Құтыру кезінде шаралардың стандарттары және алгоритмдері презентация

Содержание

Слайд 2

Жоспары
Кіріспе бөлім
Құтыру
Негізгі бөлім
Қүтыру аурудың стандарттары және алгоритмдері
Қорытынды бөлім
Тарихи деректер

Жоспары Кіріспе бөлім Құтыру Негізгі бөлім Қүтыру аурудың стандарттары және алгоритмдері Қорытынды бөлім Тарихи деректер

Слайд 3

Құтыру– бұл нерв жүйесін ауыр зақымдаумен өтетін және өліммен аяқталатын табиғаты вирустық ең

қауіпті инфекциялық аурулардың бірі.
Құтыру бүкіл әлемнің 150-ден астам елінде кездеседі. Әлемде жыл сайын құтырудан 60 000-нан астам адам, орташа алғанда әрбір 10 минутта бір адам, негізінен Азия мен Африкада өледі.
Болжалды құтырған жануарлар тістеген адамдардың 40%-ы – бұл 15 жасқа дейінгі балалар.
Құтырудың әртүрлі табиғи типтері бар, жабайы жануарлар құрайтын (қасқыр, түлкі, жанат ит, ши бөрі, ақтүлкі, сасықиісті, мангуст, жарқанат) ошақтар және құтырудың қалалық типі (иттер, мысықтар, ауыл шаруашылығы малы) бар. Әлемдегі адамдардың құтырудан өлуінің көп жағдайлары инфекция жұқтырған иттің тістеуі нәтижесінде болады (99%-да).
Жыл сайын әлемде 29 миллионнан астам адам құтырудың дамуын болдырмау үшін профилактикалық ем (вакцинация) алады, бұл сарапшылардың бағалауынша жыл сайын құтырудан болатын өлімнің 327 000 жағдайын болдырмауға мүмкіндік береді.
Болжалды құтырған жануармен байланыстан кейін бірнеше сағат ішінде жарақатты жуу және иммундау жасау құтыру мен өлімді болдырмайды.  

Құтыру– бұл нерв жүйесін ауыр зақымдаумен өтетін және өліммен аяқталатын табиғаты вирустық ең

Слайд 4

Хайуандарда;
Бір түрлі күйде болады, кейде сұлық жатады, мазасызданады, ашуланшақ болады;
Аузы көбіктенеді — ішіп-жей

алмайды;
Жанына жолағанның бәрін қауып, тістеуі мүмкін
Хайуан 5 күн 7 күннің аралығында өледі
Адамдарда;
Тістеген жер ауырып, ысиды;
Алқынып демалады, түрі жаңа гана жылаған адам сияқты болады;
Ауырсынып және қиналып жутынады, аузының сілекейі қоюланып, желімдесе береді;
Адамды үрей билейді, ашуланшақ келеді, құтырынып, алас урады;
Өлім алдында талма үстап, дене құрысып сал болып қалады.

Құтырудың белгілері

Хайуандарда; Бір түрлі күйде болады, кейде сұлық жатады, мазасызданады, ашуланшақ болады; Аузы көбіктенеді

Слайд 5

Өтуі мен симптомдары;
Жасырын кезеңі бірнеше күннен бір жылға дейін, кейде одан да

арттыққа созылады, әдетте 2-3 апта аралығындай болады. Оның ұзақтығы құтырған жыртқыштың тісінен болған жарақаттың шамасы мен түскен орнына, вирустың мөлшері мен уыттылығында, таланған малдың төзімділігіне байланысты. Инкубациялық кезең жас төлде ересек малға қарағанда әдетте қысқарақ болады. Құтырық жіті өтетін ауру. Әр түрлі жануарларда оның клиникалық белгілері ұқсас болады, әсіресе иттің құтыруы жан-жақты зерттелген. Итте құтырық өршіген және бәсең түрде өтеді. "Өршіген құтырықтың" 3 кезеңі болады:
Біліне бастаған;
көтерліген;
дел*дал.
Біліне бастаған кезең 12 сағаттан 3 тәулікке дейін созылады, бұл кезде жануардың мінезінің өзгеруі байқалады. Ит көңілсіз немқұрайлы болып, қараңғы бұрышқа немесе үйшігіне тығылады, иесінің шақыруына ықылас білдірмейді. Кей жағдайда иесіне тым еркелеп, қолын бетін жалауға тырысады.Бұл кезде иттің сілекейінде вирус болтаныдықтан, өте сақ болған жөн.

Өтуі мен симптомдары; Жасырын кезеңі бірнеше күннен бір жылға дейін, кейде одан да

Слайд 6

Алдын алу

Құтыруды деп сезік туғызған кез келген хайуанды өлтіріп, көміп тастаңыз (немесе бір

апта бойы үйшікте ұстаңыз);

Ауырған сияқты көрінген немесе мінезінде өзгеріс болган кез келген хайуаннан бала-ларды аулақ үстаңыз.

Иттерді вакцина жасау жөніндегі шараларға қатысыңыз;

Алдын алу Құтыруды деп сезік туғызған кез келген хайуанды өлтіріп, көміп тастаңыз (немесе

Слайд 7

Құтырудың алдын алу бойынша стандарттары және алгоритмдері

Құтырудың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға

қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын талаптар жеке және заңды тұлғалардың (жануарлар иелерінің) мынадай шараларды сақтауы болып табылады:        1) өздеріне тиесілі иттер мен мысықтарды ауданның (қаланың) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының немесе мемлекеттік ветеринариялық дәрігерінің ұсынымы бойынша клиникалық тексеру және антирабиялық вакцинамен сақтандыру екпелері үшін ветеринариялық емдік-профилактикалық ұйымдарға жеткізу;        2) құтыруға қарсы егілмеген иттерді жеке аулаларға, фермаларға, үйірлерге, отарларға және табындарға жіберуді шектеу;        3) ауыл шаруашылығы және үй жануарларын жабайы жыртқыштар, иттер немесе мысықтар тістеген жағдайда, ауруға күдікті немесе тістелген жануарларды оқшаулауға қажетті шаралар қабылдау. 
 Адамдарды немесе жануарларды тістеген иттер, мысықтар және басқа да жануарлардың (құтырудың айқын белгілері бар жануарлардан басқа) иелері немесе қараусыз қалған иттер мен мысықтарды ұстайтын арнайы бригада оларды ветеринария мамандарының 10 күнтізбелік күн ішінде оқшаулауы мен бақылауы үшін тез арада жақын ветеринариялық емдеу ұйымына жеткізеді. 

Құтырудың алдын алу бойынша стандарттары және алгоритмдері Құтырудың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы

Слайд 8

Жеке және заңды тұлғалар өз жануарларын құтыруға қарсы уақтылы вакцинациялауды және диагностикалауды қамтамасыз

етеді. Профилактикалық егулерді жүргізу туралы актіге олардың иелерінің деректерін (аты-жөнін, мекен жайын) көрсете отырып, вакцинацияланған иттер мен мысықтардың тізімдемесі міндетті түрде қоса беріледі. Жануардың паспортына тиісті белгілер қойылады.
Құтыру бойынша эпизоотологиялық қолайсыз аймақтарда ауыл шаруашылығы жануарларын (ірі қара мал, ұсақ мал, жылқы, түйе), иттер мен мысықтарды құтыруға қарсы жоспарлы профилактикалық иммундеу жүргізіледі
Құтыруға зерттеу жүргізу үшін зертханаға ұсақ малдан – жаңадан өлген өлексені немесе басын, ал ірі малдан – жаңа өлген өлексенің басын жібереді
Емдеу-профилактикалық иммундау курсын мемлекеттік медициналық ұйымдар құтыру вирусын жұқтыру тәуекеліне ұшыраған адамдарға вакциналарды қолдану жөніндегі нұсқаулықта (ережеде) көзделген тәртіппен және мерзімде жүргізеді
Медициналық ұйымдар құтыру вирусын жұқтыру тәуекеліне ұшыраған адамдарды травмотологиялық пункттерге немесе хирургиялық кабинеттерге жібереді, ауылдық жерлерден зардап шеккендерді (сондай-ақ антирабиялық егулер курсын жалғастырудан жалтарғандар) медициналық көлікпен жеткізуді жүзеге асырады.

Жеке және заңды тұлғалар өз жануарларын құтыруға қарсы уақтылы вакцинациялауды және диагностикалауды қамтамасыз

Слайд 9

Құтыру өте ерте заманнан, адамзаттың мәдени тарихи қалыптаса бастаған кезден белгілі. Ол туралы

мәліметтер Вавилонның б.з.д. 2300 жылы жасалған заңдар жинағында кездеседі. Демокрит иттің құтырығын жан-жақты баяндаса, Аристотель әртүрлі жануарларға құтырықтың ит қапқанға жұғатындығын жазды. І.Есенберлиннің "Алтын Орда" романында Әмір Темірдің Алтын Орданың болашақ ханы Тоқтамыстың құтырған ит талаған әйелі мен баласын өртетіп жібергені суреттелген. Құтырған ит сілекейінің жұғымталдығын алғаш рет тәжірибе жүзінде 1804 жылы Францияда Цинке дәлелдеді. Оның отандасы Лион ветеринария мектебінің профессоры В.Гальте үй қоянына құтырық жұқтырып, қойды ауырған жануардың сілекейімен иммундеуге тырысты. Бұл деректерді пайдаланған Л.Пастер үй қоянының миына бірнеше рет өткізу арқылы аурудың қоздырушысын әлсіретіп, өзінің дүниежүзіне әйгілі вакцинасын алды. Құтырық қоздырушысының вирус екендігін бұдан көп кейін 1903 жылы Ремленже мен Риффат-бей делелдеді.

Тарихи деректер

Құтыру өте ерте заманнан, адамзаттың мәдени тарихи қалыптаса бастаған кезден белгілі. Ол туралы

Имя файла: Құтыру-кезінде-шаралардың-стандарттары-және-алгоритмдері.pptx
Количество просмотров: 23
Количество скачиваний: 0