Босану кезіндегі регионарлы анестезия әдістері. Эпидуральды анестезия. Артықшылықтары мен кемшіліктері презентация

Содержание

Слайд 2

Жоспар

Кіріспе
Негізгі бөлім
Анестезия жіктелуі
Эпидуральді анестезияның әсер ету механизмі
Эпидуральді

анестезияның асқынулары, кемшіліктері
Қорытынды

Слайд 3

Медициналық анестезиялар түрлері
Жалпы анестезия немесе наркоз —сезімталдықтың толық жойылуы.
Жергілікті анестезия — дененің белгілі

бір бөлігінің сезімталдығының жоғалуы.Ол нерв импульстерінің өтуін бөгейтін бөліктердің түріне қарай былайша бөлінеді:
Спинальды анестезия —Субдуральді кеңістікке анестетиктерді енгізу арқылы жұлын нервтерінің түбіріне импульстердің келуін бөгеу.
Эпидуральды анестезия — эпидуральді кеңістікке анестетиктерді енгізу арқылы жұлын нервтерінің түбіріне импульстердің келуін бөгеу.
Комбинирленген спинальды-эпидуральды анестезия— спинальды және эпидуральды анестезиялардың комбинациясы.
Өткізуші анестезия— нерв өрімдері мен нерв сабауы деңгейінде импульстардың берілуін тежеу.
Инфильтративті анестезия — майда нерв тармақтары мен ноцицепторлар деңгейінде импульстардың берілуін тежеу.

Слайд 4

Жергілікті анестезия және оның түрлері:
-терминальді
-инфильтративті
-өткізгіш
-өрімдік
-эпидуральді
-спинальді
-каудальді
-сүйек ішілік
-жгутпен тамыр ішілік.
Бұл әдістердің барлығы регионалды

анестезияға жатады.

Слайд 5

ЭПИДУРАЛЬДЫ АНЕСТЕЗИЯ

Жансыздандырудың қазіргі кезде қолданылып жүрген ең қолайлы тәсілі. Жұлынның қатты милы

қабатына енгізетін анестетик ( сезімталдықты жоятын препарат). Жатырдан миға баратын ауру сигналдары өтпейді. Оны «перидуральді» анестезия деп те атайды. Инъекция ауру сезімталдығын(анальгезия), жалпы сезімталдықты(анестезия) жояды және бұлшықеттердің әлсіреуіне әкеледі.

Слайд 8

Субарахноидальді кеңістіктегі дуральді муфтысына өтеді де, нерв импульстарының жұлын арқылы таралуы болмайды.

Адам организмінде жұлын және нерв ұштары қатты милы қабатпен қапталған. Эпидуральді аймағы омыртқа бойымен орналасқан. Нервтері мойын, иық, қолдарымен айқасады.

Әсер ету механизмі

Слайд 10

Эпидуральды анестезияны жүргізу техникасы
1901 жылы кокаин препаратын қолданып сегізкөз аймағына эпидуральды

анестезия жасады.Тек 1921 жылы ғана бел аймағына эпидуральды анестезия жасалды.Содан бері анестезияның бұл түрі урологияда,торакальды және абдоминальды хирургияда қолданылатын болды. 1980 жылдардан кейін эпидуральды анестезия кеңінен қолданыс тауып «Акушерлік анестезия» пайда болды.
Босану кезінде жұқа пластикалық түтікшені арқаның төменгі бөлігінің эпидуральды кеңістігіне енгізеді.Жіберілген дәрілік заттар эпидуральды кеңістік арқылы өтетін нервтерді тежеп ауыру сезімін жояды.Әдетте ол үшін жергілікті анестетиктер мен наркотикалық анальгетиктер қолданылады. Енгізілген дәрілік заттардың мөлшеріне байланысты жансыздану әртүрлі болады.Жартылай жансыздандыру кезінде әйел жатыр жиырылуын сезінеді, ал толық жансыздандыру кезінде әйел ешқандай ауыру сезімін сезбейді.Эпидуральды катетерді орналастыру шамамен 10 минут созылады.Енгізілген эпидуральды анестезиядан кейін 10-15 минут соң ауыру сезімі басылады.Эпидуральды катетер босану аяқталғаннан кейін бірден алып тасталынады.
.

Слайд 12

Эпидуральді анестезияның әсері

Слайд 13

Қолданылатын препараттар

Эпидуральді анестезияға ерекше тазаланған және консерванттар қосылған дәрілер қолданылмайды. Эпи- және

субдуральді ерітінділер қолданылады. Ең жиі кездесетін жергілікті анестетиктер— лидокаин, бупивакаин және ропивакаин қолданылады.

Слайд 14

Әсерін жоғарылату үшін опиаттар, соның ішінде морфин, фентанил, промедол, бупренорфин қолданылады. Опиаттардың

дозасы көктамырға, бұлшықетке енгізгенде төмен болады. Опиаттардың жанама әсерлері— құсу, жүрек айну,тыныс алудың қиындауы, бас айналу. 5 мг морфинді көктамырға енгізгенде операциядан кейін 4-6 сағат әсер етеді, ал 1 мг морфинді эпидуральді аймаққа енгізгенде 18-24 сағат әсер етеді.

Слайд 15

Эпидуральді анестезияға ерітінді дайындау үшін мына компонентті — клонидин (клофелин), кетамин қосады.

Оларды артериальді қысым-клофелин қосқанда, галлюцинация болғанда - кетамин жанама әсер шақырмау үшін аз дозада қолданады. Сирек физостигмин қосады. Ол холинергиялық жүйедегі «ауру сезіміне қарсы» (антиноцицептивті) импульстарды күшейтеді.

Слайд 16

Эпидуральді анестезияны жасау техникасы

Эпидуральді және жұлындық анестезия - жасау техникасы және

ауру сезімінің импульстарын өту деңгейінің блокадасы біртекті, яғни ол жұлынның түйіндері. Ол үшін лидокаин немесе бупивакаин қолданылады.
Пункция жасау барысында науқас отырады немесе бір бүйірімен жатады: осы кезде омыртқаларының кылқан (ость) арасы ашылып алыстау үщін науқас адам қатты иелу қажет - инені шаншып, эпидуральді кеңістікке еңгіземізде, анестетікті жібереміз. Жұлындық анестезия кезінде анестетік субдуральді кеңістікке еңгізіледі.

Слайд 17

Эпидуральді анестезияны 3-4 бел омыртқасына бірінші инені, кейін жұмсақ катетер салады. Ол

катетерге анестетикті енгізеді де инені суырып алады.

Слайд 18

Босану кезіндегі эпидуральды анестезияның тиімді жақтары

1 Ананың санасы мен миына ешқандай теріс әсер

көрсетпейді.
2 Босану кезінде туылатын балаға ешқандай теріс әсер көрсетпейді.
3 Босану кезінде ауыру сезімінің шамадан тыс қатты болу салдарынан стресс гормондары адреналин мен норадреналин көп бөлінеді.Ол өз кезегінде босанудың баяулауына алып келеді.Сол себепті эпидуральды анестезия босануды тездетеді.
4 Артериалды қан қысымын түсіреді.Бұл жүктілік кезінде артериалды гипертензиясы байқалған әйелдер үшін өте жақсы.

Слайд 20

Босану кезіндегі ауру сезімі
.

Слайд 21

Босанушы әйелді дайындау:
жоспарлы операция жасалатын күні тамақ ішуді шектеу,қандай дәрілерге аллергиясы барын

анықтау.
Психологиялық дайындық,
Пациентканы тексеріу:
АҚҚ
Дене температурасы
Пульс
ЖҚА (эритроциттер,гемоглобин,лейкоциттер,тромбоциттер), қан тобы мен резус фактор,коагулограмма(фибриноген,протромбин).
Эпидуральды анестезияны жүргізу:
Перифериялық көктамырға пункция жасап катетер енгізу,инфузияға
арналған системаға қосу,АҚҚ анықтау үшін манжетка қою,пульсоксиметр,оттегілік маска.
Қажетті құралдар: спирттік тампондар,анестетик(жиі Лидокаин)физ.ерітінді,пункцияға арналған шприц(5 мл ),катетер (қажеттілігіне қарай),лейкопластырь;
Науқасты дұрыс позицияда отырғызу:отыру немесе басын барынша еңкейтіп бір қырымен жатқызу.
Эпидуральды анестезия жүргізілетін омыртқа бағанасы деңгейін анықтау;
Эпидуральды анестезия жүргізілетін жерді өңдеу;

Слайд 22

эпидуральды анестезияны акушерияда қолдануға көрсеткіштер

Кесар тілігі (жоспарлы: көпнәрестелік жүктілікте,анамнезінде Кесар тілігі

немесе шұғыл:босанушының немесе ұрық жағдайының күрт нашарлауы);
Ауру сезімінің күшті болуы;
Созылмалы нәрестелік гипоксиямен жүретін жүктілік;
Ұрықтың жүрек соғысының күрт өзгеруі;
Босанушы әйелде ауыр соматикалық аурулардың болуы(қант диабеті,гипертоникалық ауру,бронхиалды астма және басқалар);
Ұрықтың дұрыс орналаспауы;
.

Слайд 23

Эпидуральды анестезияны жүргізетін аймақтың іріңді немесе қабыну аурулары(пункция кезінде инфекцияның жайылуына жол ашады);
Инфекциялық

аурулар;
Қажетті аппараттардың жетіспеушілігі;
Анализінде өзгерістердің болуы:қан ұюының және тромбоциттердің төмендеуі(қатты
қан кетулер),жоғары лейкоциттер және басқа;
Босанушының бұл тәсілден бас тартуы;
Омыртқалардың аномалиялары мен патологиясы(қатты ауыру сезімімен жүретін остеохондроз,омыртқа дисктерінің жарығы);
Төмен артериалды қысым (100/60 мм с.б немесе төмен),себебі эпидуральды анестезияда қан қысымы одан сайын төмен түседі;
Жүрек аритмиялары.

Эпидуральды анестезияны жүргізуге қарсы көрсеткіштер

Слайд 24

Эпидуральды анестезияның артықшылықтары

Босанушының санасы анық болады;
Жүрек-қан тамыр жүйесін қалыпты деңгейде сақтайды.
Кейбір жағдайларда мысалы

асқазан толып тұрғанда, наркоз ондай кезде қолданылмайды себебі асқазанның ішіндегілер тыныс алу жолдарына түсу қауіпі туады.;
Тыныс жолдарын тітіркендірмейді( жалпы наркозда интубациялық түтікпен тітіркенеді);
Анестетик қанға түспейтіндіктен ұрыққа токсикалық әсер көрсетпейді;
Гипоксияны тудырмайды;
Ауыру сезімін жеңілдету үшін және ауыр жағдайда Кесар тілігін жасау үшін;
хирургии эпидуральды анестезияны операциядан кейінгі ауру сезіміне қарсы қолданады.  

Слайд 25

Босану кезінде эпидуральды анестетиктерді қолдану кемшіліктері
тамырға көп мөлшерде енгізу қауіпі.Соның салдарынан миға токсикалық

әсер етеді,ары қарай АҚҚ күрт төмендеуіне алып келеді,тыныс жеткіліксіздігі;
Анестетикті енгізу мен операцияның басталу уақытының ұзақтығы ( шамамен 10-20 минут);  
15-17% жағдайларды жеткіліксіз жансыздандыру.Соның салдарынан операция үстінде пациентте және хирургта дискомфорт тууы мүмкін.Сол үшін перифериялық тамырларға қосымша препараттар енгізу.
Инемен немесе катетермен жұлын корешогын зақымдаудан болатын невралогиялық асқынулар.

Слайд 26

Эпидуральды анестезияның салдары мен асқынулары

Инъекция орнынды болуы мүмкін қабыну процесстері( антибиотиктер);
Препаратқа аллергиялық реациялар.Препаратты

енгізуді жедел тоқтатып, аллергияға қарсы дәрілер енгізу(Супрастин, Дексаметазон және басқалары);
Қан қысымының күрт түсуіне байланысты жүрек айну және құсу туады.Қан қысымын дәрігер коррекциялаған соң жойылады;
АҚҚ мен пульстің төмендеуі.Сол үшін инфузияға арналған ерітінділер мен кардиотониктер дайын болуы керек(Эпинефрин, Мезатон және басқалары);
Пункция дұрыс жүргізілмеген жағдайда болатын бас ауруы.Сол себепті пункция жасалғаннан кейін бір тәуләк бойы горизонтальді қалып ұстауы тиіс.Тек екіншікүні ғана төсектен түруға болады. Жұлын каналында қысымның күшеюі жұлын сұйықтығының ағып кетуіне алып келуі мүмкін.Ол өз кезегінде бас ауруын тудырады.

Слайд 27

Спинальды анестезияның эпидуральды анестезиядан айырмашылығы
Спинальды анстезия мен эпидуральды анстезия екеуінің енгізу

орны бір.Айырмашылығы спинальды анстезияда өте жұқа ине қолданылады және жұлын сұйықтығына енгізілетін анестетик мөлшері аз.Анестетикті енгізгеннен соң дененің төменгі бөлігінде бірден жансыздану сезімі пайда болады.Ары қарай пункция жасалған жерді стерильді дәкемен жауып лейкопластырьмен фиксациялайды.Операция кезінде әйелге оттегілік маска кигізеді.
Қандай жағдайларды қолдануға болмайды:
- жоғары бас ішілік қысым;
- ұрық гипоксиясы;
- ОЖЖ аурулары
Спинальды анестезиядан кейін әйелде бас ауруы және бел аймағында ауру сезімі туады.
.
Имя файла: Босану-кезіндегі-регионарлы-анестезия-әдістері.-Эпидуральды-анестезия.-Артықшылықтары-мен-кемшіліктері.pptx
Количество просмотров: 41
Количество скачиваний: 0