Туляремия дами презентация

Содержание

Слайд 2

Жоспар

Туляремия туралы анықтама
Этиология
Патогенез
Эпидемиология
Диагностика
Клиника
Емі
Қолданылған әдебиеттер

Слайд 3

Туляремия

Туляремия – Francisella tularensis қоздыратын, лимфа түйіндерді, теріні, көзді, анқаны, өкпені закымдауымен және

улану симптомдарымен сипатталатын жедел облигатты табиғи-ошақты зоонозды ауру.

Слайд 4

Этиология

Туляремияның қоздырғышы - Francisella tularensis - Francisella туыстығына, Brucellacea тұқымдастығына жатады. Ұсақ, грам

«теріс» кокктар, капсула және спора түзбейді, құрамында соматикалық О- және капсулалық Vi- антигендері бар, ферментативті қасиеті әлсіз.

Слайд 5

Қоздырғыш сыртқы ортада ұзақ уақыт сақталады. Өзен суында 4° температурада – 1 ай,

0° - 9 ай; топырақта – 2,5-4 ай; бидай, шөпте - О° төмен температурада – 6 ай, 20-30° - 20 күн, ауру және өлген жануарлардың терісінде 8-12° температурада – 1 айдан жоғары.

Слайд 6

Патогенезі 1. Жұқтыру сатысы

Инфекцияның кіру қақпалары – тері, шырышты қабықшалар.
Кіру қақпасының локализациясы

аурудың клиникалық түріне әсер етеді. Осы жерде біріншілік аффект пайда болуы мүмкін – бір бірін ауыстырып дамитын дақ, папула, көпіршік, пустула, жара.

Слайд 7

2. Лимфогенді таралу сатысы

Қоздырғыш лимфогенді жолдарымен регионарлы лимфа түйіндеріне жетіп, көбейіп, қабыну процесс

тудырады (лимфаденит). Бактериялар ыдырағанда эндотоксин бөлініп, жергілікті патологиялық процестер дамиды. Біріншілік бубон пайда болады.

Слайд 8

3. Бактериемия сатысы

Лимфа түйінінің қорғаныс қасиеті төмендегенде, қоздырғыш қанға түсіп, жайылмалы турлері дамып,

токсико-аллергиялық өзгерістер айқын көрінеді.

Слайд 9

4. Гематогенді диссеминация

4. Гематогенді диссеминация бойынша қоздырғыштар паренхиматозды ағзаларда – бауырда, көкбауырда, өкпеде

ошақтанады. Гранулемалар пайда болады. Олар ақшыл-сары түсті, көлемі 1-4 мм. Гранулема ортасында некроз ошағы эпителиалді клеткалармен, лейкоциттермен лимфоциттермен қоршалған. Туберкулездік гранулемаларға ұқсайды. Соңынан олар некрозданып, дәнекер тіндермен алмасады. Гранулематозды процесс лимфа түйіндерінде айқын көрініп, іріңдеп, өзі тесілуі мүмкін.

Слайд 10

Барлық сатыларының дамуы міндетті түрде емес. Инфекциялық процесс кез келген сатысында тоқтап қалу

мүмкін.

Слайд 11

Эпидемиология

Аурудың көзі. Туляремия – облигатты зооноз, табиғи ошақтық ауру. Аурудың көзі және резервуары

– жануарлар. Табиғатта аурудың резервуары: кеміргіштер, егеуқұйрықтар, қояндар,ондатра.

Слайд 12

Табиғи ошақтардың 7 түрін ажыратады:
батпақтық,
қоғалдық,
ормандық,
далалық,
таулы-шатқалды,
тоғайлық,
тундралық.
Берілу

жолдары:
- трансмиссивті (негізгі)
- контактілі
- алиментарлы
- аэрогенді

Слайд 13

Диагностика

Шеткі қанда: нейтрофилді лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарлау. Соңынан лейкоцитоз лейкопенияға алмасады, лимфомоноцитоз.
Бактериологиялық әдісімен Francisella

tularensis бактриясын бөліп алу. Науқастан алынатын материал: жараның бөлінділері, лимфа түйіннің пунктаты, қан, қақырық, анқаның жағындысы.

Слайд 14

Серологиялық әдістер: АР – 1:100, ТГАР. Жұпты сары су зерттелгенде антиделердің титрі 4

есе жоғарлауы қажет.
ПТР
Биологиялық әдіс – науқастан алынған патологиялық материалдарды ақ тышқандарға, теңіз шошқаларына енгізеді, олар туляремиядан 3-10 күннен кейін өледі. Өлген жануарлардың лимфа түйіндерінен, бауыр, көк бауыр, қанынан жағынды жасалып, қоректік ортаға себеді.

Диагностика

Слайд 15

Клиникасы

1.Жасырын кезеңі - 3-5 күн (2-3 аптаға созылуы мүмкін).
2.Бастапқы кезең
3. Өршу кезеңі
4. Айығу

кезеңі
Ауырлығы бойынша – жеңіл, орташа ауыр, ауыр түрлері
Ағымы бойынша – жедел, баяу, рецидивті түрлері.

Слайд 16

Жалпы симптомдары:
Қызба 38-40° ремиттерлеуші, интермиттерлеуші, дұрыс емес, тұрақты, толқын тәрізді сипатта болуы мүмкін.

Жиі кездесетін түрі – ремиттерлеуші қызба, ол 2-3 толқын болуы мүмкін. Ұзақтығы – 2-3 аптаға.
Қалтырау, бас ауру, бұлшық еттерінің ауруы, жалпы әлсіздік, анорексия. Науқастың беті ісінкі, қызарып тұрады, конъюнктивит, склерит. Экзантема болуы мүмкін – эритематозды, дақты- папулезді, розеолезді, петехиалді. Салыстырмалы брадикардия, АҚ төмендейді. Бауыр, көкбауыр ұлғаяды.

Клиникасы

Слайд 17

Клиникалық түрлері - жұғу жолдары

Бубонды - тері, шырышты қабықша арқылы 
жаралы-бубонды - тері, көздің

шырышты қабықшалары арқылы 
көз-бубонды - тері, көздің шырышты қабықшалары арқылы 
ангинозды-бубонды - ауыз арқылы 
абдоминалді - ауыз арқылы 
өкпелік – бронхит, пневмония - тыныс жолдары арқылы 
жайылмалы немесе біріншілік сепсистік - кез келген жұғу жолдары

Слайд 18

Емі

Этиотропты ем
Қалайтын препараттар:
Стрептомицин – 0,5х2 рет, өкпелік, жайылмалы түрлерінде 1,0х2 рет

бұлшық ет ішіне;
Гентамицин 5мг/кг бұлшық ет ішіне, көк тамыр ішіне;
Жаңа аминогликозидтер: сизомицин 0,1х3 рет, нетромицин, амикоцин

Слайд 19

Альтернативті препараттар:

Доксициклин 100 мг тамыр ішіне 12 сағат сайын
Ципрофлоксацин 400 мг тамыр

ішіне 12 сағат сайын
Хлорамфеникол (левомицетин) 15 мг/кг тамыр ішіне 6 сағат сайын
Цефалоспориндер
Емдеу курсы қызба кезеңі бойы және қалыпты температура кезеңі бойы 5-7 күн.

Слайд 20

Патогенетикалық ем:

- интоксикациямен күресу
- С және В топты витаминдер
- десенсибилизация

- қабынуға қарсы қолданатын препараттар
- жергілікті ем: компресс, майлы танғыштар, солюкс, диатермия, хирургиялық ем.
Имя файла: Туляремия-дами.pptx
Количество просмотров: 19
Количество скачиваний: 0