Шизофрения туралы түсінік. Диагностикалық критерийлері презентация

Содержание

Слайд 2

Жоспары Шизофрения туралы түсінік Диагностикалық критерийлері Типті синдромальды түрлері Атипті түрлері Клиникалық көріністері Диф.диагностикасы Емі.

Жоспары

Шизофрения туралы түсінік
Диагностикалық критерийлері
Типті синдромальды түрлері
Атипті түрлері
Клиникалық көріністері
Диф.диагностикасы
Емі.

Слайд 3

Шизофрения – жиі жас кезде пайда болатын созылмалы психикалық эндогенді


Шизофрения – жиі жас кезде пайда болатын созылмалы психикалық

эндогенді үдемелі ауру.
1911 жылы О.Бейлер «Шизофрения» терминін ұсынған (гр.тілінен schiso-ыдырау, phren – жан деген мағынаны білдіреді ).
Слайд 4

О.Бейлер бойынша шизофренияның диагностикалық критериялары «4А» Аутизм Аффекттің төмендеуі (эмоциональды

О.Бейлер бойынша шизофренияның диагностикалық критериялары «4А»

Аутизм
Аффекттің төмендеуі (эмоциональды кедейлену, апатия)
Ассоциациялар тәртібінің

бұзылуы (ойлау бұзылысы)
Амбиваленттілік
Слайд 5

МКБ-10 бойынша шизофренияға 1 айдан кем емес уақытқа созылған мынадай

МКБ-10 бойынша шизофренияға 1 айдан кем емес уақытқа созылған мынадай психоз

көріністері жатады:

Әсер ету сандырағы немесе басқа тұрақты сандырақ ойлар
Ойлау үрдісінде бөтен араласулар сезімі
Тұрақты вербальды галлюцинациялар (псевдогаллюцинациялар)
Ойлау үрдісі формальды мағынасыз логика мазмұнын алады (резонерлік, үзілу, паралогия, символизм)
Кататониялық синдром
Аутизм, апатия, эмоциональды тұрақсыздық, оғаш қылықтар, әрекетсіздік

Слайд 6

Клиникалық көріністері Әдетте ауру салыстырмалы түрде балалық шақта дұрыс даму

Клиникалық көріністері

Әдетте ауру салыстырмалы түрде балалық шақта дұрыс даму фонында

пайда болады. Науқастанғанға дейін жиі ата-анасына аса жақындық, әдептілік, жеке отырып айналысатын істерге қызығушылық, қиялдауға бейімділік т.б.
Аурудың кенеттен басталуы сирек кездеседі. Аурудың басталуының алғашқы белгісі пациент өміріндегі түпкілікті өзгеріс болып табылады. Ол өзінің сүйікті ісіне қызығушылығын жоғалтады, кенеттен достарына, туыстарына деген көзқарасы өзгереді, тұйықталады, шыдамсыздық, қаталдық танытады.
Слайд 7

Науқас үнемі жаңа қызығушылықтар – психология, философия, поэзия, космологияны зерттеумен

Науқас үнемі жаңа қызығушылықтар – психология, философия, поэзия, космологияны зерттеумен

айналысады.
Науқаста бұрын соңды болмаған діншілдік пайда болады немесе секталарға кіріп не дінге сенімін жоғалтуы мүмкін.
Кейбір науқастар өз денсаулығына аса көңіл бөлуі мүмкін (ипохондрия), түсініксіз диеталар ұстайды. Аурудың басталуында науқастар өзінің өзгергендігіне - «деперсонализация» шағымданады.
Слайд 8

Типті формалары Параноидты Кататониялық Гебефрениялық Қарапайым түрі

Типті формалары
Параноидты
Кататониялық
Гебефрениялық
Қарапайым түрі

Слайд 9

Параноидты формасы Ең жиі кездесетін түрі. Бұл формада бұзылыстардың ішінен

Параноидты формасы

Ең жиі кездесетін түрі. Бұл формада бұзылыстардың ішінен алғашқы

орынға сандырақ шығады. Сандырақтардан (соңына түсу,шығармашылық, ипохондриялық, дисморфоманиялық) жиі кездесетіні әсер ету сандырағы.
Сандырақ пайда болуы алдында аса бағалы идеялар орын алады, олар қысқа уақытта паранояльді синдромға айналады. Сандырақ ойлар тұрақты, науқастар жүйелі дәлелдеп бере алады. Аз уақыттан кейін параноидты синдромға айналады, оның негізгі мазмұны психикалық автоматизм (Кандинский-Клерамбо синдромы) болып табылады.
Слайд 10

Науқастар ерекше бір қашықтықтан әсер ету көздемесі болып табылатындығына сенімді

Науқастар ерекше бір қашықтықтан әсер ету көздемесі болып табылатындығына сенімді (сәулелер,

гипноз, телепатиялар т.б), өздерінің соңына түсушілермен қарым-қатынасқа түседі (псевдогаллюцинациялар).
Слайд 11

Аурудың соңғы сатысында үдей түсетін бейғамдық орын алады – бұл

Аурудың соңғы сатысында үдей түсетін бейғамдық орын алады – бұл

парафренді синдром болып табылады. Әсер ету сандырағына орынсыз ұлылық сандырағы қосылады.
Науқастар өздерінің өзкені жайында адам сенгісіз әңгімелер айтады (конфабуляциялық сандырақ). Сандырақ өзінің реттілігін жоғалтады, науқастар өздерінің сөздеріне дәлел іздеп мазаланбайды.
Бұл форма ағымы жиі үздіксіз үдемелі болып келеді. Жиі 25-40 жаста кездеседі. Эмоциональды ақау біртіндеп басталатындықтан, науқастар әлеуметтік байланыстарын жоғалтпайды, еңбекке қабілетті, жаұясын сақтап тұрады. Ал жасөспірім шақта басталса, керісінше, ауру ағымы қатерлі болады.
Слайд 12

Кататониялық формасы Айтарлықтай сирек кездеседі (1-3%). Люцидті кататония синдромы көрінісінде

Кататониялық формасы

Айтарлықтай сирек кездеседі (1-3%). Люцидті кататония синдромы көрінісінде басты

орын алады. Қозғалыстық бұзылыстар ступор немесе қозу түрінде болады.
Кататониялық ступор – науқастың ұзақ уақыт шаршау сезімінсіз, жиі ыңғайсыз қалыпты сақтайтынымен ерекшеленеді (мысалы, жастықтың үстінде басын көтеріп жатады «ауалы жастық симптомы», басын жаялықпен бүркеп алады «капюшон симптомы», құрсақтағы қалыпты алады). Бұлшықеттер тонусының күрт жоғарылауымен науқастарды қандай да бір қалыпқа келтіруге болады (каталепсия- балауыздық иілгіштік). Жиі примитивті рефлекстер тежеусізденеді (ұстап алу, тұмсық симптомы). Негативизм – инструкцияларды орындамау немесе қарсы әрекет жасау және мутизм – айтқан сөзді түсіну, бірақ сөйлеудің болмауы.
Слайд 13

Бұл жағдай кататониялық қозуға ауысуы мүмкін. Науқастар себепсіз агрессия кқрсетуі

Бұл жағдай кататониялық қозуға ауысуы мүмкін. Науқастар себепсіз агрессия кқрсетуі

мүмкін. Кататонияға әігімелесушінің қимыл-әрекетін, мимикасын, сөздерін қайталау (эхопраксия, эхолалия, эхомимия), айналадағылардың талаптарын орындау тән.
Кейде тағам қабылдаудан бас тарту болады.
Люцидті кататония – қатерлі ағымды шизофренияның бір варианты. Жиі жасөспірім шақта басталып, үдемелі ағыммен өтеді.
Терең апато-абулиялық ақау түзіледі.
Слайд 14

Гебефрениялық формасы Ең қатерлі түрі болып табылады. Балалық немесе жасөспірім

Гебефрениялық формасы

Ең қатерлі түрі болып табылады. Балалық немесе жасөспірім шақта

басталады. Диагноз анықталғанға дейін науқастар айрықшалықпен, инфантильділікпен, нашар үлгеріммен, құрдастарымен тіл табыса алмайтындығымен ерекшеленеді. Кейбір істерге таңдамалы қызығушылық танытады (мағынасыз коллекция, стереотипті ойындар).
Аурудың күрделенген фазасында басты бұзылыс гебефрениялық синдром болып табылады. Ол өнімсіз, мағынасыз қозумен, балаларға тән алаңғасар әрекеттермен, қисаңдаулармен, орынсыз күлкі, негативизммен көрініс береді.
Науқастардың көңіл-күйін бейғам деп бағалауға болады. Науқастар өзгелердің сұраныстары мен кеңестерін тыңдамайды, балағат сөздер айтады.
Слайд 15

Жиі науқастар өз әуестіктерін басқара алмайды, гиперсексуальдылық, мешкейлік бақыланады. Психикалық

Жиі науқастар өз әуестіктерін басқара алмайды, гиперсексуальдылық, мешкейлік бақыланады.
Психикалық

ақау аутизм, апатия және абулияның типті көріністерімен қатар жиі интеллектуалды жеткіліксіздік дамиды. Органикалық зақымдануларға ұқсас ауру үрдісінің қатерлілігі де анықталады.
Еріктің күрт төмендеуі және ауыр апатиядан оларға үнемі күтімді қажет етеді, 1-топ мүгедектік беріледі.
Слайд 16

Қарапайым формасы Өзге варианттердан айырмашылығы аурудың бүкіл ағымында продуктивті симптоматика

Қарапайым формасы

Өзге варианттердан айырмашылығы аурудың бүкіл ағымында продуктивті симптоматика (сандырақ,

қозу, галлюцинациялар) көрініс бермейді немесе әлсіз көрініс береді. Үнемі негативті көрініс басым болады – апато-абулиялық синдром.
Қарапайым шизофренияда ол басты және дара көрінісі болып табылады. Продуктивті симптоматика эпизодты түрде пайда болады, тұрақсыз жиі ем қолданбай-ақ өздігінен жоғалады.
Ауру ағымы ремиссиясыз өтеді.
Слайд 17

Атипті формалары ХАЖ-10 бұл варианттар шизофренияға жатқызылмағанымен, олар жиі шизофрениямен

Атипті формалары

ХАЖ-10 бұл варианттар шизофренияға жатқызылмағанымен, олар жиі шизофрениямен науқастардың

туыстарында кездесуі мәлім және кейбір науқастарда айқын шизофренияға ұласуы мүмкін.
Шизоаффективті психоз – клиникасы бойынша МДП-ға ұқсас. Психоз шыңында онейроид түрінде сана күңгірттенуі мүмкін. Ремиссия кезінде науқас өзінің дертін толықтай түсінеді. Апато-абулиялық синдром дамымайды.
Слайд 18

Шизотипті бұзылыс (баяу ағымды шизофрения) – тек невротикалық деңгейдегі симптомдармен

Шизотипті бұзылыс (баяу ағымды шизофрения) – тек невротикалық деңгейдегі симптомдармен

көрініс береді. Ойлау бұзылыстары жабысқақтықтармен және аса бағалы идеялармен шектеліп, ешқашан сандыраққа ұласпайды.
Невроз тәрізді шизофрения – неврозды еске түсіретін симптомдармен көрініс береді (обсессиялар, фобиялар, ипохондрия, субдепрессия, деперсонализация). Невроздан айырмашылығы ауру көрінісі психотравмалық ситуациямен байланысы жоқ.
Слайд 19

Психопатия тәрізді шизофрения – асоциальды жүріс-тұрыспен, әуестіктердің тежеусіздігімен, орынсыз үйден

Психопатия тәрізді шизофрения – асоциальды жүріс-тұрыспен, әуестіктердің тежеусіздігімен, орынсыз үйден

кетулермен, мотивсіз қаталдықпен көрініс береді. Психопатиядан айырмашылығы жүріс-тұрыспен және жанұядағы қарым-қатынасқа байланысты емес.
Фебрильді шизофрения – өте сирек кездеседі.1-ші ауру ұстамасында немесе бірнеше сандырақтық пссихоздардан кейін пайда болады. Науқас қоршаған ортадан ажыраған күйде болады. Күрделі соматикалық бұзылыстар болады: дене қызуы – 40 С, тахикардия, сусыздану симптомдары, нүктелі қан құйылулар, ми ісіну белгілері.
Слайд 20

Диф.диагностика жиі атипті варианттарында жүргізіледі: Органикалық сандырақтық психоздармен (эпилепсия, жарақаттар,

Диф.диагностика жиі атипті варианттарында жүргізіледі:

Органикалық сандырақтық психоздармен (эпилепсия, жарақаттар, интоксикациялар, ісік,

инфекциялар, дегенеративті аурулар)
Тәуелділік аурулары (алкоголизм, накоманиялар, токсикаманиялар)
Психогенді аурулармен (реактивті параноид, истериялық сандырақ, невроздар)
Эндогенді аффективті психоздар: МДП(биполярлы психоз)
Олигофрениялармен
Слайд 21

Емі Нейролептиктер Психомоторлы қозуда (хлорпромазин, клозапин,сультоприд) Сандырақ, кататонияда (галоперидол, рисперидон,

Емі

Нейролептиктер
Психомоторлы қозуда (хлорпромазин, клозапин,сультоприд)
Сандырақ, кататонияда (галоперидол, рисперидон, оланзапин т.б)
Негативті симптоматикада қазіргі

кезде атипті нейролептиктер (клозапин, рисперидон, сульпирид т.б)
Созылмалы ағымында бірнеше препаратты тағайындау керек
Неврологиялық жанама әсерлер болған кезде паркинсонизмге қарсы заттар: циклодол, акинетон
Қосымша транквилизаторлар, антидепрессанттар, ноотроптар қолданылады.
Имя файла: Шизофрения-туралы-түсінік.-Диагностикалық-критерийлері.pptx
Количество просмотров: 28
Количество скачиваний: 0