 14

Қалқанша без кеңірдектің алғашқы екі-үш сақинасының вентральдық бетінде, көмекейдің қалқанша шеміршегінің артыңда орналасқан

жұп без. Оның массасы адамда 20-40 г, жылқы мен сиырда -25-40 г, шошқада — 15-20 г, қой-ешкіде 5-10 г, тауықта 40-100 мг. Без сырт жағынан дәнекер ұлпалы кабықшамен қапталады да, одан тараған перделермен жеке-жеке көпіршіктерден (фолликулалардан) тұратын бөліктерге бөлінеді. Көпіршіктер қабырғасы бір қабат эпителиальды торшалардан құралады да, оның ішінде тиреоглобулині бар біртекті коллоид жинақталады.

Қалқанша без кеңірдектің алғашқы екі-үш сақинасының вентральдық бетінде, көмекейдің қалқанша шеміршегінің артыңда орналасқан

Слайд 15

Қалқанша без құрамында йод элементі бар тироксин және үш йодты тиронин атты гормондар

бөледі. Бұл гормондар организмдегі зат алмасу процесінің қарқынын, организмнің өсіп-жетілуін реттейді, жоғары дәрежелі нервтік қызметке әсер етеді. Тироксин белоктардың, кемірсулардың, майлардың тотығуын күшейтіп, ұлпалардың глюкозаны сіңіру қабілетін жоғарылатады, бауыр мен бұлшық етте гликогеннің ыдырауын жылдамдатады. Қалқанша без гормондары денедегі су мен минералды заттардың алмасуын реттейді, ас қорыту ағзалары қызметін күшейтіп, сүт түзу процесін жандандырады.

Қалқанша без құрамында йод элементі бар тироксин және үш йодты тиронин атты гормондар

Слайд 16

Қалқанша без қызметі нашарласа зат алмасу процесінің қарқыны төмендеп, организм әлсірейді, бұлшық ет

болжырап, дене температурасы төмендейді, жыныстық қызмет бұзылып, нерв жүйесінің қозғыштығы нашарлайды, жоғары дәрежелі нервтік қызмет бұзылады.

Қалқанша без қызметі нашарласа зат алмасу процесінің қарқыны төмендеп, организм әлсірейді, бұлшық ет

Слайд 17

Бездің гиперфункциясы базед дертіне шалдықтырады. Бұл жағдайда зат алмасу қарқыны жоғарылап, адам қатты

арықтайды, жүрек соғады, дене қызуы көтеріліп, адамның жұмыс қабілеті төмендейді, әлжуаздык, тершендік, ашушаңдық байқалады.

Бездің гиперфункциясы базед дертіне шалдықтырады. Бұл жағдайда зат алмасу қарқыны жоғарылап, адам қатты

Слайд 18

Организмде йод жетіспеген жағдайда без шырышты секретті көп бөліп, көпіршіктер қабырғасы керіліп, бездің

көлемі өседі, секрециялық торшалар қысылып, олардың қызметі нашарлайды, гормондардың түзілуі бәсендейді, организм жемсау (зоб) ауруына шалдығады. Без қызметі мүлдем тоқтаса шырышты ісік — микседема, байқалады. Мұндай сырқаттың өсуі тоқтап, сүйектің жетілуі тежеледі, жүрек соғуы сиреп, зат алмасу процесі нашарлайды, дене температурасы төмендеп, ас қорыту ағзаларының жұмысы бұзылады. Балалар өспей, жарым ес болып қалады. Ересек адамда зат алмасу қарқыны 30-40 пайызға төмендеп, белоктың алмасуы бұзылады, ұлпааралық сұйықта муцин мен альбуминнің мөлшері көбейіп, онкостық қысым жоғарылайды. Организм ісінеді, жоғары дәрежелі нервтік қызмет нашарлап, адамның ойлау қабілеті төмендейді.

Организмде йод жетіспеген жағдайда без шырышты секретті көп бөліп, көпіршіктер қабырғасы керіліп, бездің

Слайд 19

Операциялары

Гемитиреоидэктомия
Тиреоидэктомия
Қалқанша безі резекциясы
Қалқанша безі мен лимфа түйіндерін толық алып тастау

Операциялары Гемитиреоидэктомия Тиреоидэктомия Қалқанша безі резекциясы Қалқанша безі мен лимфа түйіндерін толық алып тастау

Слайд 20

Имя файла: Қалқанша-безі.pptx
Количество просмотров: 60
Количество скачиваний: 0