Емшара кабинетін санитариялық–індетке қарсы шарамен қамтамасыз ету презентация

Содержание

Слайд 2

Кіріспе:
Негізгі бөлім:
Санитарлық – эпидемияға қарсы тәртіптер
Зарарсыздандыру
Ерекше стерильді аймақ
Қорытынды:
Қолданылған әдебиетер:

Жоспар:

Слайд 3

Санитарлық- эпидемияға қарсы тәртіп дегеніміз аурухана ішілік жұқпаның таралмауын алдын  алуға бағытталған санитарлық- профилактикалық

және эпидемияға қарсы іс- шаралардың жиынтығы. Асептика дегеніміз -пациенттің ағзасына микроорганизмдерді түсірмеуді алдын алуға бағытталған іс шаралар жиынтығы. Ол зарарсыздандыру және залалсыздандыру жолымен микробтар және оның спораларын жою арқылы жүзеге асады.  Ауруханалар үнемі емдеуге және анықталған аурулары бар (мысалы, хирургиялық, терапиялық, инфекциялық, психотерапиялық және т.б) пациенттерді күтуге арналған. Стационар аурухананың негізгі құрылымдық бөлігі болып табылады.

Слайд 4

Палатарлардағы құрал-жабдықтар бөлімшенің саласына және санитарлы нормаға сәйкес келеді. - палаталар бір орынды

немесе бірнеше орынды болып бөлінеді; - алаталарда төсектер (қалыпты немесе фукциональды), төсек маңында тумбочкалар және орындық немесе үстел, пациенттің киімін ілетін шкаф, мұздатқыш, жуынатын орындары; - төсектердің бас жағын қабырғаға жақындатады, төсектердің бір-бірінен ара-қашықтығы бір метрдей шамасында болады, - Пациентпен бекеттегі мейірбикенің арасындағы байланыс сөйлесу құрылымы арқылы немесе жарықты сигнализацияның көмегімен жүзеге асуы тиіс; - стационардың арнайы бөлімшелерінде әр бір төсек орталықтандырылған оттегі беруге және басқа да медициналық аппараттармен жабдықталуы тиіс;

Слайд 6

Қабылдау бөлімшесінің санитарлық, санитарлық-эпидемиологиялық тәртібі:

Қабылдау бөлімшесінде барлық келіп түсетін науқастардың жұтқыншағын қарау, температурасын

өлшеу, сырқатнамасына белгі қоя отырып, педикулезге, қышымаға, дерматомикозға тексеру жүргізіледі. Зертханалық зерттеулер жүргізу үшін көрсеткіштер бойынша биоматериал алу жүргізіледі.
Инфекциялық ауруға күдіктену кезінде пациентті инфекциялық аурулар бөлімшесіне (ауруханаға) ауыстырғанға дейін қабылдау бөлімшесінің жанындағы диагностикалық палатаға оқшаулайды. Науқастар стационарға келіп түскен кезде қабылдау бөлімшесінде санитариялық өңдеуден өтеді және таза іш киімдер, пижама, аяқ киім жиыны беріледі. Стационарда, туберкулезге қарсы ұйымдарда емделіп жатқан науқастарды қоспағанда, науқастардың үй киімімен жүруіне жол беріледі.

Слайд 7

Босанатын бөлімшенің санитарлық-эпидемиологиялық тәртібі

Босанатын әйелге айғақтар бойынша тексеруден кейін немесе әйелдің қалауы бойынша

санитариялық өңдеу жүргізіледі. Жеке босандыру палатасы сұйық сабынмен, антисептикпен, бір рет пайдаланылатын сүлгімен, қол жуу техникасы бойынша қабырғалық көрнекі құралмен, кілемшемен, доппен, швед шкафымен қамтамасыз етіледі. Палаталарда ылғалды жинауға болатын заттарды қолданған жағдайда еркін интерьерге, ана мен бала үшін өзінің таза киімін қолдануға жол беріледі. Босандыру палатасында ауаның температурасы кемінде +250С болуы тиіс. Егер мерзімінен бұрын босану күтілетін болса, ауаның температуры кемінде +280С болуытиіс. Босанғаннан кейінгі бөлімшенің палаталары циклмен, кемінде үш-бес күн болудан аспайтындай етіп толықтырылуы тиіс, үй-жайдың температурасы кемінде 250С болуы тиіс. Ана мен бала бірге болатын палатада жаңа туған нәрестелер үшін жеке балалар төсектері және жаңа туған нәрестелерге арналған құндақтайтын үстел орнатылады. Шала туған балаларға арналған палатада ауаның температурасы +250С – +280С болуы тиіс.

Слайд 8

Инфекциялық аурулар бөлімшесінің санитарлық-эпидемиологиялық тәртібі.

Бөлімшелердің жұмысы палатада пациенттерге қызмет көрсету және медициналық көмек

көрсету қағидаты бойынша ұйымдастырылады. Персоналдың боксқа кіру есігі арнайы киімді ауыстыру, қолды жуу және дезинфекциялау жүргізілетін шлюздер арқылы инфекциялық емес «шартты таза» дәліз арқылы көзделеді. Инфекциялық аурулар бөлімшесінің бокстарында палатаға шлюздерден әйнектелген жақтаулар, шлюзден палатаға тамақ, дәрілік заттар мен киім-кешекті жеткізуге арналған беру шкафы көзделеді. Боксталған палаталарда осы шкафтар дәлізден палатаға ұйымдастырылады. Науқастардың тамақтануы палатада жүзеге асырылады. Ішек инфекциялары бар науқастар жеке таңбаланған түбектермен (астыға төселетін төсеммен) қамтамасыз етіледі, олардың таңбасы науқастың кереуетінің нөміріне сәйкес келеді. Науқастың бөлінділері зарарсыздандырылады.

Слайд 9

Науқастарды тамақтандыруды ұйымдастыруға, медицина персоналының еңбек жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

Денсаулық сақтау объектісінің ас

блогын инфекциялық бөлімшелерден басқа корпустармен және бас корпуспен қолайлы жер асты және жер бетіндегі көлік байланыстарымен қосылған, бөлек тұрған ғимаратта орналастырады. Тағамдарды дайындау кезінде өндірістік үдерістің ағымдылығы қатаң сақталады. Шикізат пен дайын өнімдердің қарама-қарсы ағымына жол беруге болмайды. Шикізатты, тағам өнімдерін тауар көршілестігі қағидаларын сақтай отырып сақтайды. Тоңазытқыш жабдығы болмаған жағдайда тез бұзылатын тағам өнімдерін сақтауға жол берілмейді. Күнсайынғы таратылатын ас мәзірін жасау кезінде «Республиканың мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында тамақтанудың заттай нормаларын және жұмсақ мүкәммалмен жабдықтаудың ең төменгі нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 қаңтардағы №128 қаулысымен бекітілген тамақ нормалары ескеріледі. Ас мәзiрiн әзірлеген кезде өнімдер мен тағамдарды ауыстыру күндерінде емдәмнің химиялық құрамы мен тағамдық құндылығын (құнарлылығын) есептеу жүзеге асырылады. Күнсайын ас блогында дайын тағамның тәуліктік сынамасы қалдырылуы тиіс.

Слайд 10

Терапиялық бөлімшедегі ішкі тәртіптің үлгісі

Слайд 11

Емдеу мекемесінің мейірбикесі әр уақытта таза және ұқыпты болу керек. Жұмыс киімі үстіндегі

киімін толығымен жауып тұру қажет. Шашы толығымен қалпақтың ішіне салынады. Екінші аяқ киімі дезинфекциялауға ыңғайлы, тығыз материалдан тігілу керек. Босандыру бөлімшесінде, инфекциялық бөлімшеде, операциялық блокта емдеу мекемесінен тыс жерлерде жұмыс киімімен және екінші аяқ киіммен жүру үшін арайы екінші киім қажет.
Қорғану киімдерін қолдану ережелері.
Халаттар, алжапқыштар – науқасты күту, инфекцияның таралуын алдын-алу үшін қолданады және оларды науқастың үстіндегі киімі немесе астындағы төсек жаймасы сияқты әрбір емшараны аяқтаған соң ауыстырып отырады.
Қолғаптар –таза және стерильді түрде қолданылады.
Оларды киеді

Слайд 13

Жұмыс орнындағы мейірбике қауіпсіздігінің жалпы шаралары.
Мейірбике міндетті:
1.қолды жуу деңгейін сақтауға
2.қанмен және биологиялық сұйықтықтармен

жанасқан кезде қолғап киюге
3.қолғапты шешкеннен кейін қолын жууға
4.инфицирленген материалдар төгілген немесе шашылған кезде оларды тез арада жинап алуға
5. залалсыздандыру құралдары, тәсілдері және режимі көрсетілген құжаттарға сәйкес науқасты күтуге қолданған құрал-жабдықтарды, қолданған таңу материалдарын залалсыздандыру.

Аурухана ішілік инфекцияны (АІИ) алдын-алу
АІИ-ны алдын-алу мақсатында денсаулық сақтау мекемелерінде мынадай шаралар жиынтығы жүргізіледі:
санитарлы-гигиениалық режим сақталынады
стационарға пациенттерді қабылдау тәртібі сақталынады (жалпы қарау және педикулез табылған жағдайда оны тазарту, дене қызуын өлшеу, стафилакокқа мұрын және аңқадан жұғынды алу).
тазалау, тазалау құралдарын залалсыздандыру және қолдану, оларды сақтауды санитарлы бөлім қадағалайды.

Слайд 14

Зарарсыздандыру, дезактивация (лат. de, франц. des – болмау, болдырмау, жою, төмендету және лат. actіvus – белсенді), әскери істе – әскерлерді радиоактивті заттардың

зарарынан қорғау үшін қару-жарақтардан, киім-кешектерден, азық-түлік пен судан, қорғаныс бекіністері мен қоршаған ортадағы басқа да нысандардан зарарлы заттарды кетіріп, қауіпсіз дәрежеге жеткізу.
Зарарсыздандыру механикалық (жартылай) зарарсыздандыру және химиялық (толық) зарарсыздандыру болып бөлінеді.

Слайд 15

Ерекше стерильді аймақ

Ерекше стерильді аймақ дегеніміз қатал септиканы қажет ететін аймақ. Мұндай аймаққа операция бөлмесін,таңу

0бөлмесін,процедура бөлмесін және қан компоненттерін  дайындайтын  бөлмені  жатқызады. Қан компоненттерін  дайындауға арналған үй-жайлар қатаң түрде мақсатына  байланысты пайдаланылуы тиіс. Осы үй-жайларға  кіру персонал үшін  шектеледі. Өндірістік және зертханалық үй-жайлар басқа үй-жайлардан бөлек орналастырылады, тек арналған мақсаты үшін пайдаланылады және санкцияланған рұқсаты болады. 

Слайд 16

Қанды және қанның компоненттерін сақтау және тасымалдау үшін мынадай «салқын тізбек» шарты сақталады:

Слайд 17

Қорытынды

Жалпы тақырыпты қорытындылай келе денсаулық сақтау объектілерінде қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар санитарлық-эпидемияға қарсы

іс-шараларды ұйымдастыруда улкен рөл атқаратындығын айтуға болады.Ауруханалардағы әр түрлі бөлімшелердің өздеріне тән бағытта қызмет атқаруына байланысты,әр бөлімшеге қойылатын санитарлық талаптар да әр түрлі болып келеді.Бірақ санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың жалпы міндеті аурухана ішілік жұқпалы аурулардың таралмауының алдын алу шараларын ұйымдастыру болып табылады.Санитарлық талаптарды сақтау ауруханалар мен емханалардағы науқастардың сауығуына тікелей әсер етеді.Осы санитарлық талаптардың қатаң түрде сақталуы мен орындалуын мейірбикелер қадағалайды,атқарады.Емдеу мекемелеріндегі санитарлық , эпидемияға қарсы талаптарды қамтамасыз ететін іс-шаралардың бірі-зарарсыздандыру арқылы жүзеге асатын асептика мен антисептика талаптарының орындалуын жүйелі бақылау және қатаң түрде сақтау болып
Имя файла: Емшара-кабинетін-санитариялық–індетке-қарсы-шарамен-қамтамасыз-ету.pptx
Количество просмотров: 18
Количество скачиваний: 0