Жұмсақ тіндердің іріңді процесстері презентация

Содержание

Слайд 2

Кіріспе Негізгі бөлім Жұмсақ тіндердің іріңді аурулары Этиология Клиникалық көріністері Асқынулары Диагностика Хирургиялық көмекті ұйымдастыру Жоспары

Кіріспе
Негізгі бөлім
Жұмсақ тіндердің іріңді аурулары
Этиология
Клиникалық көріністері
Асқынулары
Диагностика
Хирургиялық көмекті ұйымдастыру

Жоспары


Слайд 3

Инфекция дегеніміз – микроорганизмдердің макроорганизмге енуі, оның ішінде көбейіп, қоздырғыш

Инфекция дегеніміз – микроорганизмдердің макроорганизмге енуі, оның ішінде көбейіп, қоздырғыш тасымалдаушылыққа, дертке

соқтыратын күрделі өзара әсерлесу комплексі.
Іріңді инфекцияның қоздырғыштарын ғылыми түрде К. Косһ (1878ж.) зерттеп, бактериялардың өзіндік спецификасы туралы ілімнің негізін салып кетті. Іріңді материалды жануарларға егу арқылы іріңді процестер жасап, олардың әрқайсысының өзіне тән қоздырғыштары бар екенін дәлелдеген К. Косһ болды.
Хирургиядағы инфекция дегеніміз – көптеген дерттер мен операциядан кейінгі асқынулар. Бұл патологиялық процестер мыналар:
Іріңді дерттер.
Жедел хирургиялық ауруларда болатын іріңді-бұзылыстық процестер.
Ашық және жабық жарақаттар кезіндегі іріңдеулер.
Операциядан кейін дамитын инфекциялық асқынулар.

Кіріспе

Слайд 4

Іріңді инфекцияның жіктелуі

Іріңді инфекцияның жіктелуі

Слайд 5

Жұмсақ тіндер хирургиялық инфекциясын 4 дәрежелі тереңдікке бөледі:

Жұмсақ тіндер хирургиялық инфекциясын 4 дәрежелі тереңдікке бөледі:

Слайд 6

Жергілікті іріңді ауруларға теріде және шелде пайда болатын аурулар жатады.

Жергілікті іріңді ауруларға теріде және шелде пайда болатын аурулар жатады.
Оларға

шиқан, сыздауық (фурункул), көршиқан (фурункулез), карбункул – сом , ит емшек (гидраденит), іріңдік (абсцесс), шелдің жайылымды қабынуы (флегмона), тілме (рожа) ,түйнеме-күйдіргі (сибирская яза) эризипилоид аурулары жатады. Осы аурулардың бәрін біріктіретін жайлар бар. Ол клиникалық белгілері. Мәселен, қызару, ауырсыну сезімі, дене қызуының көтерілуі, ісіну, мүше қызметінің нашарлауы сияқты жағдайлар барлық ауруларға бірдей белгілер.

Жергілікті іріңді аурулар

Слайд 7

Жіктемесі

Жіктемесі

Слайд 8

Этиологияоық фактор бойынша жіктемесі: инъекциядан кейінгі, жарақаттан кейінгі жəне т.б.

Этиологияоық фактор бойынша жіктемесі: инъекциядан кейінгі, жарақаттан кейінгі жəне т.б.
Қауіп-қатерлі факторлар
Қауіп-қатерлі факторлар: жеке

гигиена ережелерін сақтамау. Генетикалық бейімділік, иммунитеттің төмендеуі.
Слайд 9

Абсцесс дегеніміз - Жіті жəне созылмалы ошақты инфекцияларда пайда болатын

Абсцесс дегеніміз - Жіті жəне созылмалы ошақты инфекцияларда пайда болатын жəне сол

ошақта тіндердің қалыпты құрылымының бұзылуына əкелетін (көбіне перифокалді ісікпен бірге жүретін), қапшықпен шектелген іріңдік. Тері мен тері асты шелмайының абсцестері: сыздауық, көршиқан. Қоздырушысы: Staphylococcus aureus.

Абсцесс

Слайд 10

теріге жақын орналасқан абсцесте қабынудың жергілікті белгілері (терінің қызаруы, ісінуі,

теріге жақын орналасқан абсцесте қабынудың жергілікті белгілері (терінің қызаруы, ісінуі,

жергілікті температураның көтерілуі, солқылдатып ауруы, ауырған мүшенің функциясының бұзылуы) айқын көрінеді, кейде тері жұқарып  флюктуация (бүлкілдеу) симптомы пайда болады.
Абсцесс қуысындағы іріңнің түріне, консистенциясына, иісіне қарап қоздырғыштардың түрлерін анықтауға болады:
сасық, сұр түсті ірің шірікті қабыну тудыратын микрофлораға тән болса,
сарғыш – жасыл ірің стафилококқа,
иісі тәтті, көкшіл – жасыл түсті іріңдікті  көкірің таяқшасы тудырады.
Көлемді абсцесте  іріңді интоксикация (іріңді – резорбциялық қалтырау синдромы) салдарынан  науқастың жалпы жағдайы нашарлайды, дене қызуы көтеріліп, әлсізденеді, тәбеті төмендеп, басы ауырады.

Клиникалық көріністері

Слайд 11

Қан анализдерінде: лейкоцитоз, нейтрофилез, лейкоциттік формула солға жылжып, ЭТЖ өседі.

Қан анализдерінде:
лейкоцитоз, нейтрофилез, лейкоциттік формула солға жылжып, ЭТЖ өседі.
Абсцесті

гематома, киста, ыдыраған қатерлі ісіктерден ажырата білу керек.
Диагнозды анықтауда науқастың шағымдары, анамнезі, сырқаттың жергілікті және жалпы көріністеріне сүйене отырып, арнайы тәсілдерді қолданады.
Ең нәтижелі тәсіл –  абсцесті пункциялап, алынған сұйықтықты бактериологиялық зерттеуге жіберу. 
Ішкі мүшелер мен тіндерде терең орналасқан абсцестерді анықтап, пункциялау үшін ультрадыбыс, рентгендік зерттеулерді жиі қолданады.

Диагностика

Слайд 12

Абсцестің емі: асептика заңын сақтай отырып, пункция жасау, іріңді эвакуациялау,

Абсцестің емі: асептика заңын сақтай отырып, пункция жасау, іріңді эвакуациялау, қуыста тұрған иненің

бойымен іріңдікті тіліп ашу, қуысын антисептик ерітінділерімен жуып, силикон түтікшелері, марля томпондарымен дренаждау. Жалпы ем хирургиялық іріңді инфекцияларды емдеу принциптеріне сәйкес жүргізіледі (қан, плазма құю, антибиотиктер тағайындау, иммундық терапия жүргізу).

Абсцестің емі

Слайд 13

- түкті фолликулдың жəне оны қоршаған тіндердің Жіті іріңді-некроздық қабынуы.

 - түкті фолликулдың жəне оны қоршаған тіндердің Жіті іріңді-некроздық қабынуы. Одан

əрі қабыну май бездеріне жəне қоршаған дəнекер тіндерге ауысады. Көбінесе терінің ластануға (білек, қол ұшының сырты) жəне үйкеліске (мойынның артқы беті, бел, бөксе аймағы, сан) жиі ұшырайтын аймақтарында байқалады.
Қоздырушысы көбінесе Staphylococcus aureus, сирек Staphylococcus pyogenes albus.

Сыздауық (фурункул)

Слайд 14

Клиникалық көрінісінде: шаш түбінде инфильтрат, ортасында болар болмас іріңдік (пустула),

Клиникалық көрінісінде: шаш түбінде инфильтрат, ортасында болар болмас іріңдік  (пустула), айналасында гиперемия

анықталады.
Инфильтрат жұмсарып, іріңдеп жарылады, қанды ірің мен өліеттенген шаш түбірі сыртқа шығады, орнында 2-3 күнде тыртықтанып бітетін, жара пайда болады. Егер де тері жабындысында фурункулдан тараған қызыл жолдар, жолақтар пайда болса, регионарлы лимфа бездері шошынса, ол инфекцияның жайылып, лимфа тамырларының, лимфа бездерінің қабынуымен (лимфангиит, лимфаденит) асқынуының   белгісі. Бетте орналасқан фурункул өте қауіпті: іріңді тромбофлебит, менингит, сепсиспен септикопиемиямен асқынуы мүмкін.

Клиника

Слайд 15

Фурункулды консервативті емдеуден бастайды, қабыну ошағын 70% этил спирті, 2%

Фурункулды консервативті емдеуден бастайды, қабыну ошағын 70% этил спирті, 2% салицил

спирт ерітінділерімен сүртіп, УЖЖ, т.б. физиопроцедуралар жасалады. Іріңдеу кезеңінде, іріңдікті тіліп ашып, өліеттерден тазартып, антисептиктермен жуып, жара тазарғанша протеолиттік ферменттер, натрий хлордың 10% ерітінділеріне малынған дәке (марля), резина дренаждар қойылады, жараны ультракүлгін сәулесімен қыздырады.
Тазарған жараларды антисептикалық майлармен таңу салып, емді жалғастырады. Операциядан кейінгі жара емдеу нәтижесінде жетіліп, тыртықтанып жазылады (9-сурет). Фурункулдың лимфангиит, лимфаденит, тромбофлебит, менингит, сепсиспен асқынған түрлерінде науқастарды жедел ауруханаға жатқызып, антибиотиктер, сульфаниламидтер, инфузиялық, иммундық терапиялар жүргізіледі

Емі

Слайд 16

- тері мен тері асты клетчаткасының ауқымды некрозы пайда болуына

- тері мен тері асты клетчаткасының ауқымды некрозы пайда болуына əкелетін

бірнеше түкті фолликулдар мен май бездерінің Жіті іріңді-некроздық қабынуы. Көршиқан көбінесе мойынның артқы бетінде, жауырын аралық жəне жауырын аймағында, белде, бөкседе, сирек қол, аяқта дамиды. Қоздырушылары - Staphylococcus aureus немесе стафилострептококктық инфекция, сирек стрептококк.

Көршиқан (карбункул) 

Слайд 17

Көршиқан кезінде – бастапқысында тез ұлғайатын беткейлік пустуламен кішірек қабынбалық

Көршиқан кезінде – бастапқысында тез ұлғайатын беткейлік пустуламен кішірек қабынбалық инфильтрат

пайда болады. Тіндердің ширығуы пальпация кезіндегі кенеттен ауырсынуларға алып келеді, сонымен қатар кеңейген, өзіндік ауырсынулар. Инфильтрат аумағындағы тері ширыққан жəне ісінген. Некроз ошағының үстіндегі эпидермис бірнеше жерден жарылған, бірнеше тесіктер түзіледі ("сито"), олардан қою жасыл сұр түсті ірің шығарылады. Тесіктерде некроздалған тіндер көрінеді. Жеке тесіктер бірігеді, теріде үлкен ақаулар түзіледі, олардан көптеген ірің жəне некроздық тіндер бөлінеді. Температура 40 С дейін көтеріледі, аздаған уыттану байқалады (жүрек айну жəне құсу, тəбеттің жоғалуы, қатты бас ауырулар, ұйқысыздық, сирек жағдайда сандырақ жəне естүссіз жағдай).

Клиника

Слайд 18

Шиқан кезінде операция сирек жасалады. Бірақ іріңді-некроздық діңгектің нашар шығуы

Шиқан кезінде операция сирек жасалады. Бірақ іріңді-некроздық діңгектің нашар шығуы кезінде

теріні өткір скальпельмен кеседі. Шиқанды кесуге болмайды, себебі іріңді инфекция өзге қоршаған тіндерге жайылуы мүмкін. Шиқанды қатты басуға жəне қабынба ошағына массаж жасауға қатаң тиым салынады.
Шиқан кезінде консервативті ем тиімсіз болса, үдемелі уыттану операция жасау үшін көрсетім болып табылады. Операция наркозбен жүргізіледі жəне операцияның мəні шиқанды некроздың барлық қалыңдығы арқылы, өмірге қабілетті тіндерге дейін крест тəрізді кесуде. Натрий хлоридінің гипертониялық ерітіндісімен, Вишневский майымен жəне өзге де антисептиктермен таңу.

Емі

Слайд 19

Слайд 20

Флегмона – дерма мен оның астындағы тіндердің бактериялық инфекция болуына

Флегмона – дерма мен оның астындағы тіндердің бактериялық инфекция болуына байланысты

дамитын жайылмалы қабынуы. Қабынудың жергілікті белгілерімен (тері қызуының жоғарылауы, қызару, ауыру сезімі, лимфангит болуы) қатар жүйелік клиникалық белгілер (қызба, лейкоцитоз) жиі көрініс табады.

Флегмона

Слайд 21

Ауру температураның 38-40оС-қа жоғарылауымен жедел басталады. Тез интоксикация белгілері басталады.

Ауру температураның 38-40оС-қа жоғарылауымен жедел басталады. Тез интоксикация белгілері басталады. Мазасыздық

əлсіздікке ауысады. Терісі сұр түске енеді, мəрмəр суреті пайда болады. Жиі беткей дем алу, тахикардия, жүрек тондарының тұйықталуы, қанда лейкоцитоздың жоғарылауы байқалады. Аурудың алғашқы сағаттарында-ақ теріде қызарған жəне тығыздалып шектелген, пальпация жасағанда ауыратын аймақ пайда болады. Зақымдалған ошақтың терісі ыстық жəне қыртыстанбайды. 8-12 сағаттан кейін зақымдалған аймақ 2-3 есе үлкейеді, сол жердің терісі көгереді, қоршаған тіндердің ісінуі пайда болады.
Біртіндеп инфильтрация ошағының ортасында жұмсару пайда болады. Кейбір жағдайда тері некрозы пайда болып, ауқымды жаралық кемістік түзе отырып терісі түсіп қалады. Жараның түбі сұр түсті, некрозданған шелмай қалдықтары көрінеді, жиектері тесілген, тегіс емес, түйіршіктер жоқ. Жараның мұндай түрі жағымсыз болжам туралы ойлауға итермелейді. Жағымды ағым кезінде некрозданған тері түсіп қалғаннан кейін өлшемі үлкен емес (диаметрі 3-6 см) жаралар пайда болады, олар біртіндеп түйіршікке толып, жиектері эпителилене бастайды. Əрі қарай жаралық кемістіктің орнында көбінесе дөрекі тыртық пайда болады, ол кеуде торының деформациясына, бел лордозы мен кифозына əкеледі де, баланың жасы өскен сайын үдей береді.

Клиника

Слайд 22

Жалпы жансыздандыру арқылы теріде зақымдалу ошағы үстінде жəне сау терімен

Жалпы жансыздандыру арқылы теріде зақымдалу ошағы үстінде жəне сау терімен шекарасында

шахмат тəртібімен көптеген тіліктер жасайды. Тіліктің ұзындығы 1-1,5 см, тереңдігі теріасты шелмай қабатына дейін жетуі тиіс. Кейін натрий хлоридінің гипертониялық ерітіндісімен немесе антисептикпен (фурацилин, диоксидин, хлоргексидинтиоглюконат, калий перманганаты) 2-3 сағатқа таңғыш салады. Келесі таңу кездерінде процестің таралуын бақылап отырады, қажет болса қосымша тіліктер жасайды. 
Тері некрозында жəне шекаралық (демаркациялық) сызықтар пайда болғанда некрэктомия жүргізеді. Жараны некроздық массалардан жəне іріңнен тазалағаннан кейін жақпа маймен таңғыш салады. Емдеу барысында физиотерапиялық шаралар жүргізіледі (УФО, УВЧ жəне т.б.), сонымен қатар түйіршіктердің өсуі мен эпителиленуі консервіленген плацента, фибринді пленка, жараны ультрадыбыспен, лазер сəулесімен өңдеу арқылы жүзеге асырылады.
Жергілікті еммен параллель интенсивті ем жүргізіледі, оның құрамында дезинтоксикациялық, антибактериялық жəне иммуностимулдеуші шаралар болуы тиіс. Ұзақ уақыт массивті антибиотикотерапия қолданғанда микоз пайда болуының алдын алу жəне емдеу үшін итраконазол оралді ерітіндісі 5 мг\кг\күніне, 10 күн бойы тағайындалады

Емі

Слайд 23

Гидраденит (Hydradenitis; гректiң hidros – тер + аden – без

Гидраденит (Hydradenitis; гректiң hidros – тер + аden – без +

itis; синонимі: тубероздi абсцесс, hydradenitis phle gmonosa, аЬsсеssus sudoripfrus (Verneuil) staphulodermia suppurativa; ескi атауы – сучье вымя) – терiнiң майлы безiнiң, маңындағы тері астышел қабатымен бiрге iріңдi қабынуы, колтық асты шұңқырмен кейде шап аймағына таралады. Көбiнесе алтын түстес стафилококкпен түзіледі.

Гидраденит

Слайд 24

Ауру күйдiре қышынудан, ауырсыну сезiмi аз және қолтықасты шұңқырында ыңғайсыздық

Ауру күйдiре қышынудан, ауырсыну сезiмi аз және қолтықасты шұңқырында ыңғайсыздық

сезiнуден басталады. Одан кейiн тығыз, шектелген iрiңдi инфильтрат терiден жарты шар тәрiздi томпиып шығып, ақырындап едәуiр (1-1,5 см.) мөлшерге жетедi. Алдымен ошақтың үстi қызарып, инфильтратпен жабысып, кешiрек қою-қызыл түске айналады. Содан кейiн түйiн жұмсарып, оның ортасында абсцесс флюктуация түзейдi. Ошақты кесiп ашқанда аздаған мөлшерде қаймаққа ұқсас iрiң бөлiнедi. Бiр ғана гидрадениттiң циклы орташа алғанда 10-15 күнге созылады.
Гидрадениттiң рецидивті ағымы кезiнде (2-4 аптадан кейiн) түзiлген бiрiншілiк ошақ тыртығы айналасында қайтадан гиперемия, iсiк және айқын ауырсыну сезiмi, осы тұста қозғалыстар бiрден шектелгені байқалады. Инфильтрат ендi үлкен көлемдi, тығыз және терең болады. Көп жағдайда iрiңдi процесс флегмоноздық түрде дамиды. Науқастың жалпы жағдайы бiршама зардап шегедi. Дене қызуы субфебрильдi, мазасыздану, қалтырау, бас ауруы, лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарылау белгiлерi болады. Инфильтратта орналасатын көп микроабсцестер ошағына кесiп-ену және iрiңдi жою қорытынды ем бермейдi, сол күйiнде қалады және iрiңдi процесс ары қарай дамиды. 2-3 күн iшiнде дене қызуы жоғарылайды.
Зақымдануда терi асты шел қабатының ұзақ некролизi, тоқтаусыз iрiң ағуымен жалғасады. Айналасындағы тiндердiң инфильтрациясы азаймайды. Операциядан кейiн жарақат толық жабылып бiткеннен кейiн де, қатты және ауырсыну сезiмi сақталатын инфильтрация қалады.

Клиника

Слайд 25

Слайд 26

Науқастар қолтық асты шұңқырындағы көлденең тыртықты, қабыну процесiмен стационарға қайта

Науқастар қолтық асты шұңқырындағы көлденең тыртықты, қабыну процесiмен стационарға қайта

келiп түседi. Аурудың флегмонозды ағымы кезiнде iрiң шандыр асты беткейi мен қолтық асты шұңқырының тері асты шел қабатына таралуы мүмкiн. Өте асқынып кеткен жағдайда немесе адекваттық дренаждау жасалмаса, субпекторальдық флегмонаның даму қаупi бар.
Қолтық асты шұңқырында бiрiншiлiк инфильтрат пайда болса, бiрiншi сағаттарда ылғалды тез кептiретiн жартылай спирттi таңғыштар тағайындалады. Бұл кезеңде лимфатропты антибио тиктермен 3-5 күн аралығында емдесе нәтижелi болады. Майлы таңғыштар жылу және физио терапиялық емдер инфильтратты күшейтiп, ошақтағы абсцесс тез арада дамуына көмектеседі. Түзiлген абсцесс кезiндегi операцияда iрiңнiң инцизиясы және эвакуациясымен шектелмеу керек.
Қуысқа Фолькман қасығымен хирургиялық кюретаж жасалу керек.
Операциядан кейiнгi енгiзулер жарақатта ашық әдiспен жасалынады. Аурудың рецидивтi ағымы кезiнде көптеген операциядан кейiнгi тыртықтар және терi асты шел қабатының инфильтра циясының болуында хирургиялық ем екi этапта жүргiзiлу керек. Бiрiншi этапта жалпы жансыздандыру және қолтық асты шұңқырының терi қатпарларындағы ошақты iрiңге кесiп ену қатар жүргiзiледi.
Инфильтрацияланған терi асты шел қабаты кесiп алынып тасталады. Жарақатқа операциядан кейiнгi енгiзулер ашық, мiндеттi түрде регионарлық әдіспен антибиотиктер жіберіледi.

Емі

Слайд 27

Госпитализациялауға көрсетімдер: көршиқан, флегмона. Профилактика Біріншілік профилактика: жеке гигиена ережелерін

Госпитализациялауға көрсетімдер: көршиқан, флегмона.
Профилактика
Біріншілік профилактика: жеке гигиена ережелерін сақтау, иммунитетті жоғарылату.
Профилактикалық

шаралар: сүтқоректілердің тістеуінен кейін антибиотиктерді профилактикалық қолдану, жараны алғашқы хирургиялық емдеу, инфекциялық асқынулардың алдын алу үшін антибиотикотерапия тиімді.
Əрі қарай жүргізу, диспансерлеу принциптері: жоқ.

Госпитализация

Имя файла: Жұмсақ-тіндердің-іріңді-процесстері.pptx
Количество просмотров: 69
Количество скачиваний: 0