Балаларда ауыз қуысы кілегей қабығының зақымдары. Лекция 6 презентация

Содержание

Слайд 2

Жоспары:
Жарақат текті зақымдар
Механикалық зақымдар
Химиялық зақымдар
Термиялық зақымдар
Сәулелік зақымдар

Слайд 3

Жарақатты текті зақымдар

Слайд 4

Механикалық жарақат:
Жедел – жоғары күшті жарақаттық фактор, бірден әсер етеді (гематома, экскориация, эрозия,

жара). КҚ терең зақымдануы қан кетумен жүреді.
Созылмалы – жоғары емес күшті тітіркендіргіш тұрақты немесе ұзақ уақыт әсер етеді (АКҚК түсінің өзгерісі, АҚКҚ тұтастығының бұзылысы, пролиферативті қабыну және өсулер, мүйізделудің немесе олардың комбинацияларының жоғарылауы).

Слайд 5

Жедел механикалық зақымдар:
кескіш заттардан
соқпалардан
шағудан
зиянды әдеттер әсерінен

Слайд 6

Созылмалы механикалық жарақаты
Уақытша тістесуі алмасуының дұрыс ем ес үрдісі кезінде тістердің (тістердің түбірлері)

үшкір жиектері
Дұрыс емес салынған пломбалық материал, тіс жегісі мен оның асқынуларын емдеу кезінде
Тіс жақ ауытқулары мен деформациялары
Дұрыс емес құрастырылған ортодонтиялық аппараттар, ортопедиялық құрылымдар
Жағымсыз әдеттердің болуы
Қатты таңдайға жұмсақ және жабысқақ бөгде заттардың жабысуы.

Слайд 8

Беднар афтасы
Анық жиектері бар дөңгелек немесе сопақша жаралар қатты таңдайдың жұмсаққа өту орнында

орналасады (көбелектің қанаты түрінде екі жағынан симметриялы).
Қызарған және сәл ісінген КҚ фонында орналасады, эрозивті беткейі айналасында айқын қабынулы валигі бар сары-сұр түсті қақпен жабылған.
Жараның ауырсынуынан бала тағамнан бас тартады.

Слайд 9

Физикалық жарақат:
Термиялық зақымдану (үсік, термиялық күйік);
Электрлік токпен зақымдану;
Сәулелік зақымданулар.

Химиялық жарақат:
Қышқылдармен күйік (коагуляционды некроз);
Сілтілермен

күйік (колликвационды некроз)

Слайд 10

Көбінесе химиялық күйік жоғары концентрациялы қышқыл, сілті, сірке, мүсәтір спирті, сутегі асқын тотығы,

калий марганец қышқылы заттарының әсерінен пайда болады, олар көбіне балалар қолы жететін жерлерде орналасады. Медикаментозды күйік (күшәла қышқылы, спирт, эфир, формалин, сутегі асқын тотығы) стоматологиялық кабинетте ұқыпсыз жұмыс жасау салдарынан болады.

Слайд 12

Химиялық затты максимальды алып тастау қажет (зақымдану ошағын сумен жуу).
Қышқылдармен күйік кезінде антидот

қолданылады: 1% нашатырь спирті (жылы су стаканында 10 тамшы), 1% натрий карбонаты ерітіндісі, сабын суы.
Сілтілермен күйік кезінде: 0,5% лимон, сірке қышқылы ерітінділері (судың стаканында қышқылдың ¼ шай қасығы), 0,1% тұз қышқылы ерітіндісі (судың стаканында 10 тамшы).
Күшәлі қышқылымен күйік кезінде Люголь ерітіндісі, 1% йодинол ерітіндісі, 5% унитиол ерітіндісі, 30% натрий тиосульфаты.

Слайд 13

Термиялық зақымдар баланың ауыз қуысы шырышты қабатына жоғары және төмен температуралық әсер еткенде

пайда болуы мүмкін.
Қайнаған су, бу, ыстық заттар, электртоғы сияқты жоғары температуралық шырышты қабықтың күйігін туғызады
Төмен температуралар ауыз қуысы тіндерінің терең мұздауы, салқын кезде балалар, абайсыз ойнап жүргенде

Слайд 14

Сәулелі зақымдар балалар жасында ауыз қуысы шырышты қабығында бет-жақ сүйек аймағы түзілістеріне сәулелі

терапиядан кейінгі асқынулары болып дамиды.

Слайд 15

АҚКҚ механикалық зақымдануының еміне кіреді:
Жарадан жарақаттаушы затты немесе оның бөлігін алып тастау, көрсеткіштер

кезінде жараны антисептикалық өңдеуден кейін тігеді.
Жараға тігістерді салу қажеттілігі болмағанда күніне бірнеше рет антисептик ерітіндісімен шаю ұсынылады (фурацилин, диоксидин, дәрілік өсімдіктердің қоспалары немесе қайнатпалары: шалфей, ромашка, шай қурай, календула).
Ұнтақталған түрде, химиялық бейтарап тағам қабылдау ұсынылады. Тағамды қабылдау алдында анестетиктердің аппликациялары, тағамнан кейін – антисептик ерітіндісі бар ванночкалары қолданылады.
Имя файла: Балаларда-ауыз-қуысы-кілегей-қабығының-зақымдары.-Лекция-6.pptx
Количество просмотров: 19
Количество скачиваний: 0