үлгіде болғанмен , нақты бір елдің жүйесін емес, керісінше батыстық педагогикамен үйлестіріп, өзіндік білім жүйесін жасауға қол жеткізді. Жапондықтар ең бірінші өздерінің ұлттық құндылықтарын жоғары бағалайды. Олар білімге деген құштарлығымен танылған ұлт, ондағы білім жүйесі оқушы бойында да тиісті адамгершілік ережесін қалыптастырып, ұлттық сипаттағы қасиеттерді дамытады. Жапон елінде имандылық пен өнегелікке , патриоттыққа тәрбиелеу ең маңызды мәселе болып табылады.
Жер бетіндегі әр ұлттың мақсаты –өз ұрпағының бойында адамдық қасиет, ұлттық рұх пен мәдениеттің күш - қуатын қалыптастыру, ұлттың болмысын, оның өмір сүру тәсілі мен тәжірибесін, тәрбие ықпалының жолы мен бағытын ұғындыру. Тек ұлттық құндылықтарымызды сақтау арқылы еліміздің білім мен саясатының ұлттық-рухани дамуына, білім жүйесінің жетілуіне қоғамда өзіне лайықты орын алатын білімді болашақ тәрбиелеуге ,озық қоғам құруға қол жеткізуге болады.
Оқушы бойында ұлттық құндылықтарды құрметтеуге мысал келтірейік