Туристік бизнестің басқару негізі. Туристік фирманың менеджменті презентация

Содержание

Слайд 2

Жоспар:

Туристік фирманың менеджменті
Туристтік қызметті мемлекеттік реттеудің принциптері
Туристтік ұйымның маркетингтік стратегиясы
Туристтік қызметті лицензиялау

Слайд 3

Қазіргі басқару жүйесі қарапайым жəне икемді болуы керек.Бірдей əрі мінсіз басқару моделі болмайды, өйткені "əрбір туристік фирма өзінше  керемет" —деп туризм саласындағы мамандар дұрыс пікір  айтқан. Олардың пікірінше əрбір туристік мекеме  өз  моделін  іздестіру  керек, мəселен америкалық ком-паниялардың көбі жылына бір рет ұйымдастыру жұмы-сына өзгерістер енгізіп тұрады. Қазіргі  туризм  мене-джменті  саласындағы туристік мекемелердің іс-əрекеттерін жəне ұйымдастыру ерекшеліктерін еске-руі керек. 

Слайд 4

Туристік мекемені басқарудың келесідей  ерекше сипаттары болады: 
туристік ісәрекетті (шаруашылықты) жоспарлағанда ең алдымен туристердің мүд-делерін, қажетін жəне тілектерін ойластыру керек;  —қазіргі əлемде сауықтыру жəне даму құралы ретінде туризмнің маңызы өте зор болғанымен, ол экономика, экология, саясат конъюнктурасына өте тəуелді, сондықтан да туристік өнім тіршілік үшін ең бірінші қажеттілік болған емес; —туристік салада маркетингтің маңызы едəуір жоғары, себебі, туристік қызмет көрсетуші өз тауарының үлгісін туристің көз алдына келтіре алмайды, сондықтан да ол өзінің тауары(қызметі) туралы дəлел табуы керек, бұл тек жақсы жүйеге қойылған маркетингпен ғана орындалады; — туристік қызмет мəні жағынан өзінің ешбір аспектісінде қайталанбайды. Тіптен бір фирманың екі турының өзі бір бағытпен өтетін қызметтерінің мəні жағынан бірбіріне ұқсамайды (сапар бағыты, көрсетілетін қызметі, көлік құралдары, барған еліндегі оқиғалар жəне т. б.). Туристік фирманың құрылу ережелерін оның алдына қойған мақсаттары мен стратегиясы анықтайды. Туристік фирманың мақсаты оның  жарқын болашағы. Туристік мекемелер мақсаттарына байланысты  үш топқа бөлінеді:экономикалық, фирмалық жəне əлеуметтік. Экономикалық  мақсаты табыстың ұзақ мерзімге жоғары деңгейде болуы жоспарланып, орындалуын көздейді.Фирмалық мақсаттары фирманың атағын  шығарып, абырой беделін (жердің, аймақтың, елдін атағын) жақсартады. Əлеуметтік мақсаттары табыстары төмен халықтар үшін туристік өнімдерді өндіруді,дамытуды міндетіне алад. 

Слайд 5

Қазақстан  Республикасында  туристiк  қызметтi  мемлекеттiк  реттеудiң негiзгi принциптерi мыналар болып табылады:   1)  туристiк  қызметке  жəрдемдесу  жəне  оның  дамуы  үшiн  қолайлы жағдайлар жасау;   2)  туристiк  қызметтiң  басым  бағыттарын  айқындау  жəне  қолдау;   3) Қазақстан Республикасы — туризм үшiн қолайлы ел деген  түсiнiктi қалыптастыру;   4)  Қазақстан  Республикасының  туристерi  мен  туристiк  ұйымдарының  жəне  олардың  бiрлестiктерiнiң  қауiпсiздiгiн,  құ- қықтарын  қорғауды  қамтамасыз  ету,  сондай-ақ  олардың  мүд- делерi мен мүлкiн қорғау. 

Слайд 6

Туристік  маркетинг — бағдарламасында  бірінен  кейін  бірі  келетін келесідей кезеңдер қарастырылады:

бірінші кезең: нарық зерттеулері мен талдаулары негізіне қарай қысқа жəне ұзақ мерзім-дік  аспектілер белгіленеді, жеке меншіктік  жəне бəсекелік туристік өнімдерге ұсыныс  пен сұраныстар; 

екінші кезең: өзінің жеке ұсынысыныңсəйкес жəне туристік  нарыққа шығу мүмкіндігіне кешенді  сауда саясатының мақсаты белгіленеді

үшінші кезең:  алға  қойылған  мақсатқа  жету-дің əрекеттері белгіленеді

төртінші кезең: таңдау жұмыстарын жүргізіп,аралас өткізу құралдарын пайдаланады — өнімді безендіру, бағалау, сатуға көмектесу, тарату жолдары, жарнама, экскурсиялық  қызмет көрсету жəне т. б

Слайд 7

Туристердiң  құқықтары  мен  мүдделерiн  қорғау мақсатында Қазақстан  Республикасында туропе-раторлық, турагенттiк, қызмет, туризм нұсқаушы-сы көрсететiн қызметтер лицензияланады.  
Туроператорлар мен турагенттер лицензия алу үшiн  тур- оператордың жəне турагенттiң азаматтық-құқықтық  жауапкершiлігiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасуы қажет. Сақтандыру тəртiбi мен шарттары  Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен айқындалады.  

Слайд 8

Туристiк қызмет саласындағы сертифи- каттау мен стандарттау  

1. Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен тiзбеге сəй- кес  Қазақстан  Республикасында  туристiк  индустрияда  қызмет  көрсету мiндеттi сертификаттауға жатады.   2.  Стандарттау,  метрология  жəне  сертификаттау  жөнiндегi  өкiлеттi  орган  белгiлеген  мемлекеттiк  стандарттардың  мiндеттi  талаптары  Қазақстан  Республикасының  заңдарына  сəйкес  айқындалады.   3.  Стандарттау,  метрология  жəне  сертификаттау  жөнiндегi  өкiлеттi  орган  туристiк  қызмет  саласындағы  өкiлеттi  органның  ұсынысы  бойынша  ұйымдардың  туристiк  қызмет  саласындағы  сертификаттау  жөнiндегi  жұмыстарын  жүргiзу  құқығын  аккре- дитациялауды жүзеге асырады

Имя файла: Туристік-бизнестің-басқару-негізі.-Туристік-фирманың-менеджменті.pptx
Количество просмотров: 167
Количество скачиваний: 1