Бейімделудің физиологиялық негізі презентация

Содержание

Слайд 2

Жоспар
1.Бейімделу
2.Физиология
3.Қимыл қозғалыс физиологиясы
4.Қорытынды
5.Пайдаланған әдебиеттер

Жоспар 1.Бейімделу 2.Физиология 3.Қимыл қозғалыс физиологиясы 4.Қорытынды 5.Пайдаланған әдебиеттер

Слайд 3

Бейімделу — организмдердің әрбір түрге тән белгілі шектері бар ортаның жағдайына бейімделу процесі.Түз жануарларының

ашық әрі қүрғақ кеңістікті ортадағы тіршілікке эволюциялық бейімделуі тез жүгіруге, құрғақ шылық жағдайына, т.б. бейімделуі; Қиыр Солтүстікке және баска да экстремалды аймақтарға тұрақты қоныстану үшін көшіп барған адамның физиологиялық немесе онтогенетикалык бейімделуі ("әдеттенуі"). Бір ұрпақтың жеке физиологиялық бейімделуі фенотиптік бейімделу деп аталады да, бұл ұрпақтан урпаққа көше отырып генотиптік бейімделуге өтеді, ал сұрыпталу барысында — эволюциялық бейімделуге ауысады. Генотиптік жәнеэволюциялық бейімделумен салыстырғанда физиологиялық бейімделу толық жетілмеген. Организмнің бастапқы жағдайға оралуы қайта бейімделу , деп аталады; ортаның өзгерістегі жағдайына ыңғайлануды дизадаптация дейді. Сонымен бірге жаңа әлеуметтік ортаға, мысалы, ауылдан қалаға келген мигранттардың бейімделуі — адамның әлеуметтік бейімделуі жеке қарастырылады

Бейімделу — организмдердің әрбір түрге тән белгілі шектері бар ортаның жағдайына бейімделу процесі.Түз

Слайд 4

Физиология (грекше φυσις, physis, "табиғат,тек-тамыр"; және λόγος, logos, "ғылым") тірі ағзаның механикалық, физикалық және биохимиялық функциясының ілімі.
Әдетте

физиология өсімдік физиологиясы және адам мен жануар физиологиясы деп бөлінеді. Дегенмен қандай да болмасын ағза қарастырылу үстінде болса да, физиологияның принциптері жалпыға ортақ. Мысалы, ашытқы жасушасын зерттегенде алынған физиология мәліметтері адам жасушасына да қатысты болуы мүмкін

Физиология (грекше φυσις, physis, "табиғат,тек-тамыр"; және λόγος, logos, "ғылым") тірі ағзаның механикалық, физикалық

Слайд 5

Қимыл-қозғалыс белсенділігі-жоғары дамыған тірі материяның ерекшелігі ғана емес, тіршілікке қажетті жағдай. Адамның эволюциясындағы

дамуы оның барлық мүшелері мен жүйелерінің қалыпты қызмет атқаруын тек белсенді қимыл-қозғалыс әрекеттері бар жағдайларда ғана мүмкін еткен. Баланың қимыл-қозғалыстар табиғи мұқтаждығы шектелген болса, оның іштен туа біткен мүмкіндіктері өз маңызынан айырылады. Әрекетсіздік денені де бұзады. Қимыл-қозғалыс белсенділігінің шектелуі организмнің қызметтік және құрылымдық өзгерістеріне әкеліп, өмірін қысқартады.
Қимыл-қозғалыстар-жануарлар дүниесінің тіршілік етуінің және эволюциядағы оның прогресінің шарты. Энергия ресурстарын қорға жинау, тыныштық күйде оларды үнемді жұмсау және соның нәтижесі ретінде өмірдің ұзаруы қаңқа бұлшық еттерінің белсенділігіне байланысты. Осы тұрғыдан алғанда, қаңқа бұлшық еттерінің шамалы қарқыны бар әрекеттері тиімді болып келеді.

Қимыл-қозғалыс белсенділігі-жоғары дамыған тірі материяның ерекшелігі ғана емес, тіршілікке қажетті жағдай. Адамның эволюциясындағы

Слайд 6

Іс-тәжірибе, зерттеулер көрсеткендей, қимыл-қозғалыс белсенділігі жасқа орай болатын инволюциялық өзгерістерді тежейді, белсенді жасампаздық

өмір кезеңінің ұзаруына септігін тигізеді. Қоғам байлығы, ғылыми-техникалық прогресс, әлеуметтік-экономикалық даму, жеке адам денсаулығына байланысты. Басқаша айтқанда, өсіп келе жатқан жастардың денсаулығы-маңызды әлеуметтік категория.
Денсаулықты сақтау факторларының қатарына дене тәрбиесі жетекші рөл атқарады. Дене тәрбиесімен шұғылданушылардың, онымен шұғылданбайтын адамдарға қарағанда, қара жұмыс және ақыл-ой еңбегін атқара алатын мүмкіндіктері жоғары дәрежеде ұзақ сақталады. Қимыл-қозғалыс белсенділігінің төмендігі денсаулыққа зиянды әсер етеді. Бірінші кезекте ол жүрек-қан тамырлары ауруына, зат алмасудың бұзылуына себеп болады. Дене жаттығулары қан тамырларындағы атеросклероздық өзгерістердің алдын алады, жүректің ишемиялық ауруының қаупін азайтады. Дене жаттығуларын жасау барысында организмнің ішкі ортасында пайда болатын өзгерістерге төтеп бергіштік – жаттыққан организмнің ерекше қасиеті. Сонымен қатар, дене жаттығулары адамның сыртқы ортаның зиянды факторларына да беріктігін арттырады. Спортпен жүйелі шұғылданатын балалардың денсаулығы мықты, суық тигеннен болатын ауруларының жиілігі төмен.

Іс-тәжірибе, зерттеулер көрсеткендей, қимыл-қозғалыс белсенділігі жасқа орай болатын инволюциялық өзгерістерді тежейді, белсенді жасампаздық

Слайд 7

Мектеп тіршілігі жағдайларында, қалыпты дене дамуы мен денсаулыққа қажетті қимыл-қозғалысқа деген табиғи мұқтаждық

шектелген. Дене тәрбиесі мұғалімінің, спорт мектебі бапкерінің назарында дене жаттығуларының сауықтырушы рөлі бірінші кезекте болуы керек. Күнделіктегі кимыл-қозғалыс белсенділігін денсаулық резервтерін жинақтайтын табиғи негіз ретінде қарастырған жөн. Қоғамның қазіргі даму кезеңінде, жастарды сауықтырушы тиімді құралдардың бірі спорт болып келеді. Спорт-жоғары дәрежедегі тәртіптендіруші фактор. Бұл табиғи қызу, жүйелі бұлшық ет жұмысы кездерінде организмнің ішкі қажеттілігінен туындаған тәртіп. Ол артықшылықтармен күресетін қатал режимді бұзуға қарсы тәртіп. Ерікті қимылдарға үйрету адамның ерікті қимыл-қозғалыс әрекеттері Ерікті қимыл туралы ілімнің дамуы. Адам қимыл-қозғалыстарын ерікті және еріксіз деп шартты түрде екі топқа бөлуге болады. Спорттық жаттығулар құрамына кіретін ерікті қимыл-қозғалыстар , негізінен, сананың бақылауымен орындалады. Еріксіз қимылдар сананың қатысуынсыз немесе пайымдаусыз басқарылады.

Мектеп тіршілігі жағдайларында, қалыпты дене дамуы мен денсаулыққа қажетті қимыл-қозғалысқа деген табиғи мұқтаждық

Слайд 8

Спорт тәжірибесінде кездесетін ерікті қимыл-қозғалыстардың қарапайым формаларынан бастап өте күрделі түрлеріне дейін —

жалпы физиологиялық табиғаты ондаған жылдар бойы зерттелген. Бұл ғылым қазіргі заманда да толықтырылып, дамудың үстінде. Адамның ерікті реакцияларын рефлекстер жүйесі деп тануды,қимыл-қозғалыс әрекеттерінің негізін қалаушы ғалым, физиолог И.М.Сеченев ұсынған. «Ми рефлекстері» атты еәбегі арқылы ол адам психикасы мен ерікті қимыл- қозғалыс әрекеттерінің табиғи – материалистік көзқарасты негіздеді. И.М.Сеченев, ерікті қимыл-қозғалыстар, психикалық процестер және адамның ойлау қасиетінің табиғаты рефлекстік, дәлірек айтқанда, адамға әсер етуші обьективтік құбылыстарды шағылыстырудың нәтижесі деп көрсеткен. И.М.Сеченевтің пікірі бойынша, адамның іс-әрекеттері – еріктіліктің ең жоғары формасы

Спорт тәжірибесінде кездесетін ерікті қимыл-қозғалыстардың қарапайым формаларынан бастап өте күрделі түрлеріне дейін —

Слайд 9

И.М.Сеченевтің идеялары кейінгі уақытта И.П.Павловтың тәжірибелерінде дәлелденген. И.П.Павлов сыртқы орта фактроларының бүтін организмдегі

функцияларына тигізетін әсерлерін мұқият есепке алып, осы заманға дейін өзінің маңызын жоймаған, рефлекстік теорияның материалистік принциптерін негіздеді.
Ерікті қимыл-қозғалыстардағы шартсыз тонус беруші – сергітуші рефлекстер. Ерікті қимыл-қозғалыстар – туа біткен рефлекстік негізді процестер. Туа біткен рефлекстер қатарына дене қалыптарының немесе кейіп рефлекстері, тепе-теңдікті ұстап тұруды қамтамасыз етуші және тағы басқа рефлекстер жатады.
Қолданыстағы жіктеу бойынша туа біткен қимыл-қозғалыс рефлекстері дене қалпын тыныштық күйде ұстап тұруды және дененің қозғалыстардан соң бұрынғы қалпына қайта келуді қамтамасыз етуші рефлекстер болып екіге бөлінеді.

И.М.Сеченевтің идеялары кейінгі уақытта И.П.Павловтың тәжірибелерінде дәлелденген. И.П.Павлов сыртқы орта фактроларының бүтін организмдегі

Слайд 10

Кейіптену рефлекстері бастың еңкейген немесе оңға-солға бұрылған кездерінде мойын бұлшық еттеріндегі жүйке талшықтары

ұштарының және ішкі құлақ шытырманының тітіркенулерінен пайда болады. Басты көтеру немесе еңкейту аяқ-қол және тұлға бұлшық еттерінің тонусын өзгертеді де, қалыпты кейіпті сақтауға септігін тигізеді. Бастың оңға-солға бұрылуы мойын бұлшық еттері мен сіңірлер проприорецепторларының тітіркенулерін туғызады да, тұлғаны басқа қатысты симметриялы қалыпқа тұрақтандырады. Бастың кеңістіктегі қалпының өзгеруінде және сол өзгерістерді талдауда вестибулдар аппаратының маңызы зор. Бас оңға-солға бұрылған кезде оның рецепторлық құрылымдары қозуға келеді де, бұрылған жағындағы мойын бұлшық еттерінің тонусын рефлекстік жолмен көтереді. Бұл тұлғаның басқа қатысты бағытын тұрақтандыруға мүмкіндік береді. Айналумен байланысты көптеген спорттық жаттығуларды тонустың осылай таралуы арқылы ұтымды орындауға мүмкіндік туады.
Түзетуші рефлекстер дене кейпін қалыптан ауытқыған жағдайында сақталуын қамтамасыз етеді. Түзетуші рефлекстер тізбегі басты көтеруден басталады және өзгерген тұлға қалпын соңынан қалыпты кейіпке қайта келтірумен аяқталады. Түзетуші рефлекстердің іске асуына вестибулар, көру аппараттары, бұлшық ет проприорецепторлары, тері рецепторлары қатысады. Дененің кеңістікке бір орыннан екінші бір орынға ауысуы статокинетикалық рефлекстермен іске асады. Айналмалы қимылдарға жарты шеңберлі каналдардағы (арна) эндолимфа толқуларының нәтижесінде вестибулалық рецепторлар қозады. Орталыққа тепкіш тітіркеністер сопақша мидағы вестибулалық ядроларға келіп, айналмалы қимылдарда бас пен көз қалыптарының рефлекстік өзгерістеріне әкеледі.

Кейіптену рефлекстері бастың еңкейген немесе оңға-солға бұрылған кездерінде мойын бұлшық еттеріндегі жүйке талшықтары

Слайд 11

Айналдыру рефлекстері бастың қозғалысқа қарсы баяу бұрылысымен, соңынан тұлғаға қатысты қалпына шапшаң қайта

келуімен сипатталады. Көз де ұқсас қозғалыстар жасайды, айналу жағына қарай тез, ал айналуға қарсы жағына баяу бұрылысының биологиялық маңызы мынада. Айналған сәтте көру алаңында көрінген заттарға көз қырын салу және оларды белгілеу.Көздің айналу жағына қарай шапшаң бұрылысы олардың бұрынға дұрыс қалпына келуін қамтамасыз етеді. Дененің айналуы тоқтаған кезде көз айналысқа қарсы бағытта бұрылыс жасайды, ал бас пен тұлға айналу жағына қарай ауытқуды жалғастыра береді.
Дененің тік бағыттағы ауысуы лифт рефлекстерімен іске асырылады. Кенеттен төмен қарай түсірілген жануардың секіруге дайындық рефлексі пайда болады, ал жерге қонуы аяқтарының иілуімен іске асырылады. Осыған ұқсас құбылыстар лифт кабинасын жоғары қарай шапшаң көтерген кезде ішінде тұрған адамдарда пайда болады.Көтерілудің басында аяқтар мен тұлға иіледі, ал кілт тоқтаған сәтте – жазылады

Айналдыру рефлекстері бастың қозғалысқа қарсы баяу бұрылысымен, соңынан тұлғаға қатысты қалпына шапшаң қайта

Слайд 12

Тұлға мен аяқ-қол бұлшық еттері тонусының рефлекстік өзгерістері вестибулалық ядролардың мишықпен, ми дінінің

қимыл орталықтары және қыртыс асты бөлімдерімен өте кең функциялық және морфологиялық байланыстары арқылы жасалады. Лифт рефлекстерінің балаларды тереңге секіруге, секіріп түскенде жерге дұрыс қонуды үйретуде маңызы зор. Бұл рефлекстердің туа біткендігіне қарамастан, секіртерде жерге дұрыс қонуды үнемі түзетіп отыруды қажет етеді. Дәлірек айтқанда, балалардың лифт рефлекстерін «жетілдіру», оқытушының үнемі назарында болғаны жөн. Еріксіз қимыл-қозғалыс формаларына туа біткен бірнеше рефлекстер жатады. Ию, тебу және ырғақты (сгибателные, отталкивание, ретмические).Алақан немесе табан терісін тітіркендіруге жауап ретінде бала қол-аяғын иеді, егерде алақанды немесе табында баппен қысса, ол затты тебеді. Ырғақты рефлекс екі формада білінеді. Серпу және адымдау. Серпу рефлексінің типтік мысалы ретінде жануардың қасыну рефлексін келтіруге болады. Бір аяқтың ырғақты қимылдары жұлындағы жүйке орталықтарының функциялық сыңаржақтылық өзгерістері арқылы іске асады. Адымдау рефлексі аяқтардың жүйке орталықтарындағы реципторлық арақатынастарына байланысты. Ырғақты рефлекс жүру, жүзу сияты күрделі циклдық қозғалудың (локомоция) негізін құрайды. Дене жаттығуларын орындау туа біткен қимыл-қозғалыс рефлекстерін үнемі түзетумен байланысты. Орталықтан бағытталған реттеуші әсерлер ерікті қимыл-қозғалыстардың сипатына орай, бұлшық еттер тонусын қажетті дәрежеде ұстап тұруды қамтамасыз етеді.

Тұлға мен аяқ-қол бұлшық еттері тонусының рефлекстік өзгерістері вестибулалық ядролардың мишықпен, ми дінінің

Слайд 13

Спортық әрекеттер организм мен сыртқы орта арасында болатын әрекетесуді тынымсыз түзетумен байланысты. Мұндай

әрекеттесудің мысалы ретінде (спорттық ойындар жағдайларында) дене жаттығуларының күрделі техникасын өзгермелі сыртқы орта жағдайларында меңгеруді келтіруге болады. Жаттығуларды ұтымды орындауды қамтамасыз ететін, өте нәзік ажыратуды жасау – атқарушы бұлшық ет аппаратынан қимыл-қозғалыстарды басқаратын ең жоғарғы жүйелерге дейінгі – организмнің барлық функциялық жүйелерінің үйлесімді әрекеттерінің нәтижесі. Басқаша айтқанда, қимыл-қозғалыстарға үйрету — өте күрделі процесс. Мұндағы жетістіктер тірек-қимыл аппаратының жағдайына, оның функциялық жетілуіне, мидың талдау-қорыту қызметінің даму деңгейіне байланысты.
Бұл айдарда қимыл-қозғалыс белсенділігінің және жүктемелеріне бейімделудің физиологиялық негіздері берілген. Бір бөлімі балалар, жасөспірімдер және бозбалалар дене жаттығуларының физиологиялық проблемаларына арналып отыр. Ден жаттығуларына, дене тәрбиесі және спорт сабақтарына үйретудің физиологиялық заңдылықтары мен алғышарттары қарастырылған. Жалпы білім беретін мектептегі дене жаттығулары сабақтарының түрлеріне негіздеме іспеттес. Балғын спортшыларды таңдау, оларды машықтандыру жағдайлары ескерілген. Сонымен қатар сауықтыру жұмыстарындағы және кейбір әлеуметтік мәселелерді шешу жолындағы жалпы халықтық дене тәрбиесінің рөлі көрсетілмек.

Спортық әрекеттер организм мен сыртқы орта арасында болатын әрекетесуді тынымсыз түзетумен байланысты. Мұндай

Слайд 14

Қорытынды

Бейімделу (лат. adapto) техникалық жүйенің сыртқы орта жағдайларының өзгеруіне байланысты ол туралы ақпарат жинау және оны пайдалану

арқылы өз қалып-күйлерін (жұмыс істеу алгоритмін, параметрін, құрылымын) өзгертуі[1]; ағзалардың тарихи даму кезеңіндегі тіршілік ортасына бейімделуі.[2]

Қорытынды Бейімделу (лат. adapto) техникалық жүйенің сыртқы орта жағдайларының өзгеруіне байланысты ол туралы

Имя файла: Бейімделудің-физиологиялық-негізі.pptx
Количество просмотров: 22
Количество скачиваний: 0