Слайд 2
![Дәріс жоспары: 1. Бұлшықеттің құрылымдық және функционалдық маңызы. 2. Бұлшықеттің](/_ipx/f_webp&q_80&fit_contain&s_1440x1080/imagesDir/jpg/262101/slide-1.jpg)
Дәріс жоспары:
1. Бұлшықеттің құрылымдық және функционалдық маңызы.
2. Бұлшықеттің физиологиялық қасиетттері.
3. Бұлшықет
жиырылуының түрлері.
4. Бұлшықеттің жиырылуы мен босаңсуы туралы қазіргі ілім.
5. Еттің қажуы.
Слайд 3
![Бұлшықет тінінің түрлері: 1. Көлденең жолақты қаңқа бұлшықеті; 2. Көлденең](/_ipx/f_webp&q_80&fit_contain&s_1440x1080/imagesDir/jpg/262101/slide-2.jpg)
Бұлшықет тінінің түрлері:
1. Көлденең жолақты қаңқа бұлшықеті;
2. Көлденең жолақты жүрек бұлшықеті;
3.
Бірыңғай салалы бұлшықет.
Қаңқа бұлшықетінің қызметтері:
- адам дене қалпын сақтауға қатысады;
- дененің кеңестікте қозғалысын қамтамасыз етеді;
- дене бөліктерінің бір-біріне салыстырмалы түрде қозғалысын қамтамасыз етеді;
- жылу көзі болып табылады (жылу реттеуге қатысады).
Слайд 4
![Бұлшықеттің физиологиялық қасиеттері 1. Қозғыштық – бұлшықеттің тітіркендіргішке қозып жауап](/_ipx/f_webp&q_80&fit_contain&s_1440x1080/imagesDir/jpg/262101/slide-3.jpg)
Бұлшықеттің физиологиялық қасиеттері
1. Қозғыштық – бұлшықеттің тітіркендіргішке қозып жауап беруі;
2. Өткізгіштік
– бұлшықет бойымен қозудың өтуі;
3. Жиырылу – бұл қозу кезінде ұзындығы немесе кернеуінің өзгеруі;
4. Эластикалық (созылғыш, майысқақ) – жиырылудан кейін бұлшықеттің бастапқы пішініне келуі;
5. Автоматия - бұл тіннің сырттан тітіркендірусіз өзінде пайда болатын серпіністер арқылы қозуын айтамыз.
6. Пластикалық – бұл ұзындығы өзгерген пішінін біраз уақытқа дейін сақтау.
Слайд 5
![Қозуды өткізу жылдамдығы: -көлденең жолақты қаңқа еті – 3,5-14 м/сек;](/_ipx/f_webp&q_80&fit_contain&s_1440x1080/imagesDir/jpg/262101/slide-4.jpg)
Қозуды өткізу жылдамдығы:
-көлденең жолақты қаңқа еті – 3,5-14 м/сек;
-көлденең жолақты жүрек
еті – 0,5-1м/сек;
-бірыңғай салалы еттері– 0,5мм - 5-10см/сек.
Слайд 6
![Бұлшықеттің жиырылу түрлері I. Еттің жиырылуы белгілі бір жағдайға (тәуелділігіне)](/_ipx/f_webp&q_80&fit_contain&s_1440x1080/imagesDir/jpg/262101/slide-5.jpg)
Бұлшықеттің жиырылу түрлері
I. Еттің жиырылуы белгілі бір жағдайға (тәуелділігіне) байланысты:
- изометриялық
режим;
- изотониялық режим.
- ауксотониялық режим.
II. Сандық жағынан:
- бұлшықеттің дара жиырылуы;
- жинақы бұлшықет жиырылуы:
а)шала жинақталу;
б) толық жинақталу.
- тетанус (немесе сіреспе):
а) тісті тетанус;
б) тегіс (жайпақ) тетанус.
Слайд 7
![Еттің дара жиырылуы (ЕДЖ) ЕДЖ – жеке импульс әсері нәтижесінде](/_ipx/f_webp&q_80&fit_contain&s_1440x1080/imagesDir/jpg/262101/slide-6.jpg)
Еттің дара жиырылуы (ЕДЖ)
ЕДЖ – жеке импульс әсері нәтижесінде пайда болады.
1.
Латенттік (жасырын) кезеңі – 0,01 сек;
2. Жиырылу кезеңі – 0,05 сек;
3. Босаңсу кезеңі – 0,05-0,06 сек.
Слайд 8
![Тетанус – бұл жиі тітіркендіргішке бұлшықеттің ұзақ және күштірек жиырылып](/_ipx/f_webp&q_80&fit_contain&s_1440x1080/imagesDir/jpg/262101/slide-7.jpg)
Тетанус – бұл жиі тітіркендіргішке бұлшықеттің ұзақ және күштірек жиырылып жауап
беруі.
I. Тісті тетанус төменгі жиілікті тітіркендіргіш әсер еткенде пайда болады
(10 – 20 Гц).
II. Тегіс тетанус жоғары жиілікті тітіркендіргіш әсер еткенде пайда болады (↑ 20 Гц).
Слайд 9
![Жинақталу тұрлері Толық Шала](/_ipx/f_webp&q_80&fit_contain&s_1440x1080/imagesDir/jpg/262101/slide-8.jpg)
Жинақталу тұрлері
Толық
Шала
Слайд 10
![Тітіркендіргіш жиілігінің оптимумы мен пессимумы (Н.В. Введенский)](/_ipx/f_webp&q_80&fit_contain&s_1440x1080/imagesDir/jpg/262101/slide-9.jpg)
Тітіркендіргіш жиілігінің оптимумы мен пессимумы (Н.В. Введенский)
Слайд 11
![Оптимум – бұл ең жоғары тетанусты тудыратын тітіркендіргіш жиілігін (оптималды)](/_ipx/f_webp&q_80&fit_contain&s_1440x1080/imagesDir/jpg/262101/slide-10.jpg)
Оптимум – бұл ең жоғары тетанусты тудыратын тітіркендіргіш жиілігін (оптималды) айтамыз.
Пессимум
– бұл төмен тетанус тудыратын ең жиі тітіркендіргішті айтамыз.
Слайд 12
![Саркомер құрылымы](/_ipx/f_webp&q_80&fit_contain&s_1440x1080/imagesDir/jpg/262101/slide-11.jpg)
Слайд 13
![Миозин жіпшелерімен оның көлденең көпіршелері](/_ipx/f_webp&q_80&fit_contain&s_1440x1080/imagesDir/jpg/262101/slide-12.jpg)
Миозин жіпшелерімен оның көлденең көпіршелері
Слайд 14
![Актин жіпшелері](/_ipx/f_webp&q_80&fit_contain&s_1440x1080/imagesDir/jpg/262101/slide-13.jpg)
Слайд 15
![Электромеханикалық ұласу кескіні](/_ipx/f_webp&q_80&fit_contain&s_1440x1080/imagesDir/jpg/262101/slide-14.jpg)
Электромеханикалық ұласу кескіні
Слайд 16
![](/_ipx/f_webp&q_80&fit_contain&s_1440x1080/imagesDir/jpg/262101/slide-15.jpg)
Слайд 17
![](/_ipx/f_webp&q_80&fit_contain&s_1440x1080/imagesDir/jpg/262101/slide-16.jpg)
Слайд 18
![Бұлшықеттің жиырылу механизмі Тітіркендіру→ Әрекет потенциалының пайда болуы→ Оның жасуша](/_ipx/f_webp&q_80&fit_contain&s_1440x1080/imagesDir/jpg/262101/slide-17.jpg)
Бұлшықеттің жиырылу механизмі
Тітіркендіру→ Әрекет потенциалының пайда болуы→ Оның жасуша мембранасы мен
талшықтардың көлденең түтікшелері бойымен өтуі→ Саркоплазма ретикулум цистерналарынан Са2+ иондарының босап шығуы және олардың миофибриллдерге енуі→ Са2+ ионының тропонинмен байланысы→ Тропомиозиннің деформациясы→ Көлденең көпіршелердің белсенді актин орталықтарымен байланысы→ Актин жіпшелерінің жылжыуы, яғни миофибриллдер қысқарады→ Кальций насосының белсенуі→ Саркоплазмадағы бос Са2+ иондарының концентрациясының төмендеуі→ Көлденең көпіршелердің босауы→ Миофибриллдердің босаңсуы.
Слайд 19
![Қажу – бұл жасушалар мен мүшелердің немесе тұтас организмнің уақытша](/_ipx/f_webp&q_80&fit_contain&s_1440x1080/imagesDir/jpg/262101/slide-18.jpg)
Қажу – бұл жасушалар мен мүшелердің немесе тұтас организмнің уақытша қызметінің
төмендеуі. Демалыстан кейін қызметі қалыпына келеді.
«Белсенді демалыс» туралы түсінікті
И.М. Сеченов енгізген.